ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Benzer belgeler
ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

Prof.Dr. Osman Horata

Prof.Dr. Osman Horata

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

Prof.Dr. Osman Horata

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

İ İ İ ü ü ğ ş İş ç ç ş ğ ğ ü İ ü ü ü ü ğ ş ş ğ ç ş ş ö ğ ö ü ş ö ö ş ğ ğ ğ ş ç ş ç ğ ç ğ ş ç ğ ç ş ş İ ç ç ş ç ş ğ ö çü ğ ş ğ ğ ğ ş ğ ş ç ç İ ç ş ş ğ

Prof.Dr. Osman Horata

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

Sempozyum Düzenleme Kurulu / Симпозиум Ұйымдастыру Комитеті / Symposium Organization Committee

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

Тақырыбы: I дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясы (Түркия).

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

AVRASYA ARAŞTIRMA ENSTİTÜSÜ FAALİYETLER

Балама энергия көзіне балама заң керек

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

KZI BANK ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

Қордың жылдары атқарған қызметі

YENİ UYGUR ALFABESİ. Hazırlayan: İsa SARI / Türk Dili ve Edebiyatı Bölümü Ders Notları / / Sayfa: 2/5

а а а а а мэкъэзещ ünlü a a а б б б б мэкъэзэращ ünsüz b b b в в мэкъэзэращ ünsüz v v v г г г г мэкъэзэращ ünsüz g g гỳ гỳ IуыпшIэ макъ dudaksı gù

республикалық апталық газет

Mustafa ARSLAN. Assoc.Prof.Dr., International Black Sea University, Faculty of Education and Humanities, Department of Turkish Philology.

«Рекреация» сөзі поляктың regreacia демалу, латынның regreation күш

MÂTURÎDİ TEOLOJİ VE ANA KAYNAKLARI *

YENİ KÜRESEL GERÇEKLER BAĞLAMINDA KAZAKİSTAN IN YENİ SOSYAL POLİTİKASI

Ders I Kırgız Türkçesi Genel Bilgi

Transkript:

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Literature of the Kazakh Diaspora: Formation, Development and Oversight Акерке Б. Жолмаханова (A. B. Zholmakhanova) * Gazi Türkiyat, Bahar 2018/22: 215-223 Öz: Makalede Kazak diasporası edebiyatının oluşumu, gelişimi ve özellikleri üzerinde durulmaktadır. Yazar, yabancı ülkelerde Kazak diasporalarının oluşumu, manevi ve kültürel yaşam tarzlarını incelemekte; dış ülkelerde Kazak edebiyatının oluşum ve gelişim aşamalarını çalışmaktadır. Kazakistan bağımsızlığını kazanana kadar edebiyat tarihi ile teorisi, araştırmacılar için bu konunun açığa çıkmamış sırrını ortaya çıkarıp, diaspora edebiyatının tarihini çalışmayı modern edebiyat çalışmaları önündeki temel mesele olarak görüyordu. Çin Kazaklarının tarihi ve kaderinin anlatıldığı K.Zhumadilov'un Kader, Son Göç romanları, K. Tolybayev in Varlık romanı, Zhanat Akhmadiyev'in "Panik", "Aksilik" diyaloğu, S. Abylkasymov ın "Ospan batyr", Sh. Kumar ın Boke batyr ", K.Shabdanuly'nin Suç romanlarının analizi yabancı ülkelerdeki Kazak şair ve yazarların edebi eserlerinin tarihi önemlerini gösterir. Çin'deki Kazak şairleri N. Mingzhani, K.Ospanuly, T. Zholdyuly, O. Aitanuly vb., Moğolistan Kazakları T.Kabulov, Akyt Hacı, A., Babiyuly, K. Mukhamediuly vb. kişilerin şiirlerinin analizi sırasında onların Kazak sözlü edebiyatı ile bağlantılı olduğu söylenir. Makale, diaspora literatürüyle ilgili çeşitli tez çalışmaları ve edebi çalışmaları analiz etmektedir. Anahtar Kelimeler: diaspora, Kazak edebiyatı, tarih, göçmen, göçmen edebiyatı, tür, poetika, diaspora edebiyatı. Түйіндеме: Мақалада қазақ диаспоралық әдебиетінің қалыптасуы, дамуы және өзіндік ерекшеліктері туралы сөз болады. Автор шетелдердегі қазақ диаспорасының қалыптасуын, олардың рухани-мәдени өмір салтын зерттей отырып, шетелдердегі қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдерін зерделейді. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихы мен теориясын зерттеушілер үшін бұл тақырыптың жабық болу сырын аша отырып, диаспоралық әдебиет тарихын зерттеуді қазіргі әдебиеттану ғылымы алдындағы өзекті мәселе ретінде қарастырады. Қытай қазақтарының тарихы мен тағдыры суреттелген Қ. Жұмаділовтің «Тағдыр», «Соңғы көш» романдары, Қ. Толыбаевтың «Әсет» романы, Жанат Ахмадиевтің «Дүрбелең», «Шырғалаң» дилогиясы, С.Әбілқасымовтың «Оспан батыр», Ш.Құмардың «Бөке батыр», Қ.Шабданұлының «Қылмыс» романдарын талдай отырып, шетелдердегі қазақ ақын-жазушыларының көркем шығармаларының тарихи-деректілік маңызын ашады. Қытайдағы қазақ ақындары Н.Мыңжани, Қ.Оспанұлы, Т. Жолдыұлы, О.Айтанұлы т.б., Моңғолия қазақтары Т.Қабаұлы, Ақыт қажы Үлімжіұлы, А.Бабиұлы, Қ.Мұхамедиұлы т.б. поэзиялық шығармаларын талдау барысында олардың қазақ ауыз әдебиетімен сабақтастығы айтылады. Мақалада диаспоралық әдебиетке байланысты қорғалған бірнеше диссертациялық жұмыстар мен әдеби зерттеулер талданған. * Phd докторант Кызылординского государственного университета им.коркыт Ата, Казахстан, ул.желтоксан 40, erke_zh@mail.ru, Phd student of the Korkyt ata Kyzylorda State University, 120014, Kazakhstan, Zheltoksan Str., 40, erke_zh@mail.ru, Gönderim Tarihi: 13.11.2017 / Kabul Tarihi: 15.04.2018

