Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

Benzer belgeler
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

Prof.Dr. Osman Horata

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

Sempozyum Düzenleme Kurulu / Симпозиум Ұйымдастыру Комитеті / Symposium Organization Committee

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

Prof.Dr. Osman Horata

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Балама энергия көзіне балама заң керек

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

Prof.Dr. Osman Horata

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

Mustafa ARSLAN. Assoc.Prof.Dr., International Black Sea University, Faculty of Education and Humanities, Department of Turkish Philology.

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2014 Yıl / Year / Год 6 Sayı / Number / Число 20

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

ЗАТ ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГ ОРИЯЛАРЫН ОҚЫТУ

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

республикалық апталық газет

ағымына сай жаңа заманғы технологиялар бойынша тұрғызған. Сөйтіп, ол малды асылдандыру

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

Қордың жылдары атқарған қызметі

ОН МЫЃ ОТБАСЫ ЖАЃА ЉЙГЕ К<ШЕДI

Prof.Dr. Osman Horata

Тақырыбы: I дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясы (Түркия).

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

Г.С. ИСАЕВА. Филология ғылымдарының кандидаты ҚАЗАҚ-ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДЫБЫСЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ. Аннотация

MÂTURÎDİ TEOLOJİ VE ANA KAYNAKLARI *

AVRASYA ARAŞTIRMA ENSTİTÜSÜ FAALİYETLER

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

KÜLTÜR EVRENİ. Стоимость подписки 40 TL (Yurt içi / для граждан Турции) 60 $ / 50 Euro (Yurt dışı / для граждан других стран)

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

Kazakça Öğreniyorum Kitabı (Қазақ Әліпби)

Мәуiт Ырысбек, Нарбаев Бақдәурен, Қайсаұлы Әрiн, Өрлеу Наржол. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың МАТЕМАТИКА

Transkript:

Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ KAZAK MİLLİ KAHRAMANI VE ASKERİ ŞAİR YAZAR BAUIRCAN MOMIŞULİ DE ÖZDEYİŞLER VE NÜKTELER IN THE WORKS OF KAZAKH NATIONAL HERO AND MILITARY POET-AUTHOR BAUIRCAN MOMIŞULİ APHORISMS AND WITTICISMS Құдайберген МƏМБЕТОВ * Резюме Мақалада қазақтың біртуар перзенті, жауынгер ақын-жазушысы Бауыржан Момышұлының қаламынан туған мақал-мəтелдер, нақыл сөздері жайлы сөз қозғалады. Б. Момышұлының əрбір айтқан сөзінің терең мағыналылығы соншалық, олардың барлығы халық арасында өшпейтін өсиетке айналып кеткен. Кілт сөздер: Б. Момышұлы, ақын-жазушы, жауынгер жазушы, мақалмəтелдер, нақыл сөздер, насихат сөз, дидактикалық əдебиет. Özet Yazar bu makalede; Kazak halkının bir milli kahramanı olan askeri konularda yazan, şair Bauırcan Momışuli nin eserlerindeki özdeyişlerinden ve nüktelerinden söz edilmektedir. Bauırcan ın eserlerindeki özdeyişleri birer atasözü niteliğindedir. Bu sözlerin çok derin anlamları bulunmaktadır. Yazıda ayrıca Bauırcan ın eserlerindeki nükteler de ele alınmaktadır. Bunlar didaktik edebiyatın önemli unsurlarıdır. Anahtar kelimeler: Askeri şair-yazar Buırcan Momışuli, özdeyişler (aforizmalar), didaktik edebiyat * Филология ғылымдарының кандидаты/kazakistan 255

