Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

Benzer belgeler
ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

MÂTURÎDİ TEOLOJİ VE ANA KAYNAKLARI *

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

Prof.Dr. Osman Horata

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

Prof.Dr. Osman Horata

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Prof.Dr. Osman Horata

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

Prof.Dr. Osman Horata

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

04-06МАМЫР 2015ТҮРКІСТАН\ҚАЗАҚСТАН MAYIS 2015 TÜRKİSTAN/ KAZAKİSTAN MAY 2015 TURKESTAN / KAZAKHSTAN

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

Балама энергия көзіне балама заң керек

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

İlahiyat Fakültesinin İlmi Dergisi Sayı 2013 ХАНАФИЙ МАЗХАБЫНЫН МАВАРАУННАХИРДЕ КАЛЫПТАНУУСУНДА БУРХАНУДДИН АЛЬ-МАРГИНАНИНИН ОРДУ

Тақырыбы: I дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясы (Түркия).

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

AVRASYA ARAŞTIRMA ENSTİTÜSÜ FAALİYETLER

KZI BANK ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

Sempozyum Düzenleme Kurulu / Симпозиум Ұйымдастыру Комитеті / Symposium Organization Committee

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

«Рекреация» сөзі поляктың regreacia демалу, латынның regreation күш

YENİ KÜRESEL GERÇEKLER BAĞLAMINDA KAZAKİSTAN IN YENİ SOSYAL POLİTİKASI

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

ағымына сай жаңа заманғы технологиялар бойынша тұрғызған. Сөйтіп, ол малды асылдандыру

республикалық апталық газет

Мәуiт Ырысбек, Нарбаев Бақдәурен, Қайсаұлы Әрiн, Өрлеу Наржол. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың МАТЕМАТИКА

Mustafa ARSLAN. Assoc.Prof.Dr., International Black Sea University, Faculty of Education and Humanities, Department of Turkish Philology.

Transkript:

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti Асқар ӘКІМХАНОВ «Нұр-Мүбарак» университетінің PhD докторанды Имам Әбу Мансур әл Матуриди сунниттік Ислам теологиясының негізін қалаған біртуар ғұламалардың бірі һәм бірегейі. «Кәләм» ілімінің көшбасшысына айналған имам Матуриди сунниттік Ислам теологиясын ғылыми, әдістемелік тұрғыдан негіздеп, дінді оның негізімен үйлеспейтін жат сенімдер мен жаңсақ тұжырымдардан тазарту жолында ерен еңбек еткен біртуар ғұлама. Осы тұрғыдан алғанда, ол мұсылмандардың сенімі мен сана сезіміне едәуір ықпал екен Исламнан тыс діни пәлсапалық ағымдар мен Исламның өз ішіндегі бірқатар дәстүрлі сунниттік бағытқа қайшы діни саяси ағымдарға қарсы тұрды. Осылайша, ол Құран мен сүннетке негізделген сүнниттік сенімнің кіршіксіз таза күйінде сақталып, келешек ұрпаққа жетуіне елеулі үлес қосып, «пайғамбар мирасқоры» деген асқақ атқа лайық болған жаңашыл ғұламалар арасынан ойып тұрып орын алды. Әбу Мансур әл Матуриди Ислами ой сана тарихында пайда болған сан алуан діни түсініктер арасынан «рационалистік діни түсінікті» әрі соған негізделген «рай әдісін» 1 қолдайтын аса көрнекті де, жаңашыл ғалымдардың бірі болды. Әсілі, діни рационализмге негізделген «рай әдісінің» негізін қалаған Әбу Ханифа болса да, оны эпистемологиялық 2, теологиялық және пәлсапалық тұрғыдан негіздеп, жүйеге салған имам Матуриди еді. Ол өзінің «нақыл» мен «ақылға» негізделген ілімі арқылы өз дәуірінде пайда болған көптеген діни мәселелердің шешімін таба білді. Ол саналы ғұмырында ағартушылықпен қатар, Құран тәпсірінде «Китәбу тәуиләт», кәләм ілімінде «Китәбут таухид» сынды әр қайсысы өз саласында өзіндік жаңашылдығымен ерекшеленген соны еңбектер жазып, қалдырды. Нәтижеде, оның ілімі негізінде өз атымен аталатын өзіндік ғылыми әдістемесі бар сунниттік сенім мектебі қалыптасты. Бұл мектеп «ханафи матуриди» деген атпен әу баста Мауараннахр 3 және Хорасаннан 4 бастау алып, кейін Орта Азияның өзге аймақтарына, Ресей, Кавказ, Шығыс Түркістан, Түркия, Үдістан, Пәкістан, Малазия, Индонезия және өзге де мұсылман елдеріне дейін кеңінен тарап, бүгінгі таңда әлем мұсылмандарының тең жарымынан астамын қамтитын үлкен мектепке айналды. Дегенмен, өткен заманда кейбірі белгілі, енді бірі белгісіз себептермен имам Матуридидің өзі де, ілімі де имам Әшғари, имам Тахауи, имам Ғазали және Ибн Тәймия сынды ғалымдармен салыстырғанда лайықты деңгейде зерттелмегенін көреміз 5. Міне, сондықтан да, бүгінгі таңда Матуриди ілімін жан жақты зерттеп зерделеу күллі мұсылман үмбеті, соның ішінде, діни дүниетанымы мен ұстанымы о бастан «ханафи матуридилік» ілім негізінде қалыптасқан Қазақ елі үшін кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Әсілі, бұл еліміздің болашағына балта шабатын сан түрлі келімсек діни ағымдарға төтеп беру әрі халқымыздың рухани иммунитетін күшейтудің бірден бір жолы десек артық айтқан болмаймыз. Аты-жөні және ныспысы Имам Матуридидің толық аты-жөні Әбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл- Матуриди әс-самарқанди. Матуридидің азан шақырып қойған аты Мұхаммед, лақап аты Әбу Мансур 6. 1 «Діни рационализм» танымның қайнар көзі уахи мен ақыл деп санайтын діни бағыт. Бұл бағыт өкілдері Ислам тарихында «әһлу рай» деп аталған. «Рай әдісі» Құран және сүннетті негізге ала отырып, ақылға жүгіну арқылы аталмыш екі қайнар көзден «қияс» жолымен үкім шығару әдісі. Бұл әдісті фиқһ ілімімен айналысқан сахабалар, табиғиндер және таби-табиғиндер де қолданған. 2 Эпистемология (грек. epistemologia). Танымның мәні мен оның ақиқаттығының өлшемін зерттейтін философия бөлімі. 3 Мәуараннаһр (арабша ما وراء النهر «өзеннің арғы жағы» деген мағынаны білдіреді). Амудария мен Сырдария өзендері арасындағы көбіне түркі тілдес елдер мекен еткен ортағасырлық аймақ атауы. Бұл тарихи аймақ бүгінгі Өзбекстан, Қарақалпақстанның бір бөлігін, Тәжікстан, Қырғызстанның оңтүстігін, Қызылқұм шөлі мен қазіргі Қазақстанның бір бөлігін қамтыған. Жер көлемі шамамен 660.000 km 2 құраған. 4 «Хорасан» (парсы тілінде خراسان «күншығыс елі» деген мағынаны білдіреді). Мауараннах аймағының оңтүстігінде орналасқан Қізіргі Иранның шығыс бөлігін, сондай-ақ Ауғаныстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанның біраз бөлігін қамтыған ортағасырлық тарихи аймақ атауы. Кейбір тарихи дереккөздерде «Мауараннахр», «Хорасан» және «Хорезм» аймақтары бірге «Ұлы Хорасан» деп те аталады. 5 Сөнмез Кутлу, «Матуриди ве Матуридилік», Анкара 2012 ж., 15 б. 6 Арабтарда құрмет тұтқан кісіні жалғыз немесе тұңғыш баласының атымен яғни, пәленшенің әкесі, түгеншенің анасы деп атайтын әдет бар. Кейіннен бұл әдет ислам дінін қабылдаған өзге халықтарға да сіңген. Дегенмен, бұл лақап ат Матуридидің «Мансур» атты ұлы болғанын білдірсе де, дереккөздерде одан еркек кіндік тұяқ қалғаны жайлы бірде-бір мәлімет кездеспейді. Сондай-ақ Матуридидің өзі де Құран тәпсірінде лақап аттардың мән-мағынасына тоқталғанда «Әбу Мансур» деген лақап ат әдетте ұл сүймеген кісіге «Мансур» атты ұлы болсын деген игі тілекпен қойылатындығын айтқан. 1