216 Ж о л м а х а н о в а / G a z i T ü r k i y a t, B a h a r 2 0 1 8 / 22: 2 1 5-2 2 3 Кілт Сөздер: диаспора, қазақ әдебиеті, тарих, эмигрант, эмигрантық әдебиет, жанр, поэтика, диаспоралық әдебиет, ирридент. Abstract: The article deals with the formation, development and features of the Kazakh diaspora literature. The author studies the formation of Kazakh diasporas in foreign countries, studying their spiritual and cultural lifestyle, studying the stages of formation and development of Kazakh literature. The theory of literature and history before independence, reveals the secrets of this topic which was to be closed for researchers to study the history of the diaspora literature as the key issue in front of the modern literary studies. The history and destiny of Chinese Kazakhs described in K.Zhumadilov's novels as "Destiny", "The last movement", K. Tolybayev's novel "Asset", analysis of novels of Zhanat Akhmadiyev "Panic", "Scratch" dialogue, "Ospan batyr", by S. Abylkasymov, "Boke batyr" of Sh.Kumar, K.Shabdanuly's novels Crime, which shows the artistic works of Kazakh poets and writers abroad of historical significance. The Kazakh poets in China as N. Mingzhani, K.Ospanuly, T. Zholdyuly, O. Aitanuly, etc., Kazakhs of Mongolia T.Kabulov, Akyt Haji, Zhumagulov A., Babiyuly K., Mukhamediuly. In the analysis of poetry works it is said that they are connected with Kazakh folklore. The article analyzes several dissertation works and literary studies related to diaspora literature. Keywords: literary, diaspora, genre, diaspora, romance, emigration, Kazakh diaspora, history, emigration literature, Kazakh literature. Ғылымның қоғам дамуына ілесіп, оның жаңаша талаптарына жауап беріп отыруы заңды. Өйткені ғылым жаңашылдығы - сұраныстың, қажеттіліктің нәтижесі. Бұл ғылымның техника, технологиялық саласына ғана емес, саяси, қоғамдық, гуманитарлық салаларына да қатысты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ ғылымының алдында да жаңа талаптар тұрды. Соның бірі шетелдердегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салты, әдебиеті мен мәдениеті, этнографиясы, қоныс аудару себептері мен кезеңдері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу еді. «Өйткені тәуелсіздік алғанға дейін шетелдердегі қазақтардың мәдениетін зерттеу былай тұрсын, қоғамдық ғылымдар жүйесінде Отанымыздан тысқары тұратын қандастарымыздың мәселесімен айналысатын диаспорология саласы да болған жоқ» [1.5]. Оның бірнеше себептері болуы мүмкін. Бірінші және ең басты себебі, кеңестік идеология Одақтас Республикалар құрамындағы ұлттардың тарихын зерттеуге барынша тиым салуы еді. Соның салдарынан отандық ғалымдар үшін қазақ диаспорасы мен ирриденттері туралы зерттеу «жабық» тақырып болды. Екіншіден, отандық мұрағаттарда шетелдегі қазақтар туралы деректер тым аз болды. Деректердің басым бөлігі алыс-жақын шетелдердің мұрағаттарында болғандықтан, қазақ ғалымдарының бұл тақырыпта жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндіктері болмады. Дегенмен, шетелдердегі қазақтар туралы там-тұмдап болса да зерттеулер болды. Бірақ ондай зерттеу жұмыстарымен шетелдік ғалымдар айналысты. Шығыс елдерін мекен еткен қазақтар туралы деректерді 1950 жылдарға дейінгі орыс және шетелдік ғалымдардың, саяхатшылардың, географтардың күнделік-

