Г.С. ИСАЕВА. Филология ғылымдарының кандидаты ҚАЗАҚ-ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДЫБЫСЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ. Аннотация

Benzer belgeler
Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

Prof.Dr. Osman Horata

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

Prof.Dr. Osman Horata

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

Prof.Dr. Osman Horata

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2014 Yıl / Year / Год 6 Sayı / Number / Число 20

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

KÜLTÜR EVRENİ. Стоимость подписки 40 TL (Yurt içi / для граждан Турции) 60 $ / 50 Euro (Yurt dışı / для граждан других стран)

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

Балама энергия көзіне балама заң керек

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

Prof.Dr. Osman Horata

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

AVRASYA ARAŞTIRMA ENSTİTÜSÜ FAALİYETLER

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

İ İ İ ü ü ğ ş İş ç ç ş ğ ğ ü İ ü ü ü ü ğ ş ş ğ ç ş ş ö ğ ö ü ş ö ö ş ğ ğ ğ ş ç ş ç ğ ç ğ ş ç ğ ç ş ş İ ç ç ş ç ş ğ ö çü ğ ş ğ ğ ğ ş ğ ş ç ç İ ç ş ş ğ

Қордың жылдары атқарған қызметі

KZI BANK ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

MÂTURÎDİ TEOLOJİ VE ANA KAYNAKLARI *

ЗАТ ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГ ОРИЯЛАРЫН ОҚЫТУ

Mustafa ARSLAN. Assoc.Prof.Dr., International Black Sea University, Faculty of Education and Humanities, Department of Turkish Philology.

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

BÜTÜN SÖZLERİN ASLI BİRDİR

Transkript:

Г.С. ИСАЕВА Филология ғылымдарының кандидаты А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері ҚАЗАҚ-ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДЫБЫСЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ Аннотация Еліктеуіш сөздер адамзаттың бес сезім мүшесі (есту, көру, иіскеу, жанасу және дәмін тату) арқылы психо-физиологиялық әсерлері нәтижесінде қалыптасқан қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар мен заттардың дыбыстармен бейнеленуінен туындайды. Сөздік қорының бұл құрамы өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан жасалу тәсілдері бар, тұрпаты жағынан өте күрделі, мазмұны жағынан құнарлы тіл категориясына жатады. Дыбыселіктеуіш сөздер жалпы тіл заңдарына сәйкес қалыптасса да, олардың өзіндік семантикалық ерекшеліктері бар. Сол себептен, туыстас қазақ-түрік тілдеріндегі дыбыселіктеуіштердің мағыналық дамуы ортақ белгілер мен айырмашылықтар арқылы зерделенеді. Тірек сөздер: еліктеуіш сөздер, дыбыссимволизм, түбірлер Ключевые слова: подражательные слова, звукосимволизм, корни Keywords: imitative words, soundissymbol, roots. Тіл ғылымында адамзаттың есту, көру, иіскеу, дене мүшелерімен (аяқ, қол, т.б.) жанасу және дәмін тату тәрізді бес сезім мүшелері арқылы психо-физиологиялық әсерлері нәтижесінде қалыптасқан табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен заттардың бейнеленуі еліктеуіш сөздер деп аталады. Еліктеуіштер жалпы тіл заңдарына сәйкес қалыптасқанымен, олардың өзіне тән семантикалық ерекшеліктері бар. Олардың бойынан әр уақытта сезім, түйсік, экспрессия, эмоция нышандары байқалады. Сол себептен, еліктеуіш категориясы барлық тілдерге ортақ әмбебап құбылыс. Еліктеуіш сөздер грамматикалық ерекшелігіне қарай сөзжасам жүйесіне сәйкес зат есім, сын есім, етістік, үстеу тұлғаларына еніп түрлену; еліктеуіш түбірлер примарлық уәжделген әмбебап лексика және қосарлама, қайталама қос сөз жасауға да бейімді, ал күрделі еліктеуіш сөздердің құрылымы 5-6 грамматикалық деңгейде дамып қалыптасу сипаттарына ие болады. Сондай-ақ еліктеуіштер қолданыс аясына қарай барлық сөйлем