Бұл лақап ат оған дін жолында сіңірген ерен еңбегі үшін берілген деген пікір бар 7. Ислам мәдениетінде әдетте беделді ғұламалар көбіне-көп туған жері немесе шыққан руымен аталады. Сол себепті, ол негізінен туған ауылына телініп, Матуриди деген атпен танымал болған. Сондай-ақ ол туған ауылы Самарқан шаһарына қарасты шағын елді-мекен болғандықтан әс-самарқанди деп те аталған. Ғалымдар имам Матуридиді ізет тұтып, оны басқа да көптеген лақап аттармен атаған. Атап айтсақ олар «Имамул-Һуда» (тура жол имамы), «Имамул-Мутәкәллимин» (кәләм ілімі ғалымдарының имамы), «Мусаххиху ақайдилмуслимин» (мұсылмандардың сенімін дұрыстаушы), «Рейису әһлис-суннә» (күллі сунниттердің басшысы), «Рейису мәшәйхис-самрқанд» (Самарқан ғұламаларының басшысы), «Аләмул-һудә» (тура жолдың байрақдары), «Зәһид, шейх/шейхуль-имам» (тақуа, ғұлама/ ғұлама имам) және т.б. Міне, имам Матуридиге берілген осынау құрметті лақаптарға қарап, оның орта ғасырлық «Мауараннахр» ханафи ғұламалары, әсіресе, «жузжания» 8 мектебінің өкілдері арасында аса беделді де, құрметті ғалым болғанын көреміз. Дегенмен, ол көбіне-көп «Әбу Мансур әл-матуриди» және «Әбу Мансур әл-матуриди әс-самарқанди» деген атпен танымал болған. Өмірбаяны, ата тегі және ұрпақтары Имам Матуриди Мәуараннахр аймағының орталығы болған, бүгінгі Өзбекстан республикасындағы Самарқан шаһарының солтүстік-батысында орналасқан Матурид (немесе Матурит) шағын елді мекенінде дүниеге келген. Ғұламалар арасында қанша беделді болғанымен дереккөздерде туған жылы жайлы нақты мәлімет жоқтың қасы. Кейбір тарихшылар имам Матуридидің ұстаздары Мұхаммед ибн Муқатил әр-рази (248/862) мен Нусайыр ибн Яхя әл-бәлхидің (268/881) дүниден озған жылдарына қарап, оның шамамен хижри үшінші ғасырдың бірінші жартысында, нақтырақ айтқанда, отызыншы жылдары яғни, 230-240/844-854 жылдар аралығында дүниеге келгенін болжайды 9. Қайтыс болған жылына келсек, Әбу Муғин ән-нәсәфидің айтуынша имам Матуриди 324/935 жылы дүниеден озған Әбу әл-хасан әл-әшғаридан бірер жылдан кейін дүние салған 10, алайда, ол нақты мерзімін көрсетпеген. Ал өзге ғалымдардың көпшілігі оның 333/944 жылы, Самарқанда дүниеден озғанын бір ауыздан мақұлдайды 11. Ендеше, имам Матуридидің шамамен 230-240/844-854 жылдар аралығында дүниеге келіп, 333/944 жылы дүние салғанына қарап, оның жүз жылға жуық өмір сүргенін айтуға болады 12. Сондайақ оның Самарқан қаласының Чакардизе зиратына қойылғаны белгілі 13. Имам Матуриди өзінің саналы ғұмырын ғылымға арнаған, көптеген еңбектер жазып, талай шәкірт тәрбиелеген біртуар ғұлама еді. Соның айғағы ретінде, ұзақ жылдар бойы Самарқан қаласының жоғарғы соты болған Хаким әс-самарқанди имам Матуридидің мазар тасына: «Бұл бар ғұмырын ғылымға арнаған, бар күш қуатын ілімнің кеңінен жайылуы үшін жұмсаған, дін жолында жазған еңбектері мадақталған, өнегелі өмірінің жемісін жиған тұлғаның қабірі», деп жаздырған 14. Имам Матуридидің шыққан тегіне келсек, бір таңғаларлығы, ол өз заманының ғұламалары арасында аса беделді ғалым болғанына қарамастан көне дереккөздерде оның әкесі мен атасынан өзге ата-бабалары аталып, көрсетілмеген. Алайда, әс-сәмғани, әз-зәбиди және әл-баядый сынды ғалымдар өз еңбектерінде оның арғы атасы сахаба болған деген пікірді алға тартып, оған «әл-ансари» деген де лақап ат берген. Нақтырақ айтқанда, олар оның атақты мәдиналық сахаба Әбу Әюуб Халид ибн Зәйд әл-ансаридің ұрпағы екенін айтқан. Бұл пікірді «Тәуиләту әһли сүннәні» зерттеп, жарыққа шығарған Мәжди Бәсәллум да қолдайды 15. Аталмыш ғалымдардың бұл мәселеде сүйенетін дәйегі имам Матуридидің «Китабу әт- Таухид» атты еңбегінің қолжазба нұсқасының бір бетінде оның арғы атасы әйгілі сахаба Әбу Әюуб Халид ибн Зәйд әл-ансари екенін білдіретін жазудың болуы. Алайда, бұл жазуды кімнің жазғаны әлі күнге дейін беймәлім. Оның үстіне, әз-зәбидидің өзі де «әл-ансари» деген лақап аттың имам Матуридиге «суниттік сенімнің Исламдағы өзге сенімдерден үстем түсуіне сеп болғаны үшін» берілген болуы мүмкін деген де пікір білдірген. Аталмыш ғалымдардың бұл мәселеде сүйенетін тағы бір дәйегі Матуридидің қызынан тараған жиен немересі Шейх қадый имам Хасан әл-матуриди (қ.ж. 450/1058) мен жиен шөбересі Қади Әбу 7 Юусуф Зия Юөрукан, «Акайд системинде гелишмелер имам Ағзам Әбу Ханифа ве имам Әбу Мансур әл-матуриди», Ыстамбул 2006 ж., 170 б. 8 Мауараннахрдағы ханафилік бағыттағы ең беделді екі ғылыми мектептің бірі. Аталмыш мектептің өкілдері иман мен амалды бір-бірінен бөліп қарастырған және діни мәтіндерді тәуил жасауға болады деген пікірді ұстанған. Ал Иядыйя мектебінің өкілдеріне келсек, олар жузжаниялықтар сияқты иман мен амалдың екі бөлек екенін қабылдағанымен діни мәтіндерді тәуил жасау дұрыс емес деген пікірді ұстанған. 9 Имам Матуридидің өмірбаянымен танысу үшін мына еңбектерге қараңыз: Ахмет Ак, «Бүйүк түрк алими Матуриди ве Матуридилик», Ыстамбул 2008, 33,34,35 бб. Мәжди Бәсәллум, «тахқиқ Тәуиләт әһлус-суннә», Бәйрут, Даруль-кутуб әл-ильмия, 2005, I,71-75 бб. 10 Әбу Муғин ән-нәсәфи, «Табсыйратуль әдиллә», Шам 1992, I/360 б. 11 Сезгин Фуад, «Тәрихут-труас әл-араби», ауд. Махмуд Мәһми Хижази, Рияд 1982-1988, IV/40-42; ән-нәсәфи, «Табсыйра», I/360 б. 12 Шүкрү Өзен, «Әбу Мансур әл-матуридинин фыкыһ усулүнү иениден иншасы», 8 б. 13 Шүкрү Өзен, 146-151 б. 14 ән-нәсәфи, «Табсыйра», I/358 б. 15 Мәжди Бәсәллум, «тахқиқ Тәуиләт әһлус-суннә», I, 73 б. 2