Қ а з а қ Д и а с п о р а л ы қ Ә д е б и е т і : Қ а л ы п т а с у ы, Д а м у ы Ж ә н е Е р е к ш е л і к т е р і 217 жазбалары мен естеліктерінен кездестіруге болады. Сонымен бірге шетелдерге қоныс аударған қазақтардың естеліктері де болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғалымдар ғылымда да еркін, азат ойлау мүмкіндігіне қол жеткізді. Соның нәтижесінде ұлт тарихындағы ақтаңдақ беттер қайта ой елегінен өтіп, жаңаша көзқараспен қайта зерделене бастады. Қоғамдық ғылымдарда жаңа бағыт шетелдердегі қазақтар мәселесін зерттеу жүргізіле бастады. Әдебиеттану ғылымында да шет елдердегі қазақ әдебиеті, шетелдердегі қазақ фольклоры, диаспоралық әдебиет сынды жаңа, тың тақырыптар зерттеу нысанына айналды. Бірнеше кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, монографиялар жазылды, ғылыми жобалар жүргізілді. Қазіргі кезде әлемнің 40-тан астам мемлекетінде төрт миллиондай қазақ өмір сүруде. Олардың тарихи Отанынан қоныс аударуының әр түрлі жолы, себептері бар. Шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың басым бөлігі Ресейдің Астрахань, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай автономиялық облысы, Қытайдың Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа, Моңғолияның Баян Өлгий аймағындағы, Өзбекстанның Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырзашөл аудандарында. Сондай-ақ, Түркия мемлекеті мен Орта Азия республикаларында, Еуропа елдеріне де қазақтар бар. Қазақтар көп шоғырланғандықтан әдебиеттану ғылымында Қытай мен Моңғолия қазақтарының әдебиеті туралы зерттеулер басым. Шет елдердегі қазақ әдебиеті жалпы қазақ әдебиетінің үлкен құрамдас бөлігі. Әсіресе, Қытай мен Моңғолия қазақтарының әдеби туындылары ұлтымыздың жүріп өткен жолынан сыр шертетін көркем дүниелер. Бұрыннан қалыптасып дамыған отандық әдебиеттің шығармашылық дәстүр сабақтастығын сол елдегі диаспоралық әдебиет ерекшеліктерімен біртұтас қарастырып, зерттеу әдебиеттану ғылымының алдындағы өзекті мәселенің бірі екендігі анық. Шетел қазақтарының шығармалары жанрлық жағынан да бай, күрделі. «... Құйындай құбылмалы күндерде жат жұрттық болып кеткен қазақтардың тарихы, әдебиеті туралы үндемей келдік. Олардың тағдыр-тарихын рухани дүниесін білуге ырық беріп, ыңғай танытпадық. Сөйтіп, сырттағы қазақ диаспорасының әдебиеті ақтаңдақтар қатарында қалып келді»-деген профессор З.Сейітжанұлының пікірі осындай өзекті мәселені айта алғандығымен құнды [2.185]. Мәселен, қытай қазақтарының тарихы мен тағдыры суреттелген Қ. Жұмаділовтің «Тағдыр», «Соңғы көш» романдары, Қ. Толыбаевтың «Әсет» романы, Жанат Ахмадиевтің «Дүрбелең», «Шырғалаң» дилогиясы, С.Әбілқасымовтың «Оспан батыр», Ш.Құмардың «Бөке батыр», Қ.Шабданұлының «Қылмыс» романдары шетелдердегі қазақ әдебиетінің даму үрдісінен хабар береді.