мүшесі мен байланысу формасында келіп, ауызекі сөзде де, көркем әдебиетте де кең түрде жұмсалады. Тіл ойшылдары ғасырлар бойы тіл-тілдегі дыбыс еліктеуіш сөздерді салыстыру арқылы сөздің дыбыстық тұлғасы мен мағынасы арасында тығыз байланыс бар екенін анықтады. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде дыбыселіктеуіш сөздердің теориялық негізі ретінде дыбыссимволизм құбылысы қалыптасып дамыды. «Тіл білімінде дыбыссимволизм белгілеуші мен белгіленуші, мағына мен форма арасындағы қатынас деп түсініледі. Олардың өзара байланысы жеке, дара емес, тәуелді сипатта болады. Дыбыселіктеуішпен қатар дыбыссимволизмі бейнелеуіштің мағына білдіруі сияқты дыбыстық бейненің тілдік сипатын танытады. Дыбыссимволизмі мен дыбыселіктеуіштіктің арасындағы түбегейлі айырмашылық сезімдік қабылдау арқылы дараланып танылған денотаттың уәжді белгілерінің ұқсас келмейтінімен түсініледі» [1, 173]. Бұл мәселенің бастауы заттың атауы оның негізгі мәнінен құрылған деген пікірді ұстанған көне үнді Ведаларынан алынып, өзінің дамуын антикалық дәуірдегі философиялық ой-пікірлермен жалғастырады. Көне Грекияда туындаған бұл ой-тартыстар ғасырлар бойы жалғаса келіп, мазмұны біршама өзгергенімен өзектілігі әлі күнге дейін күшін жойған жоқ. Платонның «Кратил» деп аталатын әйгілі сұхбаты арқылы заттың сөз арқылы дыбысталуында «табиғи байланыс» бар деп есептейтін фюсей (немесе кратилшылардың) теориясы мен атаудың затпен байланысы «белгіленген заңдылық» деген ойды қолдайтын тесей (Гермогеннің ойын ұстанушылар) теориясы арасындағы ұзаққа созылған айтыс-тартыстың дәуірін әкелді [2]. Бұдан кейін дыбыс пен мағынаның байланысы туралы пікірлер Еуропа ойшылдары Августин, Фома Аквинский, Ж.Ж. Руссо, Р. Декарт пен орыстың ғалымы М.Ломоносовтардың еңбектерінде орын алған. XVII-XIX ғасырларда дыбыс еліктеуіш пен дыбыс символизмнің зерттелуі негізінен тілдің пайда болуы ономатопеялық және одағай теорияларымен байланыста қарастыруға мән берілді. Алғашқы теорияның бағытын француз классиктерінен Ш. Де Бросс, Курт де Жеблен, Ш.Нодье, тіл ойшылдарынан Д.Б.Вико, Г.В.Лейбниц, И.Г.Гердер, В.фон Гумбольт, Г.Штейнталь, В.Вундт, Г.Паульдер ұстанды. Бұл бағытты ұстанушылар тілдің еркіндігін тарихи эволюцияның сан алуан факторлардың ықпалына ұшыраған алғашқы «нағыз» тілдің прогрессивті пайда болу нәтижесі ретінде түсіндіреді [3; 16]. XVII-XVIII ғасырлардағы көптеген философтар тілдің тууын анықтау мақсатында еліктеуіш сөздерге жүгінді. Мәселен, Г.В. Лейбниц пен И.Г. Гердер тілдің пайда болуына қоршаған ортадағы дыбыстарға еліктеу пен мимиканың қатысы бар деп есептесе [4], В. фон Гумбольдт тілдің дүниеге келуінде адамның ойсыз қабілеті орын алып, әртүрлі мимикалық (рефлекторлық, бейнелеуіштік, ишараттық) қозғалыстар сөздерді туғызды деген пікірді ұстанады [5]. ХХ ғ. басынан бастап дыбыс символизм теориясына қатысты негізгі ой-тұжырымдар мен теориялық пікірлер қалыптаса бастады. ХХ ғ. 30-ы жылдары О.Есперсен өзінің еңбегінде и дауыстысының мағыналық тұлғасын жан-жақты қарастыра келіп, «тілдің дамуында дыбыстық символизм елеулі орын алады және оны лингвистиердің көпшілігі мойындады» деген пікір айтады. Дыбыссимволизмнің тереңірек әрі жүйелі түрде сипатталғанын Э.Сепирдің және бұл құбылысты психолингвистикалық тұрғыдан зерттеуші басқа да ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады [6, 12].