әл-хасан Али ибн Хасан әл-матуридидің (қ.ж. 511/1117) Әбу Әйюуб әл-ансаридің тікелей ұрпағы болып келетіндігі. Осыған байланысты, олар көне салт бойынша текті арабтардың өз араларында ғана қыз алысып, қыз беріскендігін айтып, имам Матуриди де осы дәстүрді сақтай отырып, қызын өзі сияқты әйгілі сахабадан тараған текті елге ұзатқан болуы мүмкін деген пікір білдірген 16. Дегенмен, имам Матуридиді жан-жақты зерттеген өзге ғалымдар бұл пікірмен келіспейді. Солардың бірі Ахмет Актың айтуынша, имам Матуридидің өз еңбектері мен өзге де көне дереккөздерде оның араб нәсілінен екенін растайтын бірде-бір нақты мәлімет кездеспейді. Егер ол, аталмыш ғалымдар айтқандай әйгілі сахаба Әбу Әюуб әл-ансаридің нәсілінен болғанда, көне дереккөздерде оның ататегі міндетті түрде аталмыш сахабаға дейін тізбектеліп, көрсетілер еді. Өйткені, арабтардың атам заманнан шежіреге ерекше мән беретіндігі белгілі. Алайда, дереккөздерде оның әкесі мен атасынан өзге ата-бабалары мүлде аталмаған. 17 Сондықтан да, аталмыш дәйектер көпшілік ғалымдардың пікірінше Матуридидің ата-тегінің араб екеніне нақты дәлел бола алмайды. Сондай-ақ имам Матуриди парсы тектес болуы мүмкін дегендердің де пікірі көпшілік зерттеушілер тарапынан қолдау таппаған 18. Матуридидің ата-тегі араб немесе парсы деген болжамды теріске шығаратын ғалымдар оның әсіресе, «Китабут-таухид» атты араб тілінде жазылған еңбегінің тілінің ауыр болуын, ондағы базбір сөйлемдердің құрылысы көбіне-көп түркі тілдерінің сөйлем құрылысына ұқсайтынын, ол өсіп-өнген аймақты мекендеген елдердің басым көпшілігінің түркілер болғанын, әрі оның жолын ұстаған ғалымдардың дені түркі тектес екенін алға тартып, оның түркі жұртының өкілі екенін айтқан. Дереккөздерде имам Матуридидің ата-тегі сынды ұрапқтары жайлы да мәлімет өте аз кездеседі. Ғалымдардың айтуынша, одан еркек кіндік ұрпақ қалмаған. Ал оған берілген «Әбу Мансур» (Мансурдың әкесі) деген лақап ат, сол кездегі әдет бойынша еркек кіндік бала сүймеген кісіге Мансур атты ұлы болсын деген игі тілекпен берілсе керек. Өйткені, дереккөздерде оның ұрпағы ретінде жоғарыда аталған жиен немерелері Шейх қади имам Хасан әл-матуриди (қ.ж. 450/1058) мен Қади Әбу әл-хасан Али ибн Хасан әл- Матуриди (қ.ж. 511/1117) ғана көрсетілген 19. Тарихи дереккөздерде имам Матуридидің өмірбаяны жайлы да мәлімет өте аз кездеседі. Ол жайлы өте қысқа мәлімет берген базбір еңбектерді былай қойғанда, атақты ғалымдардың өмірлік жолын баяндайтын «әт Тәфсир уәл Муфәссирун» және «Табақат әл Муфәссирин» сынды бірқатар қомақты да, маңызды еңбектерде ол жайлы мәлімет жоқтың қасы. Мысалға айтсақ, оның тұлға ретінде қалыптасуы, көзінің тірісінде өз қоғамында қаншалықты беделді болғандығы, ресми орындарда қызмет атқарып, атқармағандығы жайлы мәлімет жоқ десек те болады. Сол себепті, ол жайлы жазылған деректер оның еңбектері, ұстаздары мен шәкірттері және оған қатысты айтылған мақтау сөздерден ары аспаған. Зерттеуші ғалымдар имам Матуридидің өмірлік жолы мен ғылымдағы орнын негізінен, оның өз еңбектеріндегі ғылыми тұжырымдары мен көз қарастарына ұстаздары мен шәкірттеріне, ол жайлы пікір білдірген кейбір ғалымдардың сөздеріне, ол жайлы айтылған аллегориялық әңгімелерге және өмір сүрген заманы мен қоғамына қарап анықтауға тырысқан. Имам Матуридидің өмірбаяны және ғылыми еңбектері жайлы ең алғаш қалам тартқан ғалымдар Әбу әл-юуср әл-паздауи (421/1027-493/1099) мен Әбу Муғин ән-нәсәфи (508/1115ж) болды. ән-нәсәфи өзінің «Табситартул әдиллә фи усулиддин» атты еңбегінде Самарқан ғылыми мектебінің қалыптасу тарихын жазып, онда имам Матуриди жайлы да біраз деректер келтірген. Расында бұл еңбек «матуриди» ақидасының «Китабут-таухидтан» кейінгі маңызды қайнар көзі болып табылады. Әбу әл-юуср әл-паздауи да (421/1027-493/1099) өзінің «Усулуд дин» атты еңбегінде имам Матуриди жайлы жазды. Алайда, ол оның өмірбаянынан гөрі ғылымдағы орны мен жетістіктеріне көбірек тоқталған. Аталмыш екі ғалымнан кейін Матуриди жайлы қалам тартқан басқа ғалымдар да болды. Атап айтсақ олар: Ибн Әбу әл-уәфә (қ. ж.775/1373), Ибн Кұтлубұға (қ.ж.879/1474), Камалпашазаде (қ.ж.940/1533), Ташкөпрузаде (қ.ж.968/1560), Хажы Халифа (қ.ж.1067/1657), Камалуд-Дин әл-баядый (қ.ж.1078/1687), әс-саид әл-муртада әз-зәбиди (қ.ж.1205/1791) және Мухаммед Абдул-Хай әл-ләкнәуи (қ.ж.1304/1886). Дегенмен, аталмыш ғалымдар келтірген деректерінде негізінен Әбу Муғин ән-нәсәфидің «Табситартул әдиллә» атты еңбегіне сүйенген. 20 Матуридидің ғылымдағы орны Исламдағы екі үлкен сунниттік теология мектебінің негізін қалаған қос ғалымның бірі Әбу Мансур әл Матуриди болса, ендібірі Әбу әл Хасан әл Әшғари. Аталмыш екі ғалымның атымен аталатын 16 Мәжди Бәсәллум, «тахқиқ Тәуиләт әһлус-суннә», I, 73, 74 бб. 17 Ахмет Ак, «Бүйүк түрк алими Матуриди ве Матуридилик», 35 б. Сондайақ Ахмет Актың пікірінше Әбу Муғин ән Нәсәфи Самарқаннан шыққан суниттік бағыттағы теолог ғалымдар жайлы мәлімет бергенінде, Қадый Әбу Аблуллаһ Мухаммед ибн Әсләм әл-әзди мен Әбу Наср әл-иядыйдің ата-тегін сахабаларға дейін тізбектеп, атаса, имам Матуридидің әкесі мен атасын ғана атап көрсеткен. Имам Матуридиді ерекше ізет тұтқан ән-нәсәфи егер оның арғы атасының атақты сахаба екенін білгенінде, оны міндетті түрде атап өтер еді. Шүкрү Өзен, «Әбу Мансур әл- Матуридинин фыкыһ усулүнү иениден иншасы», 12 б. де қараңыз. 18 М. Саид Языжыоғлу, «Матуриди Келам еколунүн ики бүюүк симасы: Әбу Мансур әл-матуриди ве Әбу Муийн ән- Нәсәфи», AÜIFD, 1985, C.XXVII, 281-298 бб. 19 Ахмет Ак, «Матуриди ве Матуридилик», 36-37 бб. 20 Ульрих Рудольф, «Аль Матуриди и суннитская теология в Самарканде», Алматы: Фонд «XXI век» 1999 ж. 95 б. 3