218 Ж о л м а х а н о в а / G a z i T ü r k i y a t, B a h a r 2 0 1 8 / 22: 2 1 5-2 2 3 Қазақ табиғатынан ақынжанды халық. Ауыз әдебиеті үлгілерінен нәр алған халық әдебиеті негізінен поэзия жанрында дамыды. Бұл үрдіс шетелдердегі қазақ әдебиетінен де анық көрінеді. Қытайдағы қазақ ақындары Н.Мыңжани, Қ.Оспанұлы, Т. Жолдыұлы, О.Айтанұлы т.б., Монғолия қазақтары Т.Қабаұлы, Ақыт қажы Үлімжіұлы, А.Бабиұлы, Қ.Мұхамедиұлы т.б. осы елдердегі қазақ поэзиясының өкілдері. «Шетелдерде тұратын қазақтар бүкіл ұлттық әдебиеттің ажырамас құрамдас бөлігі болған диаспоралық әдебиетті қалыптастырып дамытуға тарихи-әлеуметтік жағдайлар өзінен-өзі ықпал етті де, осылайша өрісі кең, көркемдігі қуатты Қытайдағы қазақ әдебиеті және Монғолиядағы қазақ әдебиеті қалыптасты» [3.10] Ендеше, шетелдердегі қазақ әдебиеті, әдеби үдеріс, шығармашылық лаборатория, суреткерлік шеберлік, диаспоралық әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктері мен даму жолдары әдебиеттану ғылымында зерттеу нысанына айналуы заңды еді. Қазақ ғалымдары Тұрсынбек Кәкіш, Зұфар Сейтжанов, Мұхтархан Оразбай, Бекқожа Жылқыбек т.б. осы өзекті тақырыпқа бірнеше ғылыми мақалалар мен зерттеу еңбектерін жазды. Дүкен Мәсімханұлы «Қытай қазақтары поэзиясындағы ұлттық идея» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады [4.143]. Зерттеу жұмысы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы қытай қазақтары ақындарының шығармашылығына арналған. ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялылары өздерінің тәуелсіз мемлекет құру жолындағы арман-мақсаттарына Кеңестік империя мүмкіндік бермегеннен кейін, осы мақсаттарын Шығыс Түркістанда жүзеге асыруға ұмтылды. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б қазақ зиялылары Шығыс Түркістанда А.Үлімжіұлы, Ә.Найманбаев, К.Маралбай, Ж.Шайхсламұлы, Т.Жолды, Ш.Әлғазы, Д.Шалғынбай т.б. қытайдағы ұлт-азаттық күресінің қайраткерлерімен тізе қосты. Бұдан басқа да қытай қазақтары бірнеше рет ұлт азаттығы жолында көтерілістер жасады. Тарих сахнасында небары төрт жыл ғана (1945-1949 жылдар) өмір сүрген «Шығыс Түркістан Республикасы» осындай азатшыл идеяның нәтижесі еді. Диссертациялық зерттеуге қытай қазақтарының поэзиясындағы азатшылдық идеясы ХХ ғасырдың басындағы Қытай Халық Республикасындағы саясиәлеуметтік жағдайлармен, тарихи деректермен салыстырыла, байланысты қарастырылған. Зерттеу еңбегінде «А.Үлімжіұлы, Ә.Найманбай, Ж.Шайхсламұлы, К.Маралбай, Т.Жолды, А.Татанай. О.Айтан қатарлы ақындардың өлең-толғауларындағы ұлт-азаттық идеяның халықты оятудағы атқарған теңдессіз рөліне баса мән беріп, терең талдау жасалған» [4.14]. Моңғолияның Баян Өлгий аймағына қазақтар осыдан жүз елу жылдай бұрын қоныстанғандығы туралы тарихи деректер бар. «Қазақтың бір тобы Алтайдың Қобда бетіне келіп, мұңғұл жерін мекен ете бастаған тұсы 1860 жылдар» [5.298] деген пікірді жоққа шығара алмаймыз. Арада бір жарым ғасырға жуық уақыт