Ал орыс тіл білімі бойынша аталмыш мәселеге қатысты зерттеулерді А. Леонтьев, А.П.Журавлев, И.Р.Горелов, А.Н.Журинский, С.В.Воронин, А.Б. Михалевтің еңбектерінен көреміз. Түркі тілдеріндегі дыбыссимволизм құбылысы ең алғаш Н.И.Ашмариннің шуаш мимологиясы туралы еңбегінде сөз болады [7]. Ғалымның бұл еңбегі әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоя қойған жоқ. Сонымен қатар саха тілі бойынша Л.Н. Хоритоновтың, қарақалпақ тілі бойынша Н. Баскаковтың, қырғыз тілі бойынша С.Құдайбергеновтың, түркімен тілі бойынша М. Худайкулиевтің, өзбек тілі бойынша Р.Қоңыровтың еңбектерін жатқызамыз. Ал қазақ тіл білімінде еліктеуіш сөздерге біршама зерттеу еңбектер арналды. Қазақ тіл білімінің танымал ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» деп аталатын еңбегінде одағайлардың екі түрін көрсетіп, оның бірін «одағайлар», ал екіншісін «еліктеу одағайлар» деп атайды [8]. Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздерге қатысты арнайы зерттеулер 1948 жылы Ахмеди Ысқақовтың «Еліктеу сөздер туралы» мақаласымен басталып, Шора Сарыбаевтың [9], Б.Катембаеваның [10], С. Ибраевтың [11] еңбектерінде жалғасын тапты. Академик Әбдуәли Қайдар «алғашқы тілжасам процесіне белсене қатысып, оның дербес тіл болып қалыптасуына негіз болған тіл элементтерінің бірі еліктеуіш сөздердің о бастағы ілкі түбірлері» дей келе, имитатив теориясына қатысты жаңаша көзқарасын көрсетсе [12], ХХ ғасырдың соңында қазақ тіл білімінде дыбыселіктеуіш сөздердің фоносемантикалық бағытта қарастырылуы проф. Көбей Хұсайынның [1], С.Өткелбаеваның [13], А.Исламның [14] еңбектерінде және 2009 жылы жарық көрген Б.Жонкешовтің [15] кітабында көрініс табады. Сонымен қатар, Б. Оспанованың («Қазақ тіліндегі бейнелеуіш етістіктердің этнолингвистикалық сипаты»), Қ.Шотаның («Дыбыстық еліктеуіш етістіктердің этнолингвистикалық негіздері»), А.Мақұлбектің («Қазақ топонимдерінің фоносемантикалық сипаты»(, Ш.Зукайдың («Неміс-қазақ тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, коммуникативтік-прагматикалық сипаты») кандидаттық диссертацияларын айтуға болады. Түрік тіл біліміндегі еліктеуіш сөздердің арнайы зерттелуі ХХ-ыншы ғ. 20-шы жылдардың аяғынан басталады. Аталмыш тақырыпта алғаш болып сөз қозғағандардың бірі Н.К. Дмитриев, Х.Марчанд, А.Н.Кононовтар болды [16]. Одан соң түрік тіліндегі еліктеуіш мәселесін біршама мақала негізінде қарастырған ғалымдардың еңбектерінен көріуге болады [17]. Түрік тіліндегі еліктеуіш сөздерге арналған соңғы кездегі ең үлкен және ауқымды зерттеу еңбегі профессор Хамза Зүлфикардың «Түрікшеде дыбыс еліктеуіш сөздер» кітабын айрықша атап өткен болар едік [18]. Сонымен қатар соңғы жылдары түрік-қырғыз тілдеріндегі еліктеуіш сөздер тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған Ергүн Кожа бұл екі туыстас тілдердегі еліктеуіштердің фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық ерекшеліктерін қарастыра келе, ХІ ғасырдың жазба ескерткіштері болып табылатын Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу Біліг» пен Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрік» атты шығармаларында берілген еліктеуіш сөздерге семантикалық талдау жасады [19]. Қоршаған ортада жанды және жансыз заттардан шыққан дыбыстарды, олардан болған қимыл-қозғалыстардың бейнелерін білдіретін, сонымен қатар тіл ғылымында ең көне