«матуридилік» және «әшғарилік» сенім мектебі XI ғасырдан бастап сунниттік теологияның көшбасшысына айналды 21. Дегенмен, ислам тарихында имам Матуридиге қарағанда имам Әшғари әлдеқайда танымал тұлға болып, ғылыми көзқарастары мен пікірлері, әсіресе, «мәлики» және «шафиғи» мазхабын ұстанатын Ислам әлеміне кең тараған. Тарихи дереккөздерде имам Әшғари және «әшғарилік» сенім мектебі жайлы мәлімет өте көп. Ғалымдардың пікірінше жағдайдың бұлай болуында имам Матуридидің сол кездегі Ислам халифатының орталығы болған Бағдаттан шалғай жерде ғұмыр кешкендігі, рухани ұстазы Әбу Ханифаның көлеңкесінде қалғандығы, араб болмағандығы, ғылыми көзқарастары мен әдісінің косервативтік ұстанымдағы хадисшілер мен фиқһ ғалымдарына қарағанда муғтазилиттерге жақын болуы, билік басындағылардан іргесін аулақ салуы, сол кездегі биліктің көбіне-көп «әшғари» мектебінің ғалымдарын жақтауы, тіпті, сол дәуірдегі кейбір ханафи ғалымдарының Әбу Ханифаның беделін көлегейлеуі мүмкін деген қауіппен Матуридиді қабылдағысы келмей «әшғарилік» мектепке балама ретінде «матуридиліктен» гөрі «ханафилікті» алға тартқандығы сынды бірқатар факторлар маңызды рөл ойнаған. Бұған қоса, имам Әшғаридің ғылыми көзқарастары мен әдісін басшылыққа алып, «әшғарилік» мектептің жүйесін одан ары дамытып, күшейте түскен әл-бақилләни, әл-жуәйни, әл-ғазали, әр-рази сынды атақты ғалымдардың «әшғарилік» ілімді жаю үшін аянбай еңбек етуі, ал Матуридидің жолын қуған ғалымдар арасында мұншалықты беделді ғалымдардың болмауы, 22 сондай-ақ орта ғасырда «әшғарилік» ілімнің «Низамия» медреселерінде оқытылып, халық арасында кеңінен насихатталуы арқылы «шафиғи» және «мәлики» мазхабын ұстанатын елдерге жайылуы, ал «матуридиліктің» тек ханафилер арасында ғана оқытылғандығы Матуридидің Әшғариге қарағанда аз танымал болғандығының басты себептері саналады. «Мауараннахр» сунниттік теология мектебінің көшбасшысы Әбу Мансур әл-матуридидің бірегей ғалым болып қалыптасуына Әбу Ханифаның ғылыми мұрасының ықпалы зор болған. Әбу Ханифаның ғылыми көзқарастары мен әдісі «Мауараннахр» аймағына оның ілімін жаю мақсатында келген шәкірттері арқылы жеткен. Сондай-ақ оның шәкірттері арасында «Мауараннахр» аймағымен іргелес «Хорасан» және «Түркістан» жерінен шыққандар да бар-тын. Міне, солардың ерен еңбегінің арқасында аталмыш аймаққа Әбу Ханифаның «ақида» және «фиқһ» іліміне қатысты ғылыми тұжырымдарына негізделген «ханафи» мазхабы кеңінен тарады. Осылайша, Әбу Ханифаның ғылыми мұрасы үрпақтан ұрпаққа беріліп, имам Матуридиге де жетті. а. Білім жолы және ұстаздары Дереккөздерде имам Матуридидің ғылымдағы жолы жайлы мәлімет онша көп болмаса да, бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда оның өте ынталы да, қабілетті шәкірт болғанын және үлкен ғалымдардан тәлім алғанын көреміз. Ол негізгі тәлімін Самарқандағы «Даруль-Жузжания» 23 деп аталатын ханафилерге тиесілі білім ордасында алған 24. Матуриди ханафи мазхабының төртінші, тіпті, үшінші буын ғалымдарының санатына жатады. Ол Әбу Ханифаның ізбасары Мухаммед әш-шәйбанидің өзінен тәлім алған Әбу Сүлеймен әл-жузжанидің шәкірттері Әбу Бәкір Ахмед ибн Исхақ әл-жузжани, Нұсайыр ибн Яхя әл-бәлхи және Нишабурдың жоғарғы соты Әбу Бәкір Мұхаммед ибн Ахмед ибн Рәжа әл-жузжани сынды ғұламалардан тәлім алса да, негізгі тәлімін шамамен жиырма жасында ұстаздары Әбу Бәкір Ахмед әл-жузжани мен сол кездегі «Дәрульжузжания» ғылым ордасының басшысы Әбу Насыр әл-иядыйдің алдында тәмамдаған. Кейіннен ол ұстазы Әбу Насыр әл-иядыйдің орнын басып, «Даруль-Жузжанияға» басшылық етті. Әбу Муғин ән Нәсәфидің еңбегінде былай делінген: Шейх Әбу Насыр әл-иядый шәкірті Әбу Мансур әл Матуриди келмейінше дәрісін бастамайтын болған. Сондай ақ оны көргенінде тамсанып: «Раббың қалағанын жаратады және таңдайды», деп айтады екен. Сонымен қатар, аталмыш еңбекте Матуриди жайлы өз замандастары мен кейінгі буын ғалымдардың да талай мақтау айтқанын тілге тиек ете келе былай делінген: «Матуриди елге дінді дұрыс түсінудің жолын көрсеткен алдыңғы қатарлы имамдардың бірі һәм бірегейі. Ол Құран тәпсірінде діндегі талас тудырған қиын мәселелердің түйінін шешіп, дінді түрлі аңыз-әпсаналардан тазартқан әрі діндегі халал, харам сынды көптеген шариғи үкімдерді анықтап көрсеткен». 25 Дереккөздерде Матуридидің білім алу мақсатында Самарқаннан өзге жерлерге барыпбармағандығы, тіпті, қажылық парызын өтеп-өтемегендігі, сондай-ақ ғалым ретінде ресми әрі лауазымды орындарда қызмет атқарып-атқармағандығы жайлы мәлімет кездеспейді 26. Дегенмен, сол кезеңде Нишабур, Рей және Бәлх шаһарларының Самарқандағы ғылыми ортаға едәуір ықпалы болғанын һәм Матуридидің кейбір ұстаздарының аталмыш шаһарлардан шыққанын ескерсек, Матуриди ол жерлерге барған болуы да 21 Тауфиқ Ибраһим, «Религиозная философия Ислама калам», Қазан 2013 ж. 4 б. 22 М. Сайым Иепрем, «Ираде хурриети ве имам Матуриди», Ыстамбұл 1984 ж. 253-254 бб. 23 «Даруль-Жузжания» орта ғасырлық Самарқан каласындағы ең үлкен екі ғылыми орданың, (бігінгі тілмен айтқанда университеттің) бірі. Онда Әбу Ханифаның ақида, кәләм және фиқһ іліміне қатысты көзкарастары оқытылып, ғалымдар арасында талқыға салынатын болған. 24 Ахмет Ак, «Матуриди ве Матуридилик», 39 б. 25 ән-нәсәфи, «Табсыйра», I/359 б. 26 Шүкрү Өзен, «Матуридие мезхебинин куружусу муфессир ве факих», DIA., Анкара 2003 ж. 1-2 бб; Сөнмез Кутлу, «Имам Матуриди ве Матуридилик», Анкара 2011 ж. 25 б. 4

