БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Benzer belgeler
Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

Prof.Dr. Osman Horata

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

Sempozyum Düzenleme Kurulu / Симпозиум Ұйымдастыру Комитеті / Symposium Organization Committee

Prof.Dr. Osman Horata

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

Prof.Dr. Osman Horata

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

Балама энергия көзіне балама заң керек

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Prof.Dr. Osman Horata

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

KZI BANK ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

ОН МЫЃ ОТБАСЫ ЖАЃА ЉЙГЕ К<ШЕДI

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

Тақырыбы: I дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясы (Түркия).

KÜLTÜR EVRENİ. Стоимость подписки 40 TL (Yurt içi / для граждан Турции) 60 $ / 50 Euro (Yurt dışı / для граждан других стран)

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

MÂTURÎDİ TEOLOJİ VE ANA KAYNAKLARI *

AVRASYA ARAŞTIRMA ENSTİTÜSÜ FAALİYETLER

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Кəсіби бағытталған шет тілі (пəннің атауы)

ағымына сай жаңа заманғы технологиялар бойынша тұрғызған. Сөйтіп, ол малды асылдандыру

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

«Рекреация» сөзі поляктың regreacia демалу, латынның regreation күш

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

Қордың жылдары атқарған қызметі

Transkript:

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР KAZAK MİLLİ KAHRAMANI VE ASKERİ ŞAİR-YAZAR BAUIRCAN MOMIŞULİ NİN ESERLERİ WORKS OF KAZAKH NATIONAL HERO AND MILITARY POET-AUTHOR BAUIRCAN MOMIŞULİ Құдайберген МƏМБЕТОВ * Резюме Мақалада қазақтың атақты жауынгер жазушысы, қаһарман батыр ұлы Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері жайлы айтылады. Бауыржан Момышұлының соғыс тақырыбының ұлттық прозада, дүниежүзі əдебиетінде терең игерілуіне ықпалын тигізіп, əскери прозаның жанрлық өзгешелігін айқындай түскендігі, түркі халықтары əскери əдебиетінің негізін қалап, қайталанбас негізгі тұлғаға айналғандығы сөз болады. Кілт сөздер: Бауыржан Момышұлы, жауынгер жазушы, ұлттық проза, əскери проза, соғыс тақырыбы, жанр, əскери əдебиет, əскери өнер, түркі халықтары, қаһармандық мінез-құлық, көркемдік шеберлік. Özet Yazar bu makalede Kazak halkının bir milli kahramanı olan ve askeri konularda yazan, şair Bauırcan MOMIŞULİ nin eserlerinden söz edilmektedir. Bu eserlerin özellikleri tanıtılmaktadır. Bauırcan Momışuli nin savaş konularında yazdığı eserler milli konularda ve dünya edebiyatında önemli yere sahip olmuştur. Türk devletleri halklarının askeri tarihi konusunda da bu eserler büyük katkılar sağlamıştır. Anahtar kelimeler: Asker, şair-yazar Bauırcan Momışuli, milli konular, askeri konular, savaş konuları, dünya edebiyatı, Türk halkları * Филология Ғылымдарының Кандидаты/ҚАЗАҚСТАН 216