Қ а з а қ Д и а с п о р а л ы қ Ә д е б и е т і : Қ а л ы п т а с у ы, Д а м у ы Ж ә н е Е р е к ш е л і к т е р і 219 өтсе де олардың тұрмыс тіршілігі, кәсібі, өмір сүру дағдысы көп өзгеріске түспегендігін байқаймыз. Орналасқан жердің жағдайына байланысты Моңғолия қазақтарына Батыстың да, Шығыстың да әсері болды. Соған қарамастан, Байөлке қазақтары қаймағы бұзылмаған ұлттық орта ретінде сақталды. Жеке аймақ болып өмір сүрген қазақтар әдет-ғұрпы, салт-санасы, тілі мен дінін сақтай отырып, өздерінің рухани мұраларын да дамытты. Халық әдебиеті негізінде біртіндеп жазба әдебиеті туып, дамыды. Өйткені тілі мен ділі бұзылмаған ұлт бар жерде әдеби үдерістің болуы заңды. «Моңғолия қазақтарының жазба әдебиеті 1940 жылдардан бастап бойы көрсетіп, бұл күндері шығармашылық тұрғыдан қалыптасып, толысқан әдебиетке айналды» [6.85]. Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму үдерісіне зерделей қарағанда халықтың тұрмыс-тіршілігін, тағдырын, арман-аңсарын, заман шындығын арқау-желі еткен, өзіндік дәстүрімен ерекшеленетін әдеби мектеп қалыптасқандығына көз жеткізуімізге болады. Монғолиядағы қазақ әдебиеті елуінші жылдардың екінші жартысынан бастап дамудың жаңа жолына түсті. Д.Қалаубайұлы, К.Қамарұлы, А.Алақанұлы, ИүБайбатырұлы, К.Жаңжұқұлы, К.Ілиясов, Т.Құрманмолдин, Қ.Жұмаханов, Р.Зұрғанбайлы, З.Мәулітұлы, Ш.Қатшанұлы, Я.Ілиясов т.б. ақындар алды жеті, сегіз, соңы бір, екі кітап шығарып, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосқан сөз өнерінің иелері. Осы әдеби ортада қалыптасып, шыңдалған, шығармаларының мазмұндық, идеялық тереңдігі, стильдік-көркемдік деңгейімен дараланатын ақынның бірі Кәкей Жаңжұқұлы. Еркегүл Арыққарақызының «Моңғол қазақтарының поэзиясы және Кәкей Жаңжұқұлының шығармашылығы» тақырыбындағы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациялық жұмысы осындай өзекті тақырыпты зерттеуге арналған. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары 2012-2014 жылдары жүзеге асырған «Шетелдердегі қазақ әдебиеті» гранттық жобасы осы бағытта жасалған сүбелі еңбектің бірі. Жоба аясында негізінен Қытай, Моңғолия мемлекеттеріндегі қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығына талдау жасалынған. Жобаға аталған мемлекеттердегі қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығын зерттеу нысаны етіп алудың да өзіндік себептері бар. Бірінші себеп, қазақ диаспоралық әдебиеті негізінен қазақтар тығыз орналасқан Қытай, Моңғолия елдерінде қалыптасып, дамыды. Әлемдік ғаламдану жағдайында да қазақ диаспоралық әдебиеті тоқырауға ұшығана жоқ. Басқа мемлекетте, бөтен ортада болғандығына қарамастан өзге мәдениеттер ықпалында кетпей, ұлттық өркениет құндылықтары ауқымында дамып, жаңа заман ағысымен, жаңа ұлттық сипатта өркендеп келеді. Қытайдағы, Моңғолиядағы қазіргі қазақ әдебиеті қай жанрда болсын, көркемдік қуаты мол, өзекті әдеби тақырыпты көтере алған шығармаларымен ерекшеленеді. Екіншіден, бұрынғы Кеңестер Одағында болған Өзбекстан, Түркменстан, Ресей сияқты ұлт республикаларында қазақтар көп қоныстанғанымен дәл Қытай мен Моңғолиядағыдай диаспоралық әдебиет