мүмкін. 27 Имам Матуридидің еңбектері мұқият зерттелгенде, оның өз ұстаздары мен олардың еңбектерінен алған біліммен шектелмей, өз заманындағы өзге діндер, түрлі философиялық және діни ағымдар мен мазхабтар өкілдерінің еңбектерін де оқып, олардың ғылыми әдістеріне қанық болғандығы анық байқалады. Атап айтсақ, оның көне Грек философиясын, соның ішінде, Аристотельдің еңбектерін оқып, ғылыми әдістерін толық меңгергендігі жазған еңбектерінің жүйесі мен әдісінен анық байқалады. Матуриди ғылыми еңбектерін Самарқанда жазған деседі ғалымдар. Сонымен қатар, ол Бағдат, Басра, Куфа, Шам, Хорасан және Бұхара сынды саяси һәм мәдени маңызы зор орталықтардағы ғылыми көзқарастар мен ұстанымдарды жіті қадағалап, ондағы ғылыми жаңалықтардан, ғалымдар мен түрлі діни топтар арасындағы пікірталастардан хабардар болып отырған 28. Мұны оның «Китабут-таухид» әрі «Тәуиләту әһли-суннә» атты еңбегінде «қадария», «муржия», «жәбрия», «харижия» және «батыния» сынды түрлі діни ағымдарға тиесілі ақида, кәләм мәселелеріне қатысты түрлі пікірлер мен ұстанымдарды сынға алуынан анық көруге болады. Сондай-ақ имам Матуриди өз дәуірінде Ислам әлеміне саяси әрі мәдени ықпалы зор болған «мұғтазилә» және «шиіттік» мазхабтарды ұстанатын ғалымдармен ғылыми негізде пікірталасқа түсіп, олардың көптеген ұстанымдарын «нақыл» һәм «ақыл» тұрғысынан сынға алып, теріске шығарған. Кейін ол сол жемісті пікірталастарының нәтижесінде жазған ақида және кәләм іліміне қатысты еңбектері арқылы ғылыми ортада танымал болып, «Мәуараннахр» аймағының ғалымдарының көшбасшысына айналған 29. ә. Шәкірттері Дереккөздерде имам Матуридидің ұстаздары сынды шәкірттері жайлы да мәлімет аз кездеседі. Оның бізге мәлім шәкірттері мыналар: Әбу әл-қасым Исхақ ибн Мұхаммед ибн Исмаил ибн Ибраһим ибн Зәйд әл- Қадый әл-хаким әс-самарқанди (340/951) 30, Әбу әл-хасан Али ибн Саид әр-рустуғфәни (345/956), Әбу Ахмед ибн Әбу Наср Ахмед ибн Аббас әл-иядый және Әбу Мүхаммед Абдулкәрим ибн Муса ибн Иса әл- Фақиһ әл-пәздәуи (390/1000). Аталмыш шәкірттерінің арасынан тек Әбу әл-қасым әс-самарқандидің «Китәбу сәуәд әл-ағзам» атты және ақида мәселесінде жазған тағы бір еңбегі жарық көрген. Сондай-ақ имам Матуридидің көзін көріп, алдында тәлім алмаса да, оның еңбектерін оқып, өзін ұстаз тұтқан кейінгі буын ғалымдар да, матуридилік ілімнің қалыптасуына, дамуы мен кеңінен тарауына алғашқы шәкірттеріндей елеулі үлес қосқан. Атап айтсақ олар: Әбу Муғин ән-нәсәфи, Әбу Хафс Омар ән-нәсәфи, Әбу әл-баракат ән- Нәсәфи, Әбу Исхақ әс-саффар әл-бухари, Убәйдуллаһ әл-бухари, Әбу әл-юуср әл-пәздәуи, Нуриддин әс- Сабуни, Оши 31 және Қазақ даласынан шыққан Хусамуддин әс-сығнақи, Итқани, Кәрдәри сынды атақты ғұламалар. б. Еңбектері Имам Матуриди «кәләм», «мазхабтар тарихы», «тәпсір», «қырағат ілімі», «фиқһ» және «фиқһ методологиясы» салалары бойынша бірқатар елеулі еңбектер жазып қалдырған. Дереккөздерде анық Матуридиге телінетін он төрт бірдей еңбек жайлы айтылады. Одан басқа оның қаламынан туып-тумағаны күмәнді тағы сегіз шақты еңбек бар. Өкінішке орай, оның еңбектерінің дені шапқыншылық, көшіп-қону, табиғи апаттар және басқа да себептердің салдарынан бүгінгі күнге дейін жетпеген. Оның жоғалып кеткен еңбектеріне негізінен «мұғтазилә», «харижия», «рафизия» және «шиіттік карматилер» сынды дінифилософиялық және діни-саяси ағымдарға тән түрлі сенім, ұстаным және ғылыми-философиялық тұжырымдарды сынға алып, терістеу мақсатында жазған, сондай-ақ «фиқһ» және «фиқһ методологиясы» саласы бойынша жазған туындылары жатады. Ал бізге жеткен еңбектеріне келсек, олар бір ғана қолжазба нұсқасы бар «Китабут-таухид» және қырық шақты қолжазба нұсқасы бар «Тәуиләтуль-Құран» атты екі еңбегі ғана 32. Дегенмен, аталмыш екі еңбек оның ең негізгі әрі тың туындылары болып табылады. 1. «Китабут-таухид» атты еңбегі оның кәләм іліміне қатысты пікірлерінің жиынтығы болғандықтан «матуриди» сенім мектебінің негізгі кітабы саналады. Сондай-ақ бұл еңбек «мұғтазиләдан» бастап, түрлі діни-философиялық және діни саяси мазхабтар мен ағымдардың ұстанымы жайлы мәлімет беретін ең көне қайнар көздердің бірі болып табылады. Аталмыш еңбектің жалғыз түп нұсқасы АҚШ-тағы Кембридж университетінің кітапханасында сақтаулы. Тіркелген нөмірі: 3651. Бұл 27 Сөнмез Кутлу, «Имам Матуриди ве Матуридилик», Билинен ве билинмейен иөнлери иле Матуриди, 25 б. 28 Юусуф Зия Юөрукан, «Акайд системинде гелишмелер имам Ағзам Әбу Ханифа ве имам Әбу Мансур әл-матуриди», Өтукен баспасы, Ыстамбұл 2006, 170 б. 29 Али Караташ, «Матуридинин Тәуиләтуль-Куранында Кураны Куранла тефсир», докторлық диссертация, Анкара 2010 ж. 11-12 бб. 30 Негізінен Хаким әс-самарқанди кейбір деректерде Матуридидің шәкірті делінсе, енді бір деректерде бірге тәлім алған дәрістес жолдасы болған деген де мәлімет бар. Қараңыз, Ахмет Ак, 11 б. Алайда «Аль Матуриди и суннитская теология в Самарканде» атты еңбектің авторы Ульрих Рудольф оның матуридидің шәкірті болған деген пікірмен мүлде келіспейді. Қараңыз, Аширбек Муминов, «Учение аль-матуриди и его место в культуре мавераннахра в X-XII вв.». 31 Сөнмез Кутлу, «Имам Матуриди ве Матуридилик», 26 б. Мәжди Бәсәллум, «тахқиқ Тәуиләт әһлус-суннә», 1, 83, 84 бб. 32 Сөнмез Кутлу, «Имам Матуриди ве Матуридилик», 26 б. 5