Abstract The article refers to the peculiar features of creativity celebrated military writer of the hero-son of the Kazakh people Bauyrzhan Momyshuly. Refers to the military theme that has influenced the development of a profound national prose, world literature, the identification of genre distinctions military prose, the foundations of military literature of the Turkish people, becoming a unique core personality. Key words: Baurzhan Momyshuly militant writer, national prose, military prose, the theme of war, a genre, war literature, art of war, Turkish people, a heroic character, artistic skill. Бауыржан Момышұлы шығармашылығы өзіндік ерекшелігімен айқындалады. Ең алдымен, оның əскери тақырыпта жазған əңгімелерінде, повестерінде нақты дерек, тарихи шындық басым. Сонымен қатар жазушы қиялынан жаралып, оқиға дамуына зиянын тигізбей көркемдік шындықты бекіте түсер өзіндік қолтаңбада білініп отырады. Жазушы шығармалары стиілінің тағы бір ерекшелігі кейіпкерлердің көптігі, бұл əрине, ұрыс қимылдарын көрсетуге байланысты. Жазушы повестеріндегі басты оқиға соғыс болса, оған қатысатын қатардағы персонаждарды бір-бірінен бөліп көрсету де оңай шаруа емес. Өйткені олар алғашында бір мақсатта жұмылған адамдар тобы. Бəрінде мақсат біреу тірі қалу жəне намысты таптатпай жеңіске жету. Ал оның ішінен біреуі болмаса, біреуін бөліктеп алу қиын. Кейіпкерлердің ешқайсысы де жеке тұрғанда шығарманың сюжетін дамытуда маңызды бола алмайды, олардың бірдебіреуі өз-өзінен фабула қозғалысын анықтап бере алмайды, шығарма дамуының басты шарты күллі полктің, батальонның тіршілік үдерісі болып табылады. Бауыржан Момышұлының шығармашылығындағы атап өтер жайт, онда табиғат суреткер елжіреген лирикалық сипатта суреттеле бермейді. Олар көбіне нақтылыққа жақын. Прозасында пейзажға бəлендей орын берілмейді. Табиғат суреттері оқиғалардың дамуы үшін, кейіпкерлер мінездерінің кейбір белгілерін ашу үшін фон ретінде ғана пайдаланылады. Дегенмен де табиғаттың сұлулығын соғыстың қатаң уақытына қарамастан белгілі бір көркемділікпен суреттей отырып, кейде жыл мезгілінің бір сұрапыл кезін, соған орай көңілдің қобалжуын соғыс суретімен астастыра беріп отырады. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлының əскери прозасының жанрлық өзгешелігі оқиғаны баяндаушының болуы мен фактіге жүгінушіліктен, баяндауының монологтық түрі мен тілдің табиғи сөйлеу тілі болуы мен композициялық құрылымының қарапайымдылығы мен интонацияның шынайылығымен айқындалады. 217

Осыларға қарамастан Бауыржан Момышұлы прозасы кеңестік əдебиет қалыптастырған дəстүрді, азамат соғысы туралы проза дəстүрін одан əрі жалғастырады. Əрине, олардың арасында ерекшелік жоқ деп айтуға болмайды. Олар оқиғалардың көлемі мен соғыстың сипатына ғана емес, оны бейнелеу қағидаларына, шиеленістердің өзгешеліктеріне де қатысты. Сондайақ адамдар мен оқиғаларды жаңаша көрсетуге əсер ететін себептер жеткілікті. Бауыржан Момышұлында негізгі шиеленіс адамгершілік тұрғыдағы шиеленістермен астасып жатады. Бастапқыда адамгершілік шиеленістері үстірттеу, ал антиподтары (қарама-қайшы көзқарастары) бір мағыналы болса, кейінірек мұндай шиеленістер барған сайын тереңдей береді, ал кейіпкерлер болса, олардың шешуші минутта өздерін қалай ұстайтындықтары туралы алдын-ала айта қою қиын. Повестер мен əңгімелердің көпшілігінің басты кейіпкері автордың өзі болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде алдыңғы қатарға өмірбаяндық тізбектен аршып алып, кейіпкердің мінез-құлқын жасау туралы мəселе қойылады. Басты қаһарманның мінез-құлқын жасау кезінде жазушыавтобиографтар белгілі бір қиындықтарға ұшырайды. Өйткені өмірбаяндық қаһарман бір мезгілде көркем бейнелеудің обьектісі жəне субьектісі болады. Автор оған көркем зерттеудің обьектісі ретінде келеді. Сонымен бірге ол өз өмірінің фактілерін жазуға, өз ойларын ашуға, өзінің сезімі мен күйзелісін беруге тиіс. Бұл субьективтік-обьективтік нəрселер көп жағдайда жазушының жұмысын күрделендіріп жібереді. «Москва үшін шайқаста» жазушының аты аңызға айналған қаһарманның бейнесін сомдау құралдарының бірі батальоннның қоршаған ортамен қарымқатынастарын, іс-əрекеттерін, өз командирінің істеген істеріне жауынгерлердің үн қатуларын бейнелеу болып табылады. Бауыржан Момышұлының өз мінез-құлқы шынайы психологиялық шындықпен сомдалған. Нақ осыларды, яғни кейіпкердің іс-əрекеттерінде, ең алдымен, оның мінез-құлқының қырлары ашылады. Бауыржан Момышұлының барлық шығармаларындағы бас кейіпкерлердің характеріне ортақ нəрсе ар тазалығы, сезімтал сергектігі, жақсылыққа жаны құштарлығы. Кейіпкерлер характеріне лайық əрекет етеді. Олар бастан кешетін оқиғалар мінез табиғатынан туындап жатады. Повестерде Бауыржан Момышұлы өз жауынгер-жолдастарымен, достарымен тығыз байланыста көрсетілген. Автор өз кейіпкерін оңаша ой үстінде, өткенді еске түсіру үстінде тым сирек бейнелейді, командир қашанда халық арасында, ұрыстың жауапты учаскелерінде жауынгерлермен бірге жүреді. Олармен бірге ол алда тұрған операциялардың жоспарын жасайды, ұрыста дұшпанмен айқасады, көңілді сəттерде əзіл-қалжың айтады. Шығарма арқылы жазушы жастарға тəрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге оқырмандардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға мəн береді. Жаңа буын жеткіншектерге сұрапыл замандардағы балалық шақтың 218

