ЗАТ ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГ ОРИЯЛАРЫН ОҚЫТУ

Benzer belgeler
KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

Kazakça Öğreniyorum Kitabı (Қазақ Әліпби)

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Кəсіби бағытталған шет тілі (пəннің атауы)

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

Prof.Dr. Osman Horata

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

Prof.Dr. Osman Horata

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

İ İ İ ü ü ğ ş İş ç ç ş ğ ğ ü İ ü ü ü ü ğ ş ş ğ ç ş ş ö ğ ö ü ş ö ö ş ğ ğ ğ ş ç ş ç ğ ç ğ ş ç ğ ç ş ş İ ç ç ş ç ş ğ ö çü ğ ş ğ ğ ğ ş ğ ş ç ç İ ç ş ş ğ

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

Балама энергия көзіне балама заң керек

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

Prof.Dr. Osman Horata

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

KÜLTÜR EVRENİ. Стоимость подписки 40 TL (Yurt içi / для граждан Турции) 60 $ / 50 Euro (Yurt dışı / для граждан других стран)

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

Ders I Kırgız Türkçesi Genel Bilgi

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2014 Yıl / Year / Год 6 Sayı / Number / Число 20

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Мәуiт Ырысбек, Нарбаев Бақдәурен, Қайсаұлы Әрiн, Өрлеу Наржол. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың МАТЕМАТИКА

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

Г.С. ИСАЕВА. Филология ғылымдарының кандидаты ҚАЗАҚ-ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДЫБЫСЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ. Аннотация

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Prof.Dr. Osman Horata

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

BÜTÜN SÖZLERİN ASLI BİRDİR

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

ағымына сай жаңа заманғы технологиялар бойынша тұрғызған. Сөйтіп, ол малды асылдандыру

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Transkript:

ЗАТ ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГ ОРИЯЛАРЫН ОҚЫТУ KİŞİ ADLARININ GRAMER KATEGORİLERİNİN ÖĞRETİMİ THE EDUCATION OF GRAMMATICAL CATEGORIES OF THE NOUN ОБУЧЕНИЕ ГРАМАТИЧЕСКИМ КАТЕГОРИЯМ ИМЁН ЛЮДЕЙ Guljan Edigekızı SAPAEVA * (Сапаева Гүлжан Едігеқызы) Özet Bu yazının ana konusu, Kazak dilindeki kişi isimlerinin bazı özellikleriyle ilgili bir çalışmadır. Aynı anda yazıda hal, şahıs ismi, şahıs zamiri ve çoğul hal yardımıyla isimlerin gramer kategorisi oluşturma araştırması yer almaktadır. Anahtar Kelimeler: gramer kategorileri, didaktik prensibi, özgün isimler, metodoloji, kök. Resume Subject of the present article is the question of studying of some features of nouns of the Kazakh language. And also education grammatical categories of nouns by means of cases, proper names, personal pronouns and plural is considered Key Words: grammatical categories, the didactic principle, dependence, property, the methods, root. * El-Farabi Kazak Milli Üniversitesi. Üniversite Öncesi Eğitimi Bölümü Öğretmeni Almatı/KAZAKİSTAN Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы оқытушыcы 7

Резюме Предметом настоящей статьи является вопрос об изучении некоторых особенностей имен существительных казахского языка. А также рассматривается образование грамматических категории имен существительных посредством падежей, имен собственных, личных местоимений и множественного числа. Тірек сөздер: грамматикалық категория, дидактикалық принцип, тəуелдік, меншіктілік, əдіс-тəсілдер, түбір. Университетте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында зат есімнің грамматикалық категорияларының алатын орны мен оны оқытудың мəні зор. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту - студенттің сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мəнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы студенттерге зат есімнің грамматикалық категориялары танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, студенттер мынадай білім алады: 1. Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік; 2. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқудағы мақсат; 3. зат есімнің грамматикалық категорияларының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мəселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек жəне өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі. Зат есімнің басқа сөз таптарынан ерекшеленетін бір белгісі көптік, тəуелдік, септік, жіктік категорияларының болуы. Зат есімнің грамматикалық категорияларын шығармашылық тұрғыда жүйелі оқыту жəне оны студенттерге сапалы білгізіп, тиянақты меңгерту оған керекті əдістемелік əдіс-тəсілдерді дұрыс қолданып отыруға бойланысты. Ол үшін оқытушы зат есімнің грамматикалық категорияларына тəн белгілерін бағдарлама бойынша жоспарлап, одан ұйымдастырылатын сабақ түрлері мен өтілетін материалдардың көлеміне қарай əдістерін белгілейді. Ол əдістердің жеке тəсілдерін ұтымды қолданудың нəтижесінде зат есімнің грамматикалық категорияларына тəн белгілері шығармашылық тұрғыда түсіндіріледі Оқытушы солардың мағынасын түсіндіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі болатынын аңғартады. Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін көптік жалғауы жалғанатыны туралы ережемен таныстырады. Сонымен қатар студенттерге көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге жалғану варианттарын шатастырып алушылық жəне неліктен бір жалғаудың түрленіп вариантқа бөлініп кету заңдылықтарын мектеп қабырғасынан үйретудің маңызы зор. Ол үшін буын үндестігі мен дыбыс үндестігі еске түсіріліп 8