еңбекке Фетхуллаһ Хулейф ең алғаш болып, қомақты кіріспе жазып, 1970 жылы Бейрут қаласында аталмыш түп нұсқа негізінде жарыққа шығарды. Кейін, еңбек 1979 жылы Ыстамбұлда, 1982 жылы қайтадан Бейрутта және Александрияда «офсет» форматында басылып, жарыққа шықты. Содан кейін 2003 жылы Анкарада Бекир Топалоғлы және Мұхаммед Аружи еңбекке алғы сөз жазып, қолжазба нұсқасы мен алғашқы басылымдарға сүйене отырып, қайта өңдеп, басып шығарды. Сондай ақ еңбекті Бекир Топалоғлы түрік тіліне аударып, «Китабут-таухид тәржімасы» деген атпен 2002 жылы Анкарада қайта жарыкқа шығарды 33. 2. «Тәуиләтуль-Құран», «Тәуиләту әһли суннә» және «Тәуиләтуль-Матуридия» деген атаулармен танымал болған бұл еңбектің негізгі атауы «Китәбу тәуиләт» 34. Құранның толық әрі жүйелі түрде жазылған тәпсірі болумен қатар, «кәләм», «фиқһ» және «усулул фиқһ» ілімдеріне қатысты маңызды мәліметтерді, қағидаларды және ғылыми тұжырымдарды да қамтыған соны еңбек. Сондай-ақ аталмыш еңбекте Исламдағы түрлі мазхабтарға, Исламнан тыс діни һәм пәлсапалық ағымдарға және өзге діндерге тән сенімдер мен ұстанымдар жан-жақты талқыланып, сынға алынған. Осы тұрғыдан алғанда еңбек түрлі діни философиялық ағымдардың сенімі мен ұстанымдары жайлы мәлімет беретін маңызды қайнар көздердің бірі саналады. Негізінен ғалымдар бұл еңбек имам Матуридидің шәкірттеріне оқытқан дәрістерінен жазылып алынған деседі. Бүгінгі таңда бұл еңбектің кітапханаларда сақтаулы қырыққа жуық қолжазба нұсқасы бар 35. Аталмыш қолжазбалардың отыз бірі Түркияда, алтауы өзге мұсылман елдерінде және қалған үшеуі басқа елдердегі кітапханаларда сақтаулы 36. Бүгінгі таңға дейін «Тәуиләтуль-Құран» төңірегніде Ибраһим және Сеийд Ауадейн (1971 ж Кайр), М. Мустафиззуррахман (1983 Бағдат), Фатима Юусуф әл- Хиеми, Мәжди Бәсәллум және Бекир Топалоғлы сынды ғалымдар тарапынан бірқатар елеулі зерттеулер жасалып, алды бес, арты он-он жеті томнан тұратын қомақты зерттеулер мен көптеген ғылыми мақалалар жазылды. «Китәбу тәуиләт» Құран тәпсірі тарихында өзіне дейінгі тәпсірлерден өзіндік әдістемесімен ерекшеленетін соны еңбек. Одан бұрын жазылған тәпсірлер негізінен классикалық стильде яғни, «нақыл» (Құран аяттары, хадис және сахабалардың тәпсірі) негізінде жазылды. Құран ілімінде тәпсірдің бұл түрі «риуаят» тәпсірі деп аталады. Ал «Тәуилатта» Құранды тәпсірлеуде «нақылмен» қатар «ақылға», яғни, логикалық сараптау әрі талдау әдісіне де ерекше мән берілді. Сондай ақ еңбекте Құран аяттарына семантикалық, әлеуметтік және тарихи оқиғалар тұрғысынан да талдау жасалып, ойға және жүйелілікке де ерекше мән берілген. Құран ілімінде тәпсірдің бұл түрі «дираят» тәпсірі деп аталады. Міне, сол себепті, ғалымдар бұл еңбектегі Құран аяттарын тәпсірлеудегі тың әдіске қарап, оны ең алғашқы «дираят» тәпсірі деп қабылдаған. Ғалымдардың айтуынша «Китәбу таухид» негізінен сол кездегі зиялы қауым өкілдеріне арналып жазылған қазіргі тілмен айтқанда, ғылыми-академиялық деңгейдегі сүбелі еңбек болса, «Китәбу тәуиләт» жалпыға арналған елеулі еңбек болып табылады. Мұны аталмыш қос еңбектің тілінен, ғылыми стилі мен әдісінен анық байқауға болады. г. Матуриди және матуридилік ілімнің зерттелу деңгейі Матуриди және матуридилік ілімнің заманымыздағы зерттелу деңгейіне келсек, бұл салада көбіне-көп шет елдік ғалымдардың үлкенді-кішілі еңбектеріне куә боламыз. Негізінен, бүгінгі таңда Матуриди және матуридилік ілімді зерттеп жүрген ғалымдардың дені түрік, араб және батыстық шығыстанушы ғалымдар. Ибн Кемал Паша (қ.ж. 1534) және Аққирмани (1174/1760ж) сынды түрік ғалымдары Матуриди іліміне сонау Осман империясының тұсында ерекше ден қойып, зерттей бастаған көрінеді. Олардың сондағы басты мақсаты сунниттік сенімдегі түрік жұртын шиіттік экспансиядан қорғау болған деседі ғалымдар 37. Ал кейінгі буын матуридитанушы түрік ғалымдары Матуридиді тұран елі, түркі жұртынан шыққан біртуар ғұлама ретінде алға тартып, оның өмірлік жолы мен ілімін жан жақты зерттеп, күллі әлемге паш етуге тырысуда. Араб ғалымдарына келсек, Матуриди ілімі араб әлемінде «әшғарилік» ілім және имам Тахауи ақидасы деңгейінде кеңінен танылмаған. Мұның басты себептері жоғарыда айтылды. Дегенмен, ертеректе Нәсәфи ақидасына түсіндірме жазған Тафтазанидің «әшғарилік» ілім мен «матуридилік» ілім арасында ғылыми синтез жасау арқылы екі ілімді үйлестіруге тырысқаны белгілі. Алайда, ол көбіне көп Матуридидің әшғарилерге жақын көзқарастарын әшғарилерге теліп, ал мұғтазилиттерге жақын көзқарастарын мұғтазилиттердің пікіріне жатқызып, матуридилік ілімнің жайылуына кері әсерін тигізді. 38 Мысырдағы мың жылдық тарихы бар әйгілі әл-азхар университетінде біраз уақыттан бері «әшғарилік» ақидамен қатар, «матуриди» мектебіне тиесілі Нәсәфи ақидасы да оқытылып келеді. Яғни, араб әлемі матуридилік іліммен негізінен Нәсәфи ақидасы арқылы танысқан десек болады. Сондай-ақ бүгінгі таңда «сәләфи» яғни, өздерін 33 Али Караташ, «Матуридинин Тәуиләтуль-Куранында Кураны Куранла тефсир», 13-14 66. 34 Ахмет Ак, «Матуриди ве Матуридилик», 7 б. 35 Фуад Сезгин, 1/4, 40-41 бб. 36 Али Караташ, «Матуридинин Тәуиләтуль-Куранында Кураны Куранла тефсир», 15 б. 37 Сөнмез Кутлу, «Имам Матуриди ве Матуридилик», Билинен ве билинмейен иөнлери иле Матуриди, 61-62, бб. 38 Сөнмез Кутлу, «Имам Матуриди ве Матуридилик», Билинен ве билинмейен иөнлери иле Матуриди, 61 б. 6