елестерін керемет шеберлікпен сомдап жеткізеді. Өмір шындығын көркем шындыққа айналдыруда жазушы шын шеберлік танытады. Бұқарамен байланыс, жауынгерлік өмір, халықпен бірге қорқыныш, қуанышты бірдей көру, нелер бір қауіп-қатерді бастан кешіру Бауыржан Момышұлының адамдық қана емес, əскери қасиеттерін де ашады. Біз командирдің қатал да ержүрек серіктері ортасында оның ерік-жігерін сезінеміз. Олардың өз командиріне деген көзқарастарынан оның тегін адам еместігін білеміз, сондықтан да олар жұмылған жұдырықтай бірлікпен өз командирінің соңынан ереді. Сонымен бірге жазушы характерлерінің өсуін тым ентіктіріп əкетпейді. Мінездің өзгеруі үшін əсерлі жағдаймен бірге белгілі уақыт қажет. Жазушы характерді көбінесе əрекетпен береді, сол əрекет үстінде образдың мінездемесі ілесе жүреді. Повестегі кеіпкерлердің арасынан Бауыржан Момышұлының позициясын бірден бір қолдайтын адам ол атақты Панфилов. Ең бастысы, Бауыржан Момышұлы адамға сенеді, осы қасиеті үшін атақты генерал оны айрықша жақсы көреді. Бауыржан Момышұлы темірдей берік тəртіптің адамы, тəртіп босаңсып кеткен жағдайда оны сақтап қалу үшін ең батыл шараларға барады. Сондықтан солдаттар оның қатал бұйрықтарына бағынады, командиріне шексіз сенеді, өйткені ол бұлардың əрқайсысының тағдырына қамқоршы əкедей жауап береді. Бұған қарап, жауынгерлерді командирінің соңынан үнсіз ере беретін жансыз бейнелер екен деп ойлап қалуға болмайды. Жүргізілген зерттеу нəтижесінде көз жеткізгеніміз автобиографиялық кейіпкердің мінез-құлқын жасау кезінде жазушы өз-өзіне мінездеме беруге, өз портретін жасауға сирек барады. Оның өзіндік себептері де жоқ емес, автор ұстаған мақсат өзін көрсету, өзін-өзі мақтау емес. Соғыс атмосферасын, соғыстағы адам тағдырын көрсету. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлының əскери прозасында бас кейіпкердің прозасында талап қоюшылық, қаталдық, алыстағыны көре білушілік туралы еске түсіру жиі кездеседі. Алайда кейіпкердің ізгі ниеттілігі, қайрымдылығы сияқты игі қасиеттерін білдіру үшін автор айналасындағы адамдар, жауынгерлер, командирлер, замандастары арқылы мінездеме беруге талпынады. Жəне оны көркемдік тəсілдер сырттай баға беру, өзара қарым-қатынас, тікелей пікір арқылы білдіріп отырады. Мұндай мінездемелер алға шыға бермейді. Ол баяндаулар, оқиғалар мен сюжеттер ішіне жымдасып келіп отырады. Ал жұмысымыздағы талдаулар көрсетіп бергендей, шығармаларда мұндай мінездемелер беру өте аз, олар тұтас берілмейді, мысқылдап жинауға тура келеді. Соның өзінде диалог елеулі рөль атқарады, онда мінездеменің мамұны ғана емес, персонаждар мінезқұлықтарының белгілері ашылады. Тегінде төл сөз бен диалог кейіпкерді обьекті ретінде береді, мұның өзі дұрыстықтың əсерін қандай бір дəрежеде азайтады. Соған қарамастан жазушы өз кітаптарында автобиографиялық қаһарманның бейнесін жасау 219