лексемалар ретінде танылатын еліктеуіш сөздер семантикалық тұрғыдан көп қарастырылды. Тіпті мағыналық қасиетіне қарай топтастырылуы да ғалымдар көп сөз етілген. Түркі тілдеріндегі лексикалық жүйенің ең көне қабаттарын құрайтын еліктеуіш түбірлер тұлғалық өзгерістері мен семантикалық дамуы арқылы грамматикада маңызды орынға ие болады. Қазақ және түрік тілдеріндегі (басқа да түркі тілдеріндегідей) дыбыс еліктеуіш сөздердің мағыналық даму жолдары біркелкі болып, мынадай тәртіппен қалыптасады: Табиғаттағы сан алуан дыбыстарға еліктеу > сол дыбыстарға қатысты заттар мен құбылыстардың атауы > арнайы тілдік талдау арқылы анықталған дыбыселіктеуіштік уәжділігі бар атаулар. Сарқ/ Çağıl cудың дыбысына еліктеу. Бұл еліктеуіш түбірден екі тілде де судың ағысын, сұйық нәрсенің қайнаған күйін білдіретін сөздер қалыптасқан. Мәселен, қазақ тілінде сарқы- «сұйық затты тік көтере түгел құю»; сарқылдау «бұрқ-сарқ етіп қайнау»; сарқырау «судың биіктен төмен қарай күшті сарынмен құлай ағуы»; сарқырама «биіктен құлай аққан су» мағыналарын білдіреді. Осы түбірден сарқ-сарқ, сарқ-сұрқ қос сөзді еліктеуіш туындаған. Мысалы бұл лексемалар әдеби контексте былай қолданылады: Ортадағы екі темір пеш жан-жағына жалын атып, есік жақтағы төрт үлкен қазан сарқ-сарқ қайнайды (Ғабит Мүсірепов). Есік алдындағы божылдаған самауырлар да булығынан буы бұрқырап, қақпағын көтере сарқ-сұрқ қайнап, екі иінінен дем алады (С. Жүнісов, Өшп. іздер). Кейбіреулердің пісірген қара көжесін ауыз тиіп қана қойып, менікін түк қалдырмай сарқып ішіп кетер еді (Шерхан Мұртаза). Ет асқан тай қазан сарқылдап қайнап жатыр (Әбдіжәміл Нұрпейісов). Суының сарқырап аққанына дейін біздің Ақсайға ұқсас (Шерхан Мұртаза). Мен Қызыл-қайың сарқырамасының жағасындағы кәрі қайыңның түбінде ойға батып отырамын (Оралхан Бөкей). Түрік тілінде осы мағынаны үстейтін çağil еліктеуіш түбірінен çağıldamak «судың ағысында тастарға, жартастарға соғылғандағы дыбысты шығару», çağıltı «судың ағысында тастарға, жартастарға соғылғанда шығаратын дыбысы», çağlamak судың көпіріп, қатты дауыс шығарып ағуы, çağlayan/çağlar «аласа жерден төменге қарай аққан су», çağlayık «жерден гүрілдеп қайнап шыққан ыстық су, çağıldayış/çağlayış «сарқырау» мағыналарын білдіретін сөздер мен «судың ағысынан шыққан дыбысты бейнелейтін çağıl çağıl еліктеуіш қос сөз туындаған. Мысалы, Bu fıskiyenin sularını yıllarca neşeden çağıldar gibi duymuştum (A. Ş. Hisar). Yalnız koca arktan akan suyun serin çağıltısı duyuluyordu (C. Uçuk). Bir gün nehirler gibi çağlayarak derinden (Ö. B. Uşaklı). Yüksekten karşıda çağlayanın şırıltısı duyuluyordu (Ö. Seyfettin). Fırat, Malatya'ya doğru bir dirsek gibi kıvrıldığı vadide artık dağlardan kopup çağıl çağıl köpürmüyor." - A. Kulin Сыбыр / Fısıl ақырын шыққан дыбысқа еліктеу. Қазақ тілінде сыбыр түбірінен қалыптасқан мынадай сөздер мен сөз тіркестер бар: сыбыр-күбір «сыбырласқан, күбірлескен әңгіме, құпия сөз», сыбыр-сыбыр «ақырын, жай шыққан дауыс», сыбыр ету «құпия сыр айту, сыбырлау», сыбыр қосу «ауыс. әңгімеге өрт салу». Мысалы: Келелі кеңес жоғалды, Ел сыбырды қолға алды. Ел ішінде бітімші Түгел алып қайтпайды (Абай). Сөйлесті бәрі сыбырлап, Мен отырдым тыңдауға. Жүрегім тұр жыбырлап, Дәл тапқанда ымдауға (Шәкәрім Құдайбердиев). Қадиша бір қаға берісте сыбыр етіп, Ақанның алыстағы бір асқа кеткенін айтқан (Сәкен Жүнісов). Әлі есімде. Жақаш пен өкем ауылға