алғашқы буын мұсылмандардың ізбасарлары деп білетін консервативтік ұстанымдағы базбір дәстүршіл 39 араб ғалымдарының «матуридилік» ілімді жалаң рационализмге балап, біржақты сынға алу арқылы теріске шығаратын біршама еңбектер мен докторлық диссертациялар жазғандары да бар. Атап айтсақ олар: «Матуридилердің сәләфи ақидасына қастығы; Матуридилердің Аллаһтың көркем есімдері мен сипаттарына қатысты ұстанымы» атты магистрлік диссертация жазған әш-шәмс әс-сәләфи әл-афғани, кейін оның бұл диссертациясы кітап болып жарыққа шықты; «Әшғарилікпен сұхбат, одан кейін Кулләбияның өгей қызы Матуридилер келеді» атты кітап жазған Мұхаммед ибн Абдуррахман әл-хумәйус; сондай-ақ «Матуридилік: зерттеу және бағалау» атты еңбектің авторы Ахмад ибн Ауадилләһ ибн Дәхил әл-ләһиби әл-харби. Дегенмен, бүгінгі таңда, араб ғалымдарының арасында да имам Матуридидің еңбектері мен көзқарастарына, жалпы «матуридилік» ілімге қызығушылық танытып жатқандар да баршылық. Әсіресе, Құран тәпсірі «Тәуиләтуль-Құранға» қызығушылық танытып, оны жан-жақты зерттеп, бірнеше том түсіндірме жазған Мәжди Бәсәллум, Фатима әл-хиеми сынды ғалымдарды ерекше атап өтуге болады. Батыстық шығыстанушы, тарихшы ғалымдардан да «матуридилік» ілімді, әсіресе, тарихи, библиографиялық және теологиялық тұрғыдан зерттегендер бар. Атап айтсақ олар: Уильрих Рудольф, Карл Броклман, У. Бартольд, Уилферд Моделунг, Фуад Сезгин және т.б. ғалымдар. Бүгінгі таңда елімізде ұзақ жылдар бой жүргізілген дінсіздендіру және ұлтсыздандыру саясатының салдарынан зерттеліп, жазылуын былай қойғанда, тіпті, ауызға да алынбай ұмыт бола бастаған рухани мұрамызбен қайта қауышып жатқан жайымыз бар. Әсіресе, Қазақ елі өз алдына ел болып, еңсе көтергелі ұстанып келе жатқан сунниттік бағыттағы «ханафи» мазхабы мен «матуридилік» сенім мектебінің тарихы мен ілімін жан-жақты зерттеп, зерделейтін күн туды. Әсілі, халқымыздың басынан қаншама аумалы-төкпелі кезеңдер өтсе дағы, ғасырлар бойы елдігінен айнымай осы күнге дейін аман-есен жеткендігінің бірден бір кепілі осынау рухани ілім еді. Олай болса, бұлыңғыр тартып, ұмыт бола бастаған осынау рухани мұрамызды қайта жаңғыртып, халқымыздың санасын ояту бүгінгі күндегі кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі. Осы жолда ғылыми-академиялық деңгейде елеулі еңбек етіп жатқан отандық ғалымдарымыз да бар. Атап айтсақ, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Муминов ортағасырлық Самарқан ғылыми мектебінің қыр-сырын ашу мақсатында көне қолжазбалар негізінде ғылыми мақалалар мен еңбектер жазып, ғылыми-академиялық деңгейде зерттеулер жүргізуде. Сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлі және филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшадин Керім қазақ даласынан шыққан «ханафи-матуриди» мектебінің маңдайалды өкілдері Сығнақи, Кәрдәри, Итқани сынды ғұламалар мен олардың тарих қойнауында қалып қойған қолжазба күйіндегі құнды еңбектерін іздеп, тауып, оларды жан жақты зерттеуде. Жас ғалымдар арасынан «Матуриди ақидасындағы пайғамбарларға иман мәселесі» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған теология ғылымдарының докторы Қалмахан Ержан да осы жолда еңбек етуде. Сонымен қатар, Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлының қамқорлығымен ашылған еліміздегі жоғары діни білім беретін Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің бакалавр, магистратура және докторантура білім беру жүйесі бойынша оқып жатқан болашақ дінтанушылар мен исламтанушылар «ханафи-матуриди» мектебі негізінде тәлім алуда және аталмыш мектеп бойынша университет қабырғасында жыл сайын әр түрлі тақырыпта ғылыми мақалалар жазылып, дипломдық жұмыстар мен диссертациялар қорғалуда. 1. Матуриди, «Китәбут-таухид», Анкара 2005 ж. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39 Дәстүршіл дін ғалымдары хадисшілер, ханбалиттер. Қар. Тауфиқ Ибраһим, «Религиозная философия Ислама калам», Қазан 2013 ж. 8 б. 7