үшін диалогты кеңінен пайдаланады. Мұны кейіпкерлер сөз қақтығысынан, олардың мінез-құлық, адами қасиеттерін сендіру үшін тиімді пайдаланатын тəсіл деуіміз керек. Оның берері көп. Азда көп мағына бар. Бауыржан Момышұлы шығармаларын талдау нəтижесі көрсеткендей, бас кейіпкер қаһармандығы тікелей оқиғалар мен іс-əрекеттердің үстінде ғана емес, мінез-құлықта, ойлауда, адамгершілік сезімде де көрініс табады. Қаһармандығын ашуға батальон командирінің тікелей авторлық ойлау, диалог, монолог, ым, дене қимылы түрінде жүзеге асатын психологиялық талдау да көмектеседі. Қаһарманның ойы риторикалық (шешендік) сауал түрінде жиі білдіреді. Көбіне мұндай сауал шығарманың басты кейіпкері өзі үшін жаңалық ашқан кезде туады, кенет өзі үшін қандай да бір жаңалықты біледі немесе қалыптасқан ауыр жағдайдан шығудың жолын азаптана іздейді. Бауыржан Момышұлы əскери прозасында лирикалық шегініс түріндегі оқырманға ашық тікелей үн қату түрінде білдіретін өзін қоршаған орта жағдайындағы ішкі монологтары аз емес. Ол көркем этетикалық функцияны орындап қана қоймай, басты қаһарманның мінез-құлқын жарату тəсілі ретінде де қызмет етеді. Монолог түрінде автор өмір құбылыстары жайындағы түсінігін, өз қуанышы мен қайғысын білдіреді, өз айналасындағыларға түйсіктік, эстетикалық баға береді. Зерттеу барысында біз мына жайларды аңғардық, авторлық ойлар, монологтар автобиографиялық кейіпкердің мінез-құлқын ашуда сюжеттік, сыртқы баяндауларға, диалогтық элементтерге жетекші рөл беріледі. Бауыржан Момышұлы прозасының бұл ерекшелігі соғыста жеке адамды тануға жылдар, айлар емес, күндер, сағаттар, тіпті минуттар керек болатындығымен байланысты шығар деген ой келеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, Бауыржан Момышұлы шығармаларының беттерінен ондаған солдаттар мен командирлер көрінеді, ал шындығында олардың саны жүздеген, мыңдаған. Сондықтан да жазушының алдында анағұрлым типтік белгілерін іріктеп алу міндеті тұрады. Төлеген Тоқаровтың, Мəлік Ғабдуллиннің, Петя Угрюмовтың, Андрей Алешиннің, Əділгерей Қалиевтің қаһармандық мінез-құлықтары барынша көрнекті түрде бейнеленген. Жазушы Төлегеннің, Əділгерейдің істеріне түрткі болған себептерге адамгершілік, инабаттылық қайнар көздеріне таң қалады да, олардың негізін бостандық пен тəуелсіздікті бəрінен де жоғары бағалаған қазақ халқы өмірінің терең қатпарларынан, ұлттық дəстүрлерден табады. Бауыржан Момышұлы шығармаларына жасалған талдаулар автордың əңгімеден əңгімеге, повестен повеске көшу кезінде ұлттық мінезқұлықтардың тереңіне сенімді түрде бойлағанына көз жеткізеді, бұл үшін жазушының қазақ халқының тұрмысын, тілін, мəдениетін, тарихын терең 220