келе, оңашаланған сыбыр-күбір көбейді (Сәбит Мұқанов). Артта қалған ағаштар ақырын сыбырласты, Данконың қаны тамған шөптер анау сыбырға сыбыр қосты (Мағжан Жұмабаев). Түрік тілінде осы мағынадағы fısıl еліктеуішінен fısıldamak, fısıldaşmak (сыбырлаcу), fısıl fısıl (сыбыр-күбір), fısıltı (сыбыр) сөздерi де қалыптасқан. Мысалы: Savcı, kumandanın kulağına birkaç kelime fısıldadı (A.Gündüz). Söylentiler, haberleşmeler, fısıldaşmalar iftar vaktine kadar devam etti (Mustafa N. Sepetçioğlu). Ağabeyi ile fısıl fısıl konuştular, birlikte sevindiler (R.H. Karay). Top patlar patlamaz bütün sofradan bir besmele fısıltısı havalanırdı (Rüşen E. Ünaydın). Пыс / Mış пысылдаған дыбысқа еліктеу. Тілімізде бұл еліктеуіш түбірден қалыптасқан мынадай сөздер бар: пысылдау «мұрын, танау арқылы дем алу», пыс-пыс ету «пысылдаған дыбыс шығару», пысыл «пыс-пыс еткен дыбыс, мұрыннан шыққан дем», пысылдақ «пысылдауық, пысылдағыш», пысқыру «түшкіру», пысқырып та қарамау «көңіл бөлмеу, елең қылмау». Мысалы: Үй іші үн-түнсіз, бір адам Әділбектің сөзін бөлер емес, бәрі қалың ойға кеткендей, қолдарындағы кеселерінен бастарын алмай, ыстық шайды асықпай ұрттап пыс-пыс етеді (Ілияс Есенберлин). Батылым бармаса да, тәуекел деп кіріп келгенімде, басына қара жамылып ағыл-тегіл жылап отырған әйелді, оны қоғамдай қоршаған шиеттей-шиеттей балаларды көрдім. Шешесіне қосылып пысылдап жылайды (Оралхан Бөкеев). Сен пысылдақ ұйқыдан бас алмайтын жаман атқосшы боларсың (М. Сәрсекеев). Қара май сіңген бе, әйтеуір, сапасызданып бұзылған ащы Бураны түшіркендірмеді білем, ернін жыбырлатып басын ырғап-ырғап жіберді де, пысқырды-ай келіп (Оралхан Бөкей). Алатын заттың үстіне біраз ақша қосып бермесең, саудагерлер пысқырып та қарамайды (М. Қосшығұлов). Түрік тілінде осы мағынадағы mış еліктеуіш түірінен mışıl (пысыл), mışıldamak (пысылдау), mışıl mışıl (пыс-пыс ету), mışıltı (пысыл) сөздері қалыптасқан. Мысалы: Mışıl mışıl uyurken sıçrayış sıçrasın da aklı başına gelsin (Peyâmi Safâ). Қарқ / Gak қарқ етіп шыққан дыбысқа еліктеу. Қазақ тілінде қарқ-қарқ еліктеуіші «қарғаның қарқылдаған дауысы; адамның қатты күлгенде шығарған дауысы», қарқыл «қарғаның қарқылдаған дыбысы; қатты күлген күлкі», қарқылдау «қарғаның қарқ-қарқ етіп үн шығаруы; қатты дыбыс шығарып күлу, қарқ-қарқ ету», қарқылдақ «қарқылдап күлетін (адам)» Мысалы, Біреудің мінін айтса өлеңшілер, Мәз болып тыңдағандар, қарққарқ күлер (Ахмет Байтұрсынұлы). Қазір мән-жайға түсінген Сергей де қарқылға бастады (Қ. Исабаев). Өлексе үстінен топ Қарға қарқылдап, шулап ұшып, аулақ барып қонды (С. Елубаев). Биік пеш мұржаларының үстіне қонып алып қара қарғалар ғана қарқылдайды (X. Рахимов). Терек басында қарғалар жүр қарқылдап (Оралхан Бөкей). Ырысбек дәл біреу екі қолтығынан бірдей шап беріп қытықтап жібергендей қарқылдай жөнелді (Сайын Мұратбеков). Доскей қол қусырып сәлем беріп, қарқылдақ қапсағайдың тізгінін ұстаған (Дүкенбай Досжанов). Түрік тілінде қарғаның қарқылдаған дауысы gak еліктеуішімен дыбысталады, gaklama «қарғаның қарқылдаған дауысы», gaklamak «қарғаның қарқ-қарқ етіп үн шығаруы». Қарқылдап күлудің түрі түрік тілінде kahkaha деп айтылады. Kahkaha араб тілінен енген kạhkạha قهقهúúة] ] дауыстап күлу дегенді білдіретін еліктеуіш сөз [20]. Kahkaha сөзінен