220 Ж о л м а х а н о в а / G a z i T ü r k i y a t, B a h a r 2 0 1 8 / 22: 2 1 5-2 2 3 қалыптастыра алған жоқ. Үшіншіден, Түркия, Германия және басқа Еуропа елдерінде қазақ диаспоралық әдебиеті жоққа тән. Өйткені бұл мемлекеттерде қазақ тілінде оқып, сауаттанғандар аз. Сондықтан бұл мемлекеттерде қазақ тіліндегі шығармалардың жазылуы да, жазылған көркем туындыларды оқи алатын аудитория да жоқ. Ғылыми жобаға негіз етіп Қытай, Моңғолия қазақтарының шығармашылығын алудың басты және негізгі себептері де осыдан. Ғылыми жоба аясында «Қазақ диаспоралық әдебиеті», «Қытайдағы қазақ әдебиеті», «Қытайдағы қазақтардың жаңа дәуір әдебиеті», «Моңғолия қазақ әдебиеті» сияқты әдеби зерттеулермен қатар, Ақыт Үлімжіұлы, Асқар Татанайұлы, Қажығұмар Шабданұлы, Амангелді Жүсіпұлы, Мұрат Пұшатайұлы т.б. ақын-жазушылардың шығармаларына талдау жасалына отырып, диаспоралық әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері ашылған. Диаспора термині алғаш рет гректің «таралу», шашырай орналасу деген сөзінің мағынасында б.з.д. VI ғасырда Палестинадан бөлініп қалған ежелгі еврейлерге байланысты қолданылғандығы белгілі. Диаспора кең мағынада алғанда негізгі атажұртынан бөлініп, туған этникалық ортасынан жырылып қалған этнографиялық топ. Ресей ғалымдары диаспора мен миграция мәртебесін де бөле қарастырып жүр. Тишков: «Диаспора саяси ықпалдың әсерінен қоныс аударушылар болса, миграцияда әлеуметтік жағдай басым»,- дейді [7.42]. Ал А.Зеленин: «Ресейден 1917 жылға дейінгі қоныс аударғандар мигранттар болса, 1917 жылдан кейін қоныс аударғандар эмигранттар. Бұлар ХХ ғасыр басындағы орыс диаспорасын қалыптастырды»,-деген пікір білдіреді [8.30]. Қазақ диаспорасының пайда болуына, қалыптасуына әртүрлі саяси экономикалық жағдайлар ықпал етті. Әріге бармай-ақ ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы 1907-1911 жылдардағы «Столыпин саясаты», 1916 жылғы ұлтазаттық көтеріліс, 1931-1932 жылғы жаппай ашаршылық, 1937 жылғы қуғынсүргін науқаны, Ұлы Отан соғысы шетелге кеткен қазақтың санын көбейте түсті. Қазақ диаспорасы шетелдердің жалпы абсолюттік саны жағынан алсақ (1.5 млн.) бұрынғы Кеңес халықтары ішінде, орыстар мен украиндардан кейінгі үшінші орында, ал проценттік өлшемі жағынан келсек, (15%) онда тағы да армяндар мен латыштардан кейінгі үшінші орында. Солардың көбі, дәлірек айтсақ, жартысынан астамы әр түрлі қиыншылық, асыра сілтеушілік пен бұрмалаушылықтың салдарынан кезінде атамекенін тастап кетуге мәжбүр болған саяси босқындардың тұқымы» [9.4]. Әрине, қазақ диаспорасының қалыптасуы, қоныс аударуы туралы түрлі пікірлер бар. Егер қазақ диаспорасының қалыптасуын қазақтардың шетелдерге жаппай қоныс аударуы немесе шекара бөлінісімен байланыстыратын болсақ, бір ғасырдан астам уақыт деп айтуымызға болады. Осы деректермен негіздей отырып, диаспоралық әдебиеттің қалыптасуын да осы өлшеммен белгілеуімізге болар еді. Ал кезеңдерге бөлер болсақ 1940-1970 жылдардағы жаңа әдебиеттің