Abstract The article speaks of proverbs and sayings, aphorisms born from the feathers of militant poet-writer, the unique son of the Kazakh people Bauyrzhan Momyshuly.The meaning of each spoken word Bauyrzhan Momyshuly so deep that it had turned into an edifying word among the people. Key words: B. Momyshuly, poet-writer, a military writer, proverbs and sayings, aphorisms, instructive word, the didactic literature. Ежелден келе жатқан қазақтың халықтық мақал-мəтелдері дидактикалық əдебиеттің көркемдік негізі. Мақал-мəтелдер фольклордағы дидактикалық ғибрат үлгілері. Б. Момышұлының мақал-мəтелдері қазақтың халық ауыз əдебиетінің үлгісінде қалыптасқан. Бауыржан Момышұлының қаламынан туған мақал-мəтелдерінде, нақыл сөздерінде əрбір сөз тіркесінде терең мағына бар. Оларды өсиеті өміршең нағыз нақыл сөз бен мақал-мəтелдер десек қателеспейміз. Б. Момышұлының (Орталық мемлекеттік мұрағаттың жеке қорында 1432) жүз жиырма үштен астам мақал-мəтелдері бар. Мақал-мəтелдің табиғаты жайлы фольклорист ғалым Б. Адамбаев былай дейді: «Мақал-мəтелдер халықтың сан ғасырлық көрген-білгенінен, бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы, табиғатта, өмірде үнемі қайталанып тұратын уақиғалармен, құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» [Адамбаев 1989: 15-16]. Ендеше Бауыржан Момьшұлының мақалдары да құрғақ жерде пайда болған нəрсіз, сөлсіз, əйтуір ұйқастыра салған үйлесім тапқан бос сөздер жиынтығы емес. Ол ойдан, толғаныстан, өмірлік тəжірибеден, көңілді селт еткізер бір сəттік құбылыстан туған, халық даналығының мəйегінен қанып шыққан жанды сөз. Оны біз əдебиетші ғалым академик Р. Бердібаевтың ойымен келтірсек: «Əйгілі қолбасшы И.В. Панфилов «Өткір сөз бен үшкір найза батыл шабуылда біріне-бірі көмек болады» деп текке айтпаса керек. Василий Клочковтың «Шегінетін жер жоқ, артымызда Москва!» деген ұлағатты сөзі сияқты Бауыржан Момышұлының да қанатты сөздері майданда кең тарағаны мəлім» [Бердібаев 1979 : 120]. Жалпы Бауыржан Момышұлы тудырған əр мақалдың өзіндік бір тарихы бар. «Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады» деп Асанқайғы айтқандай, іште жатқан ой түбінде сыртқа шықпай ма?! Ол жай шықпай, алып таудың астында талай жылдар, ғасырлар бойы жиналған ыстық лавадай бар күшіне лықсып шығып, бар қысымымен бұрқ ете қалады. Ондай өткір сөздің қызуы, оты күшті болады. Міне, Бауыржан Момышұлының да ойы осындай ыстық қордаланған сезімдерге толы болып келеді. Сонымен бірге ол 256