қалыптасқан бірнеше сөз тіркестер бар: kahkaha ile gülmek (қарқ-қарқ күлу), kahkaha atmak (қарқылдап күлу), kahkahadan kırılmak (қарқылдап көп күлу), kahkahayı basmak / koparmak / salıvermek (өзін өзі ұстай алмай қатты күлу), kahkaha-zen (қарқ-қарқ күлген). Мысалы: Akşamdan bir kahkaha duysam yaralanırım (Necip F. Kısakürek). Dudakları müztenzî bir şekilde büküldü, Bir müddet güldü güldü, kahkahalarla güldü (Orhan S. Orhon). Birbirlerine göstererek kahkahadan kırılıyorlar (Peşat N. Güntekin). İrfan artık dayanamayıp bir kahkaha attı (Bediî Fâik). Sâdık bey bir kahkaha kopardı (Hüseyin R. Gürpınar). Ceza da olsa olur karşısında kahkaha-zen, Ayılmıyor ki utansın cezâyı fi linden (Tevfik Fikret). Қор / Hor адамның ұйықтаған кезде қор етіп шығарған дыбысына еліктеу. Қазақ тілінде осы еліктеуіш түбірден қалыптасқан мынадай сөздер бар: қорыл «ыңғайсыз жатқан немесе тыныс жүйесін май басқан адамның ұйықтағанда ауыз қуысынан қор-қор етіп шығатын дыбыс», қор ету / қор-қор ету / қорылдау «ұйықтап жатқан кезде қор-қор еткен дыбыс шығару», қорылдақ «үнемі қорылдап ұйықтайтын (адам)» сөздері бар. Мысалы: Жомартбек жоқ еді, Пернеш кітапханадан қайтпаған, тек Төлеубек қана төсегінде қорылдап ұйықтап жатқан (Әзілхан Нұршайықов). Құрым үйдің ішінде Нұрабектің қорылы, сыртта Нұрғалидың сақылдаған тістері ғана тиыштықты бұзып тұр (Ғабиден Мұстафин). Ұйқыдан қалжырап жүрген Тастемір ілезде қор ете қалды (С. Мұқанов, Шығ.). Мен қорылдақ баланы сұрап тұрғаным жоқ, өзімнің бойымды ұйытып, ойымды ұйтқытқан жігітті сұрап тұрмын, деді Мәди (Әбжаппар Әбішев). Түрік тіліндегі hor еліктеуішінен horuldamak «қорылдау», horul horul «қор-қор ету, қорылдау», horultu «қорыл» сөздер де қалыптасқан. Мысалы: Direğin altında bir kişi setresini başına çekmiş, horuldayarak uyuyor (Fâik Reşat). Köy halkı daha horul horul uyuyordu (Sait Fâik). Çok geçmez, bir horultudur peydâ olur (Fâik Reşat). Арс /Hav иттің үрген дыбысына еліктеу. Бұл еліктеуіш түбірден қазақ-түрік тілдерінде мынадай лексемалар бар: арсылдау havlamak, арс етіп үру, арс-арс ету hav hav ürümek, арсыл havlatma, арсыл-абалаң havlayış. Мысалы: Ол үйден де оттың жарығы молырақ шығып, ырылдасып, арсылдасып таласқан иттердің дыбысы естіледі (Сәкен Сейфуллин). Айбат көрсете үрді, арсылдады. Тұрғанда «арс» етіп, азу тістері ақсиып ырылдай түрегелді (Мұхтар Әуезов). Аржағынан шынжырын сүйрете жүгірген иттің арсылы шықты (Ілияс Есенберлин). Өзен жақтағы қоқырсық төгілетін тұстан түнгі жорыққа аттанған аш иттердің қырқысқан арсыл-абалаңы құлаққа келеді (Ө.Қанахин). Түрік тіліндегі мысал: Havlar zaman zaman gece ufkunda bir köpek (Yahyâ Kemal). Тілімізде ұрысқақтықты білдіретін арсылдақ сөзі иттің шабаланып үру кейпіне ұқсатып айтылса керек. Мысалы: Мұнымен елді жетілтсе, Ойбайды жүр қоймай дер, Аша алмассың жылаумен, Арсылдақтың арасын (Ш.Құдайбердиев). Шиқ / Cıv шиқылдаған дыбысқа еліктеу. Бұл еліктеу түбірден қалыптасқан екі тілдегі лексемалар «кішкентай құстардың шығаратын дыбысын» бейнелейді: шиқ ету, шиқ-шиқ ету cıvıl cıvıl, шиқылдау cıvıldamak, шиқыл cıvıltı. Мысалы: Жазғы таңда шиқ-шиқ етіп ұша бастайтын торғайлардың бірі жоқ (С. Жүнісов, Өшп. іздер). Аспаннан оқта-текте бір естіліп қалатын құс шиқылы да біркелкі (Ә. Кекілбаев, Үркер.). Инкубатордан жаңа шыққан құйтақандай жан иелері жәшіктің ішінде шиқылдап, екі-үш