Қ а з а қ Д и а с п о р а л ы қ Ә д е б и е т і : Қ а л ы п т а с у ы, Д а м у ы Ж ә н е Е р е к ш е л і к т е р і 221 қалыптасу кезеңі және 1970 жылдардан қазірге дейінгі кезең деп шартты қарастыруымызға болады. Диаспоралық әдебиеттің басты ерекшеліктері деп төмендегі мәселелерді айтар едік: Бірінші, шетелде дамыған қазақ әдебиеті мен Қазақстандағы әдебиеттің арасында айырмашылықтардың болуы заңды. Қазақстандағы қазақ әдебиеті орыс әдебиетінің, орыс тілі арқылы әлем әдебиетінің озық үлгілерінің дәстүрін бойына сіңіре отырып дамыды. Соның нәтижесінде әлемдік классикалық әдебиеттің биік талаптарына жауап бере алатындай кәсіби әдебиет қалыптасты. Ал диаспоралық әдебиет халық әдебиетінен нәр алды. Сондықтан да оның бойында ұлттық сипат, бояу барынша қанық болды. Бұл қасиет әсіресе, көркем ойлау мен әдеби тілде анық көрінді. Екінші, ХХ ғасырдың 40-50 жылдарына дейін шетелдердегі қазақ әдебиетінде поэзия жанры ерекше дамыды. Оның ішінде, арнау, толғау, ауыз әдебиетіне негізделген қоштасу т.б. жанрлар алға шықты. Шетелдердегі қазақтардың өмірі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдебиетін зерттеп жүрген қазақ ғалымдары осы уақытқа дейін шетелдердегі қандастарымызды тек диаспора ұғымы аясында қарастырып келеді. Шын мәнінде, біздің ғылым үшін де шетелдік қазақтарды қоныс аудару тарихына, оның себептеріне байланысты диаспора, ирридент және эмигрант деп қарастырудың өзектілігі жоғары. Осындай жағдайда біз шетелдердегі қазақ әдебиеті мен қазақ эмигранттарының әдебиетін бөле-жара қарастыруымызға мүмкіндігіміз болады. Эмиграциялық әдебиет өзге ортада жасалған шығармашылық. Бұл әдебиет өз Отандарынан сыртқары кеңістікте туып, қалыптасты да, олардың өздеріне тән туу, қалыптасу, даму үрдістері орнықты. Осыған байланысты «эмиграциялық әдебиеттің» өзіндік ерекшелігі айқындалады [10.6]. Қазақ әдебиеті Кеңестік кезеңнен бастап орыс әдебиетімен тікелей байланыста дамыды. Осыған байланысты әдебиеттану ғылымы да көп жағдайда орыс әдебиеттану ғылымына негізделді. Әдеби үдеріс, жаңашылдық, әдеби әдіс-тәсілдер мен әдеби ағымбағыттар, әдеби сын мәселесінде де біз көбіне орыс әдебиеттану ғылым назарға алдық. Бұл үрдіс қазірдің өзінде бар. Өйткені ғасырдан астам уақыт бойы бірге дамып, әдеби байланыс әбден орныққан орыс әдебиеті мен ғылымынан бірден алшақтау мүмкін емес. Қазақ эмигранттық әдебиеті туралы айту үшін тағы да орыс әдебиеті тарихында эмигранттық әдебиеттің қалыптасуы мен дамуы, зерттелуі туралы айтпай кете алмаймыз. Орыс әдебиетінің эмиграциялық кеңінің пайда болуы 1910 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында орыс эмиграциясының бірінші толқыны пайда болған кезбен байланысты. Екінші кезеңі 1941-1945 жылдар мен