тұнық та терең, сабырлы да байсалды сөз асылы, ұрпақтан-ұрпаққа қалатын, ұлағатты ұстаздың сыйындай нақыл сөздер. Бұл жайында Бауыржан Момышұлының соңғы он жыл өмірінде бір болған зайыбы Ж. Егембердиева «Өмірінің өзі дастан» атты естелік роман эссесінде: «Баукең жазушы ғана емес, ақын адам, қазақ халқының бай мақал-мəтелдерін, фольклорын, өткен-кеткен тарихын терең білетін зерделі, зерек, өзі қанатты мақал-мəтел жазып кеткен білімдар, ғұлама да» [Ж. Егембердева 1990 : 319] деп жазады. Халқымыз: «Өнер алды қызыл тіл» деп бекер айтпаған. Бұл даналық, тазалық бұлағы, өмір қайнары. Ол ізгілікті еміп өскен мойымас рухтың, əр тамшы қанына сіңген кемеңгерлік кемел ойдың кені іспеттес. Адамзат санасындағы ақыл-ойдың інжу-маржандары, ғасырлар жемісі. «Мақал-мəтел атасы сөз», «Сөз анасы құлақ» деген халқымыз. Өйткені айшықты сөз өнерін зер сала тыңдайтын құлақ дүниеге келген асыл мұрасы мақалмəтелдер мен нақыл сөзін ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізіп, уағыздап келген. Ақын игілігі көпке ортақ. Өзекті жарып шыққан өнеге көпке ортақ. Бірдің тапқаны баршаға бірдей. Себебі адамзаттың тарих көшінде, бүкіл өмір жолында ізгілік пен адамгершілік, жақсылық пен шындықты мақал-мəтел, нақыл сөздерінде əдемі жеткізе білген. Баукеңнің өзі халқы жайында: «Менің халқым жер бетіндегі қасиетті халықтардың бірі. Себебі табиғаты таза, арұжданын саудаға салмаған, адам сүю сезімі сарқылмаған, бұзылмаған, жарылмаған халық. Бір сөзбен айтсам, ақын халық» [Бауыржан батыр 1991 : 3] деген еді. Нақыл сөздер мен мақал-мəтелдер тарихтың ескерткіші, ақыл-ойдың өшпес, өзгермес жəдігері, даналықтың тобықтай түйініне айналған туындысы. Мақал-мəтелдер бейнелі пікірді аз сөзбен ықшам түйіндеуді, мəнерлі ырғақ пен ішкі үндестікті, əдемі ұйқас пен өткір өрнекті барынша қажет ететін əдебиеттің ең қиын түрі. Сондай бейнелі, өрнекті мақал-мəтел, нақыл сөздер ана тіліміздің əдемі үлгісімен кейінгі ұрпаққа мол мұра ретінде келіп жетті. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» дейді халық. Мақалмəтелдер өмір тəжірибесі. Бауыржан Момышұлы қиын сəтте, қиын кезде өз атын қанатты сөзбен өрнектеп, шешен тілмен кестелеген. Автордың мақал-мəтелдері жалпы əртүрлі жағдайға байланысты туындап отырған. Олар сан-салалы. Бірінде өмір туралы ой өрнектелсе, екіншісінде еңбек жайлы өнеге ұсынылады, үшіншісінде ерлік мəні ашылады. «Бірақ, біз майдан шебінде, үгіт-насихат ісінде, оларды жағдайға байланыстырып, айтқан сөздеріміздің тұжырымды қорытындысы ретінде пайдаландық. Жауынгерлер оған түсініп отырды. Халқымыздың мақал-мəтелдері өзіміздің тəжірибемізден алған қорытындыларымыз найза мен оқ сияқты қолымыздағы жарақ болып, бізді кезінде қаруландырып, көңілімізге əжептəуір тірек болып отырды» [Бауыржан батыр 1991 : 3] деген еді Бауыржан Момышұлы. 257