күн иесіз жатты (Қ.Жұмаділов, Қаздар.). Түрік тіліндегі мысалдар: Cıvıl cıvıl ötmek. Bahçedeki ağaçların dallarında serçeler cıvıldaşıyor (Kerime Nadir). Bülbül sesleri ve serçe cıvıltılarıyle dolu yeşil derinlikler (Ahmet Haşim). Бұл дыбыселіктеуіш қосымша мағынада қазақ тілінде «арба, есік секілді жансыз заттардың үйкелісінен шығатын дыбыс» мысалы: Үлкен дөңгелектері арбаңдаған қазақ арба шиқылдап ауылды шуға толтырды (Мағжан Жұмабаев), ал түрік тілінде «ары-бері қозғалысты, абыр-сабырды» білдіреді, мысалы: Serin serin Kapalı Çarşı, Cıvıl cıvıl Mahmutpaşa (Orhan K. Kanık). Міне, еліктеуіш сөздер қорын арнайы зерттеп, оның тілімізге атқаратын неше алуан қызметтерін атап айтқанда, өмірде болатын небір күрделі құбылыстың, бейнелі әрекеттер мен динамикалық процестердің ою-өрнегін, бояу-нақышын келтіре суреттеуін саралап көрсетудің мәні аса зор. Бұл тек сан алуан еліктеуіштердің ауқымын анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар мағыналарын да дөп басып, дәл көрсету үшін де қажет. Қорыта айтқанда, түркі тілдеріндегі имитатив сөздердің лексика-семантикалық байланысын қарастырғанда бұл құбылыстың тіл құрамында өзіндік жасалу заңдылықтары мен қалыптасқан жүйесі барлығы, қазақ және түрік тілдеріндегі жеке-дара қолданыста жүрген жүздеген, мыңдаған дербес сөздердің төркінін анықтауға мүмкіндік беретіні анықталды. Осы туыстас тілдердің сөздік қорындағы еліктеуіш сөздердің ұқсастығы мен ерекшелігін саралап қарастырғанда мынадай мәселелер белгіленді: қазақ және түрік тілдеріндегі еліктеуіштер фонетикалық жағынан өзгерішке ұшырағанымен олардың түбірі бір екені мәлім. Мысалы қор / hor, пыс / miş, қарқ / gak және т.б.; әрбір халықтың қоршаған ортадағы дыбыстарды психологиялық қабылдау ерекшелігіне орай, қазақ және түрік тілдерінде мағынасы бір еліктеуіштердің түбірлерде тұлғалық жағынан өзгешелік кездесті. Мәселен, sarq/ çağil, сыбыр / fisil, арс /hav, шиқ / civ және т.б.; түрік тіліндегі шет тілден енген еліктеуіш сөздер. Мысалы, kahkaha т.б. ӘДЕБИЕТ 1 Хұсайын К.Ш. Дыбысбейнелеуіштік теориясының негіздері. Алматы: Жібек жолы, 2009. 368 б. 2 Платон. Собр. соч. в 4 х томах. Перевод Т. В. Васильевой. Том 1. М.: Мысль, 1990. 3 Михалёв А.Б. Теория фоносемантического поля. Краснодар: Кубанский гос. университет, 1995. 213 с. 4 Якушин Б.В. Гипотезы о присхождении языка. М.: Наука, 1985. 137 с. 5 Гумбольдт В. фон. Избранные труды по языкознанию. М.: ОАО ИГ «Прогресс», 2000. 400 с. 6 Воронин С.В. Основы фоносемантики. Л., 1982. 244 с. 7 6. Ашмарин Н.И. Подражание в языках Среднего Поволжья. Вып. I-IV. В кн.: Известия АзГУ. Баку, 1925. Обществ. науки. I-II. С. 143-157; III-IV. С. 75-99. 8 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. 446 б. 9 Сарыбаев Ш. Подражательные слова и их отношение к междометиям // Известие АН КазССР. Серия филолог. и искусств. 1954. 135. Вып. 2-4.