зерттегені айтпаса да түсінікті. Бауыржан Момышұлын соғыстың өзі емес, онда жасалған ерлік те емес, (оның повестерінде көптеген ұрыс көріністері болғанына қарамастан) оны жасаған адамның адамгершілік дүниесі, қаһарман мінез-құлқының қалыптасуы қызықтырады. Ендеше жазушы, ең алдымен, адамды оның соғыстағы тағдырын, қиындығы мол қилы сəттегі мінез-құлық құбылысын басты назарда ұстайды деп тұжырымдауға болады. Бауыржан Момышұлының əскери прозасына жасалған талдау жазушы жауынгерлерді айрықша батырлар ретінде емес, қатардағы, жай адамдар ретінде бейнелейтініне негіз береді. Бұл үрдіс нақты қағидаларда, əдістерде көрінеді, бұларда автор жауынгерлердің ішкі дүниесін, сыртқы кейіптерін, істерін беру үшін пайдаланады. Бұл арадағы басты мақсат кейіпкерлердің тек əскери ғана емес, адами қасиеттерін ашу болып табылады. Бұл Петя Угрюмовтың мінезқұлқын ашуда жақсы байқалады («Москва үшін шайқас»). Жазушы өз шығармаларында қаһармандық іс істеуге қабілеттілік бұл белгілі бір адамды өзге адамдардан ерекшелейтін қандай да бір айрықша нəрсе емес, өз халқын, өз елін сүйетін адамдардаң табиғи қасиеті дегенін дəлелдеуге талпынады. Сондай-ақ кейіпкердің ішкі дүниесін жан-жақты зерттеу, тереңдете түсу мақсатымен автор өз баяндауларына қаһармандарының күнделіктерін («Бір түннің тарихы») Төлеген Тоқтаровты кіргізеді, Сонымен Бауыржан Момышұлынша қиын-қыстау жағдайларда жасалған қаһармандық ерлікті тек жоғары идеялық сенімге ие адам ғана жасауы мүмкін. Сондай-ақ жазушы өлім мен өмір белдескен шақтарда адамның мінезіне жеке адамның саналы ісі, оның белсенді ұмтылуы себепші болатынын көрсетеді. Осы арада Бауыржан Момышұлы шығармашылығында қаһармандық мінез-құлықты бейнелеудегі бір тұтастық жүйе бар екенін атап өту лəзім. «Əрбір əдеби шығарма оқырманға оны жазған автордың творчестволық ерекшелігін танытады. Оны тілден де, тақырып пен идеядан да, образ жасау тəсілінен де тануға болады» [2, 349 б.] деп көресетеді. Халықтың қайғысы мен қасіретін арқалаған Ұлы Отан соғысының қоғам мойнына артқан ауыртпалығына рухани сүйеу болған əдебиеттің бар болмысы сол уақыт ауыртпалығымен астасып жатыр. Сондықтан да əдебиетіміздің даму тарихындағы соғыс жылдары кезеңінің ерекше мазмұндық сипатқа ие болуы заңды құбылыс. Бауыржан Момышұлы шығармаларының маңызы оқиғаларды шыншылдықпен бейнелеуден, борыш, ар-намыс, сенім, патриотизм сияқты моральдық-этикалық мəселелерді шешуден құралады. Ұлы Отан соғысы тақырыбы оның шығармаларында бостандық үшін, халықтардың бақыты үшін фашизмге қарсы əділетті, азаттық күресі тақырыбы ретінде өзінің дүниежүзілік тарихи маңызы тұрғысынан ашылады. Бауыржан Момышұлының шығармалары деректі əдебиеттің дамуына өзіндік көркемдік 221