Мақал-мəтелдерді жастайынан жаттап, халық педагогикасын жадына сақтап өскен Бауыржан Момышұлы ұлттық тəрбиеге де көп көңіл аударған. Бауыржан Момышұлы бата-тілекке де ерекше көңіл бөлген. Ол «Москва үшін шайқас» романының «Ақ бата ізгі тілек» деген тарауында жау қоршауынан құтқарылған Мəскеу түбіндегі бір селода қалың елдің алдында қарт ана Вика апайдың жауынгерлер мен оның командирі Бауыржанға: «Қош бол, балам! Жаратқан жар болсын! деген батасы жеңіске дем беруші болды. «Баталы құл арымас!» «Жаным арымның садағасы» деген ата дəстүрін ұстап, өлім қаупіне бас байлап, соғысқа еніп кеттік. Ар кіндігі Мəскеу артымызда «Жол болсын» деп қол бұлғап тұрғандай болды, - деу арқылы ел тілегі ерді өлімнен сақтайды, «Көп тілеуі көл». Сондай-ақ «Бата» атты əңгімесінде, туған аулына келіп, ынтымағы кеткен елді, қадірі жоқ кемпір-шалды, берекесіз, бейбастақ келін мен қызды, дөрекі, масаң бозбаланы көріп ызаланған Баукең дастарханаға ас қайырып, үй иесіне бата бергенде де, бұрынғы халықтық бата-тілекті қайта жаңғыртып, «Я, құдай, дозақтың отынан сақта, қаңғыған оқтан сақта, парақор соттан сақта, кірлі сумен жуыстан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қапажүрек батылдан сақта, көкдолы қатыннан сақта, колхозды жеген бастықтан сақта, намды басқан кесірден сақта, кеудесін керген келіннен сақта, мезгілсіз келген өлімнен сақта, татымсыз тұзыңнан сақта, ұятсыз қызыңнан сақта, жастарында əдеп жоқ, өлгенінде бəтуа жоқ құр айғай, шат-шəлекей даңнан сақта!» [Бауыржан батыр 1991 : 308] депті. Бата беруі тұнып тұрған тəлім, өзіндік үлгі-өнеге, өлмес, ескірмес өсиет. «Баукең шығыс, батыс елдерінің көне заманнан осы жаңа заманға дейінгі ойшыл философтарының біршама еңбектерін оқып, бойына сіңіре білген, өзінің де өмірге деген философиялық ой-пікірі бар, тұжырымы терең психолог, философ кісі» [Ж. Егембердева 1990 : 319] дейді жазушы Ж. Егембердиева. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері құнарлы ойдың құнды қазынасы екендігі даусыз. Елдің ерлігі, ердің ерлігі сыналған сұрапыл жылдардан жеткен сол нақыл сөздерде қазір де халыққа керек, келешекке қажет дүниелер молынан кездеседі. Өйткені аталарымыз бен əкелеріміз біздің ашық аспан аясында бейбіт тіршілік етуіміз үшін от кешіп Отанды қорғады. Өмірді сүйіп, өліммен белдесті, жеңісті жақындатып өздері құрбан болды. Ендеше сол күндерден жеткен Бауыржан Момышұлынан қалған ұлағатты сөзді ұмытпау əрқайсымыздың борышымыз. Бауыржан Момышұлының бойындағы ізгі қасиетттердің қалыптасу негізі халқымыздың гүлге қонып бал іздеген арадай сан ғасырлар бойы жинақтаған əдет-ғұрып, салт-сана, тəлімтəрбие дəстүрі мен іштей түлеп сұрыпталған рухани мəдениетінде жатыр. Б. Момышұлы: «Халқымыздың мақал-мəтелдері, өздеріміздің тəжірибеден алған қорытындыларымыз найза мен оқ сияқты қолымыздағы жарық болып бізді кезінде қаруландырып, көңілімізге əжептəуір тірек болып отырды. Дұрысы жəрдемдесті...» [Бауыржан батыр 1991 : 86]. 258