10 Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке: дисс.... канд. филол. наук. Алма-Ата, 1965. 11 Ибраев С. Фонетические особенности подражательных слов в казахском языке: дисс.... канд. филол. наук. Алма-Ата, 1971. 12 Қайдар Ә.Т. «Имитатив теориясына» қатысты жаңаша көзқарас // Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2007. 126-142 бб. 13 Өткелбаева С.А. Қазақ тіліндегі дыбыстық символика құбылысы: филол. ғыл. канд.... дисс. Алматы, 1994. 155 б. 14 Ислам А. Англо-казахские параллели в ономатопее: дисс... канд. филол. наук. Алматы, 1999. 172 стр. 15 Жонкешов Б.С. Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты (семантика, сөзжасам, фоносемантика). Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту орталығы», 2009. 192 бет. 16 Дмитриев Н.К. Строй тюрксих языков. М., 1962.; Marchand H. Die Bildung der Lautsimbolischen Wörter.m türkischen. Oriens, 6-1. leiden, 1953.; 34.; Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка / Отв. редакт. С.Е.Малов. М.- Л.: Издат. АН СССР, 1956. 550 с. 17 Tuna O. N. Türkçede tekrarlar. TDED III, c. 3-4. s. 429-447; IV. C. 1-2, s. 35-82. 1950.; Ergin M. Türk Dil Bilgisi. (Eğitim Enstitüleri Yüksek Okullar ve Temel Bilimler Fakulteleri için). İstanbul, Minnetoğlu yayınları, 1977. 395 s.; Gencan T. N. Yansımalar Yahut Ses Kelimeler. Onomatopеeler. Ergene, S. 4, s. 10-11; S. 5, s. 9-10. İstanbul, 1947.; Eren H. Onomatopée lere Ait Notlar. Türkiyat Mecmuası (İstanbul Üniversitesi Türkiyat Enstitüsü tarafından cıkarılır). C. X. İstanbul, 1951-1953. s. 55-58.; Gazimihâl M. R. Sese Benzetimli İsimler. Türk Folklor Araştırmaları. C. 6, S. 141, YL: 12 (Nisan), s. 2361-2362. İstanbul, 1961.; Selen N. Nesnelerle Onlara Verilen İsimler Arasında O Nesnenin Özelliğine Uygun Bir Ses Uyuşumu Var mıdır?", Ankara Üniversitesi DTCFD, C. XXV, S. 3-4 (Temmuz Aralık). Ankara, 1967. s. 116-120.; Demiray M. G. Yöresel ve Yansıma Kelimeler. Sıvas Folkloru (Sıvas ta çıkar aylık folklore Dergisi). C. I, S. 9 (Ekim), Sıvas, 1973.; Türkay K. Kaşgarlı'nın Derlediği Yansıma Sözcükler. Ömer Asım Aksoy Armağani /Yazı Kurulu: Mustafa Canpolat, Semih Tezcan, Mustafa Şerif Onaran. Ankara: Ankara Üniversitesi Basımevi, 1978. 317 s. (Türk Dil Kurumu: 449). 18 Zülfikar H. Türkçede ses yansımalı kelimeler. Ankara: Atatürk kültür dil ve tarih yüksek kurumu, 1995. 699 s. (Türk dil kurumu yayınları: 628). 19 Кожа Э. Түрк жана кыргыз тилиндеги тууранды сөздөр. Автореферат. Бишкек, 2008. 25 б. 20 Sevan NİŞANYAN. Sözlerin soyağacı. Çağdaş Türkçenin Etimolojik Sözlüğü. İstanbul, 2010. Исаева Г.С. Смысловое развитие подражательных слов в казахском и турецком языках Резюме Рассматривается смысловое развитие подражательных слов в казахском и турецком языках.

Issayeva G.S. Semantic development of imitative words is in the Kazakh and Turkish languages Summary Semantic development of imitative words is examined in the Kazakh and Turkish languages.