жетістіктермен де, соғыс тақырыбын мейлінше терең ашқан идеялық тереңдігімен де көп əсерін тигізгенін, əскери тақырыптардағы əдебиеттің дамуына өзіндік берік іргетас қалағанын атап өткен жөн деп ойлауға болады. Бауыржан Момышұлының əскери əдебиеттің дамуына сіңірген еңбегі мынада: ол соғыста жасалып жатқан қаһармандықтың себеп-салдарын мейлінше терең ашқандардың бірі болды, жазушының шығармаларындағы кейіпкерлердің мысалы арқылы қазақ жəне шет ел оқырмандары адам рухының асқақтығын, оның Отанға берілгендігін шынайы сезінді, отанға деген сүйіспеншіліктің мəнін ұғынды. Жай ұғынып қана қойған жоқ, шығарманың көлемдік болмысынан оны жан-дүниесінің иірімдеріне сіңіре біліп, жүрегінің түкпіріне қондырды. Міне, Бауыржан Момышұлы шығармаларының құдірет күші осында. Əскери қолбасшы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы əскери ғылымды терең меңгеріп, полковник атымен-ақ дивизия командиріне көтерілуі, əскери академияда профессор атағымен дəріс беруі жəне осы əскери саладағы ой-таным, майдан шындығын көркем шығармалары арқылы əскери əдебиеттің шыңына көтеру жолдары оның бірден-бір түрік халықтары əскери əдебиетінің негізін салуға алып келді. Өйткені түрік халықтары тұтас (Түркия түркілерінен басқалары) Ұлы Отан соғысына түгел қатысып, олардың ақын-жазушылары да ата-бабаларынан рухани мұра болып қалған əскери əдебиет дəстүрін жалғастырып жатты. Белгілі ғалым М. Мырзахметұлының сөзімен айтқанда: «Бауыржан Момышұлы осылардың арасынан сұрыпталып, ерекше əскери əдебиет саласында қалыптасады, ғылыми əрі көркем шығармалары арқылы əлем халықтарына танылуы себепті түрік халықтары əскери əдебиетінің негізін салушы» деген тарихи тұғырға көтеріле алды» [6, 11 б] деп əділ бағасын беріп, ғылыми зертеуіміздің түйіндемесіне айналды. Бауыржан Момышұлы ғылыми əскери əдебиетке жəне көркем əдебиет прозасына қандай негізгі идеялық мазмұн əкелгенін сараптасақ: - біріншіден, Бауыржан Момышұлы соғыс тақырыбының ұлттық прозада, дүниежүзі əдебиетінде бай мазмұны мен терең игерілуіне ықпалын тигізіп, əскери прозаның жанрлық өзгешелігі айқындалды; - екіншіден, академияға қабылданған жалғыз Азия халқының өкілі жəне армия жарғысына өзгерістер енгізіп, стратегия мен тактика саласында жаңалық ашып, əскери ғылым саласында мейлінше жетіліп, профессор қызметін атқарған осы саладағы тұңғыш қазақ азаматының болуы; - үшіншіден, қоғамдық шындыққа байыпты талдау жасаған, əлеуметтікпсихологиялық шығармаларды қазақ əдебиетінде орнықтырды; - төртіншіден, ұлттық тəрбие əскери өнер, өнер тақырыбы, суреткер жайы заман шындығына орай жаңа қырларымен, проблемасымен бейнеленді; - бесіншіден, əскери əдебиет пен көркем əдебиеттің міндеті адамның күрделі жан-дүниесін суреттеу талабын тың ізденістермен байытты; 222

- алтыншыдан, жазушы қай-қай шығармасында да өзіндік ерекше стильдермен жазып, жалғандыққа бармай, шындық тұрғысынан суреттеді; - жетіншіден, ол ата-бабалардан бермен қарай келе жатқан əскери əдебиеттің дəстүрімен терең танысып, ата дəстүрді дамыта жалғастырып, түрік халықтары əскери əдебиетінің негізін салып, қалыптастырушы қайталанбас негізгі тұлғаға айналды. ƏДЕБИЕТТЕР 1. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап / Ауд. М. Қазбеков. Алматы: Қазақстан, 1991. 400 б. 2. Мырзахметов М. «Момышұлы түрік халықтары əскери əдебиетінің негізін салушы» // Еуразия, 2006. 21 сəуір. 16 (71). 223