Бауыржан Момышұлының Орталық мемлекеттік мұрағатта (ҚРОММ, 1432. Қор. 2-тізімдеме. 45-іс. 7 б.) сақталған «Офицердің майдан дəптерінен» атты жинағындағы «Нақыл сөздерде» жауынгер жазушы, ақын Б. Момышұлы Ұлы Отан соғысының отты жылдарында офицердің майдан дəптеріне сарбаз солдаттармен күні-түні бірге болғанда кеңесе, ақылдаса жүріп, ой-пікірін тұжырымдаған, жинақталып ой-елегінен өткізген, көкейіндегі ой көркінен туған нақыл сөздерді қойын дəптеріне тіркеп отырған. Бауыржан Момышұлының бүгінгі таңда ел арасына тарап кеткен нақыл сөздерінің тəрбиелік мəні орасан зор. Əсіресе: «Тексізден тезек артық. Тəрбие таза ниет атасы. Тəрбиелі тəртіптің құлы. Тəртіпті елдің ұлы. Бақаның бағынан сұңқардың соры артық. Ежелден ел тілегі ер тілегі, Адал ұл ер боп шықса ел тірегі т.б. [Бауыржан батыр 1991 : 182]. Жауынгер жазушының нақыл сөздері келешек ұрпаққа үлгі мұра. Əсіресе Б. Момышұлының соғыс дəуірінде насихат-жырының арқауы етіп, фəни дүниенің жалт етіп өте шығатын қас қағымдық кезеңін мағыналы да мəнді өткізу ұлағатын алға тартады. Насихат өлеңінде ақынның лирикалық серпілісінен тыңдаушысына қарата тебірене толғауы адамдарды оптимизмге, рухани құлшынысқа шақырады. Отырсам көп ойланып күнім жақын, Əр адам біле бермес сөздің парқын... Ақын өзінің рухани болмысымен (үнемі ішкі жан дүниесімен) үнемі сұхбаттаса жүретін психологиялық сыры күрделі тұлға. Б. Момышұлының ақындығының лирикалық сыршылдығы насихат өлеңдерінде де байқалады. Жауынгер ақынның нақыл, насихаты ақын тұлғасының шығармашылық болмысы. Өлеңдері мен нақыл сөздері жауынгерлер жүрегіне, халқының жүрегіне ұялаған туындылар. Кім кетпес ажал жетіп тағдыр болса, Өмірге ар мен намыс қолқа салса. Мəңгілік өмір жасап өлмегені Батырдың ел аузында аты қалса. Ақын мақтаншақ, мансапқор, қорқақ «данышпансынған» адамдардың бет-бейнесін де өлең сөздерінде айқындай түседі. Мақтанбағын мас болып, Абырой алсаң табысқа. Қоян болма тығылып, Жау көргенде қамысқа. Б. Момышұлының нақыл, насихат өлеңдері дидактикалық поэзиядағы негізгі арнаны құрайтын туындылар. Фольклор мен Шығыс əдебиеттерінде кең өрістеген халықтық тəлім-тəрбие сарындары (ерлікке, батырлыққа, 259

адамгершілікке баулитын) Бауыржанның ақындық поэзиясында кең өріс алған. Академик З. Ахметов: «Нақыл өлең ғибраты, тағлым берерлік мəні бар, ойды ықшамды, ұғымды түрде жеткізетін, өткір нақышты сөздерге негізделетін терме жырлар, өлеңдер» [Əдебиеттану терминдерінің сөздігі 1996 : 146] дейді. Б. Момышұлының майдан төрінде туған бірнеше толғаулары «Тырнақтап жинап əр жерден», «Ана тілін ардақта», «Толғау», «Қайран сегіз» т.б. отты өлеңдеріндегі ойлар жүйесі философиялық тереңдіктерімен адамды баурайды. Адамзаттың адамгершілік қасиетін жоғары бағалап, не істесе де ақылмен билік етіп, əділдіктің құлы бол дейді....əділдікке құл болып, Кең толғанып, көп ойлап, Ақылыңмен билік ет, Түсініп, сезіп тармағын... Б. Момышұлы өлеңдерінің құндылығы сол бүгінгі егеменді еліміздің азаматтарына еліңе, халқыңа, мемлекетіңе адал қызмет ет деп үндейді. Менікі емес деп түсінбе Өкіметтің дүниесін. Ол сенікі, апаңдікі, ағаңдікі, Бекерге ол күймесін, - немесе Ел еңбегін қадірлемеген ер емес, - дейді. Ақын елін, халқын, Отанын шын сүйген азаматтардың болашағынан көп үміт күтеді. Отаншылдық рухқа тəрбиелейді. Ерлік ер жігіттің батырлығын көрсетеді. Ақынның нақыл сөздерінің тақырыбы сан алуан. Оның тектілікке, намысшылдыққа, ерлікке, əділдікке, отаншылдыққа, ана тілін сүюге, тəртіптілікке, ақылдылыққа, адамгершілікке уағыздайтын нақыл сөздері мол. Əсіресе біздің ғылыми зерттеу тақырыбымыздың өзгесіне айналып отырған негізгі мəселе: жауынгер ақынның ерлік пен өрлікке үндейтін нақыл сөздері егеменді, тəуелсіз еліміздің туын нығайтуға, жастарды ұлы ерлікке, батырлыққа, ұлттық рухқа, Отанын қорғауға тəрбиелейтін ұлы дүниелер. Қолына қаруы мен қаламын қатар ұстаған жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы, əскер қатарына шақырылғаннан бастап-ақ, өзінің офицерлік күнделік дəптерін мұқият жүргізген. Əрине жазушының ақындық таланты ерте жастан-ақ танылғаны тарихи шындық. Осы талантын жауынгер жазушы Ұлы Отан соғысы дəуірінде «найзадан қол босағанда», толғанып, ой елегінен өткізген тұжырымды сөздің мəйегін қағаз бетіне түсіріп отырған. Б. Момышұлының бұл ұлағатты ісі 260