2. Мәжди Бәсәллум, «Тахқиқ Тәуиләт әһлус-суннә», Бейрут 2005 ж. 3. Ахмет Ак, «Бүйүк түрк алими Матуриди ве Матуридилик», Ыстамбұл 2008 ж. 4. Әбу-Муғин ән-нәсәфи, «Табсиратуль әдиллә фи усулиддин», Шам 1992 ж. 5. Сөнмез Кутлу, «Имам Матуриди ве Матуридилік», Анкара 2012 ж. 6. Юусуф Зия Юөрукан, «Акайд системинде гелишмелер имам Ағзам Әбу Ханифа ве имам Әбу Мансур әл-матуриди», Ыстамбұл 2006 ж. 7. Сезгин Фуад, «Тәрихут-труас әл-араби», ауд. Махмуд Мәһми Хижази, Рияд 1982-1988 жж. 8. Шүкрү Өзен, «Әбу Мансур әл-матуридинин фыкыһ усулүнүн иениден иншасы», ISAM кітапханасы кітап 95434 Ыстамбұл 2001 ж. 9. Шүкрү Өзен, «Матуридие мезхебинин куружусу муфессир ве факих», DIA., XXVIIII Анкара 2003 ж. 10. Ульрих Рудольф, «Аль Матуриди и суннитская теология в Самарканде», Алматы: Фонд «XXI век» 1999 ж. 11. Тауфиқ Ибраһим, «Религиозная философия Ислама калам», Қазан 2013 ж. 12. М. Сайым Иепрем, «Ираде хурриети ве имам Матуриди», Ыстамбұл 1984 ж. 13. Али Караташ, «Матуридинин Тәуиләтуль-Куранында Кураны Куранла тефсир», докторлық диссертация, Анкара 2010 ж. 8