222 Ж о л м а х а н о в а / G a z i T ü r k i y a t, B a h a r 2 0 1 8 / 22: 2 1 5-2 2 3 соғыстан кейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезеңі 1960-1980 жылдар арасында пайда болды. «Әрине, орыс эмиграцияның тарихы терең ХХ ғасырға дейін князь Курбскийден бастап Герцен мен Бакунинге дейінгі аралықта орыс эмиграциялық әдебиетінің көптеген өкілдері болды. Н.В.Гоголь, И.С.Тургенев, Ф.М.Достоевскийлер шетелдерде эмиграцияда жүріп орыс әдебиетінің алтын қазыналарын өмірге әкелді» [11.11]. Эмигранттық әдебиетке байланысты орыс ғалымдарының пікірлері де әр түрлі. Мысалы, Г.Струве: бұл жалпы орыс әдебиеті арнасының уақытша оқшауланған бір саласы. Кезі келгенде ол ортақ арнаға барып құяды» [12.22], кейбір зерттеушілер орыс эмигранттық әдебиетін «орыс әдебиетінің шетелдік кезеңі» деп те атап жүр [13.5]. Ал Т.Скрябина: «Отанынан, бастарына қандай жағдай туса да тірек болатын жақындарынан айрылғанымен, Ресейден қуылған орыс эмигранттары шығармашылық еркіндік алды. Эмигранттық әдебиет атмоферасы жазушыларды саяси басқа да есептіліктен құтқарып, көптеген шығармашылық еркін ізденістерге жеткізді» дейді [14]. Эмиграция әлемдік тарихта ерекше мәні бар құбылыс. Эмиграцияның бізге мәлім үш сипаты бар: төңкерісшіл, саяси, жұмысшы эмиграция. Төңкерісшіл өз елінде төңкеріс жасауға мүмкіндік болмаған соң, оны сыртта жүріп жүзеге асыруды көздеп, шетелге шығып кеткендер. Саяси эмиграция бұл өз Отанындағы мемлекет ұстанған жүйемен ымыраға келе алмағаны үшін шет жерге қуғындалғандар. Жұмысшы эмиграциясы әр түрлі кәсіп іздеп шетелдерге кеткендер [15.339]. егер осы анықтаманы негізге алар болсақ, туу, қалыптасу себептері диаспораның қалыптасуымен ұқсас болғанымен, эмиграция азшылық, жекелік сипатта көрінеді. Олар өздерінің келген елдерінде үлкен топ, қауым болып кете алмайды. Қазақ эмигранттарының тарихы да ХХ ғасырдың басындағы тарихи жағдайлармен байланысты. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917 жылғы ақпан, қазан революциялары, 1928-1932 жылғы ашаршылықтар және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдары. Ендеше, эмигранттық әдебиет тарихын да осы кезеңдермен байланыстырамыз. Эмигранттық әдебиет басқа ортада туып, жасалғандықтан оған тән ең бірінші қасиет «сағыныш». Қазақ эмиграциялық әдебиетінде бұл поэзия түрінде көрінді. Екінші, эмигранттық әдебиетке тән жанр ретінде естелік жанрын айтуымызға болады. Бұған мысал Мұстафа Шоқайдың және оның жары Мария Шоқайдың күрес жолындағы естеліктері. Халифа Алтай мен Хасен Оралтайдың шет елге ауған қазақтардың басынан өткізген қиын тағдыры туралы естеліктері де өзінің тарихи құндылығымен маңызды.

Қ а з а қ Д и а с п о р а л ы қ Ә д е б и е т і : Қ а л ы п т а с у ы, Д а м у ы Ж ә н е Е р е к ш е л і к т е р і 223 Қорыта айтқанда, қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған басты міндеттердің бірі қазақ эмигранттық әдебиетін зерттеу. Эмигранттық әдебиеттің жанрлық, поэтикалық, тарихи ерекшеліктері әлі де зерттеу мен зерделеуді қажет ететін өзекті ғылыми мәселе кендігі анық. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР Әзібаева, Б. (Pед.) (2014), Шетелдердегі қазақ фольклоры Монография, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. Алматы: Evo Press. Сейітжанұлы, З. (1999), Шыңжаң қазақ әдебеті, Алматы: Қазақ университеті. Қалижанов, У. (Pед.) (2014), Шетелдердегі қазақ әдебиеті: ұжымдық монография, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Алматы: «Evo Press». «Қытай қазақтары поэзиясындағы ұлттық идея». Филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация, Алматы, 1999. Қиянатұлы, З. (1995), Жылаған жылдар шежіресі, Алматы: Мерей. Қалиасқарұлы, Қ. (1993), Монғолия қазақтарының әдебиеті, Өлгий. Тишков, В. А. (2000), Исторический феномен диаспоры//эо. 2.С42-63. Зеленин, A. (2007), Язык Русской эмигрантской прессы. (1919-1939). Бегімтаева, Р. Ш. (1996), Шетелдік радиохабарлар проблемалары (Азаттық, «Бай-Өлке» радиостанцияларының материалдары бойынша), Алматы. Байтанасова, Қ. (2013), Эмиграция әдебиетіндегі идеялық-көркемдік сабақтастық, Астанa. Литература русского зарубежья, Казань, 2007 г. Составитель Л. Х. Насрутдинова. 72 стр. «Русское зарубежье. Золотоя книга эмиграций. Первая треть ХХ века». Энциклопедический словарь. М., 1997. 650 стр. Литература русского зарубежья, Учебное пособие. Под. общей редак. А.И.Смирновой. М., Флинта: Наука, 2006 640стр. file:///c:/users/admin/desktop/литература%20русского%20зарубежья.html «Советский энциклопедический словарь». М., Сов. энцик. 1982. 339-бет.