ұрпаққа сарқылмас мұра, ұлы қазына жастардың қолға ұстайтын шамшырағы. Ақын: Ақыл айтар мезгілде, Мың жасаған шалдай бол. Қатал болар мезгілде, Шатырлаған жайдай бол, - - десе, енді бірде: Мейірім түсер мезгілде, Ағарып атқан таңдай бол. Жауды бөгер кезеңде, Көлденең жатқан ордай бол, дейді. Ақылды, парасатты, мейірімді болу əрбір жастың (адамның) міндеті мен парызы. «Ақыл айтар мезгілде», «мың жасаған шалдай бол», «жауды бөгер кезеңде», «көлденең жатқан ордай бол», адамдық пен батырлықты ақын қатар қояды. Қазақтың халықтық мақал-мəтелдері дидактикалық əдебиеттің көркемдік негізі. Халқымыздың ертеден дамып келе жатқан көркем əдебиетімен сусындаған Бауыржан Момышұлы мақал-мəтелдерді көркем əдеби туындыларында кеңінен пайдаланды. Ақын Ұлы Отан соғысы жылдарында өмір тəжірибесінен жинақтаған ойларын адамзатқа ортақ тағылым атаулыны ғибратшыл ой өрімдерімен өрнектейтін парасат иесі. Жан дүниесіндегі ізгіліктен қуат алған, жамандықтан жабыққан көңіл-күйін ғибратшыл ойлы талпынысқа айналдырады. Арсыздан айуан артық, Арлы адам ардақты. Ар ардақтың анасы, т.б. Насихат, нақыл сөздеріндегі адамгершілік ұлағатына шақырған ойөрімдері жауынгер ақынның ұлттық топырақтағы гуманистік мұраттарды биіктетуші тұғырнамасын дəлелдейді. Мысалы: «Адал ниет ардақ атасы», «Адалдықтың адымы алты құлаш» деп адамдыққа, адалдыққа үндейді. Жауынгер ақын-жазушы Бауыржан Момышұлының қаламынан туған ұлы туындылары əскери көркем əдебиетіміздің ұлы қазынасы. Əскери өлең толғаулары мен дидактикалық сарындағы нақыл сөздері жауынгер жазушының ғылыми, əскери көркем туындылары бүгінгі күнгі мəдени мұрамыздың ұлы қазынасы. 261

ƏДЕБИЕТТЕР 1. Адамбаев Б. Алтын сандық. Əдеби мақалалар. Алматы: Жазушы, 1989. 200 б. 2. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы: Ғылым, 1979. 240 б. 3. Егембердиева Ж. Өмірдің өзі дастан. Алматы: Жазушы, 1990. 319 б. 4. Бауыржан батыр / Құрастырған, алғы сөзі мен түсінігін жазған М. Мырзахметов (Жоғарғы класс оқушыларына арналған жинақ). Алматы: Жалын, 1991. 352 б. 5. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құр. З. Ахметов, Т. Шыңбаев. Алматы: Ана тілі, 1996. 240 б. 6. Əуезов М.О. Уақыт жəне əдебиет. Алматы: Жазушы, 1962. 410 б. 262