қайталанылады да, үндестік заңына байланысты сөздердің соңғы буынының жуан, жіңішке əуеніне қарай үйлесіп келуіне байланысты екендігі түсіндіріледі. Көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге үндестік заңының заңдылығына бой ұсына жалғанатын ерекшелігін мынадай көрнекілік арқылы түсіндіруге болады. Көптік жалғау -лар, -лер балалар кемелер -дар, -дер қыздар өзендер -тар, -тер кітаптар мектептер дауысты р й -лар, -лер у з ж л м - н ң дар, -дер қатаң дыбыстан - соң тар, -тер Бұл көрнекілікті түсіндіру жолы мынадай: Алдымен көптік жалғау деген сөз тіркесіне түсінік беріледі. Көптік жалғауы жалғанған сөзіне көптік мағына беріп, оны екінші бір сөзбен жалғастыратын болғандықтан, бұл қосымшаға берілген атау өзінің атқаратын қызметіне толық сай келіп, өзінің мазмұнының қандай екенін бірден-ақ аңғартып тұрғанын ескертеміз. Екінші ретте, көптік жалғауының арнаулы лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғалы жалғауының барын жəне бұлардың буын үндестігіне байланысты жуан, жіңішке вариантта айтылатынын, сол тұлғада жазылатынын балалар, кемелер, көлдер, кітаптар, мектептер сөздері арқылы түсіндіреміз.көптік жалғауы жалғанатын сөздердің соңы дауысты, сонор р, у, й дыбыстарының біріне аяқталса, көптік жалғауы үнді л дыбысынан басталып, -лар, -лер тұлғасында жалғанатындығын сұрақжауап əдісімен өздеріне жинақтатып, осы тəрізді мысалдар айтқызамыз. Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды студенттердің қаншалықты дəрежеде түсінгендіктерін байқау үшін, магнитофонды пайдалана отырып, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады: Біріншіден, студенттерге мынадай мазмұнда жазылған кеспе қағаздарын үлестіріп береміз: 1. Дауысты дыбысқа біткен екі сөз ойлап, оған көптік жалғауын жалға. 2. Өнерпаздар, егіншілер сөздеріндегі көптік жалғауы неліктен дар, -лер болып тұр? 3. Күректер, кілемдер сөздеріндегі көптік жалғауының түрлеріне талдау жаса. 4. Көптік жалғауы қандай жағдайда д дыбысынан басталады, мысал келтір. 5. Көптік жалғауы қандай жағдайда т дыбысынан басталады, мысал келтір. 9

Сондай-ақ, зат есімнің сөздерінің кейбір тобы көптік мағынада қолданылып, оларға көптік жалғауы жалғанбайтынын да ескеру керек. Көптік жалғауда қолданбайтын зат есімдер нақты мысалдар төңірегінде мынадай жүйемен түсіндіріледі: 1. Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: су, шай, сорпа. 2. Газ тектес зат есімдердің атаулары: бу, түтін, шаң. 3. Уақ, ұнтақ, майда зат есімдердің атаулары: қант, ұн, құм. 4. Дерексіз зат есімдердің атаулары: қуаныш, шындық, өкініш. 5. Табиғат байлығы, кен атаулары: алтын, мыс, алмас. 6. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, боран, қар. 7. Жұптық ұғымды білдіретін зат есім атаулары: көз, қол, аяқ. 1. Көптік жалғауы кейде зат есімнен басқа да сөз таптарына жалғанса, оларға заттық мағына үстеп, заттандырып тұрады. Көптік жалғаудың бұл қасиеті əрқашан дұрыс түсініле бермейді. Бұл «Көптік жалғауының бұл жердегі қызметі жұрнақ қызметімен пара-пар дерлік» - деп жалпы жалғаудың табиғатына терең үңілмегендіктен туып отыр.(исаев С. 1992: 62). Біріншіден, басқа сөз таптарын заттандыру қасиеті тек көптік жалғауда емес, септік, тəуелдік жалғауда да жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас, Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.(абай). Екіншіден, көптік, тəуелдік жəне септік жалғауларының бұндай қасиеті, басқа сөз таптарынан жасалғанда, оларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тəн түрлену жүйесі екендігін, зат есімнің таза грамматикалық категориясы екендігін дəлелдейді. Зат есімнің тəуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тəуелдік категориясын түсіндіруде оқытушының үлкен шеберлігі керек. Мұны ұстаз шеберлігіне байланысты əр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тəуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту əдістері арқылы баяндалады. Оқытушы күні бұрын өзіне тəн кітабын, қарындашын, дəптерін ала келуі керек. Ол күндегі əдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік жəне тəуелді деген сөздердің ұғымын студенттерге түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тəн, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, əрі ойландыру арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тəуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға: Менің кітабым Біздің кітаптарымыз Сенің кітабың Сендердің кітаптарың Сіздің кітабыңыз Сіздердің кітаптарыңыз Оның кітабы Олардың кітаптары деген мысалдарды жазып, ілік жалғауының қосымшасы мен тəуелдік жалғауының қасымшаларынының байланысын ойыс сызықтар арқылы түсіндіреміз. Бұл жерде ілік жалғаулы тəуелдік жалғаулы сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, үнемі 10

бір тіркесте айтылатынын аңғарту керек. Сонымен қатар, ІІ жақта қолданылатын тəуелдік жалғауының анайы жəне сыпайы түрлерінің болатындығы туралы да студенттерге көрнекі түрде салыстырып түсіндірген жөн. Мұнан кейінгі ретте төменде көрсетілген кесте арқылы тəуелдік жалғауының арнаулы үш жағы бары, оған лайықты қосымшаларының болатыны түсіндіріледі. ( Əуелбаев Ш. 1980). Зат есімнің тəуелденуі Жақ Жекеше Көпше І (мен, біз) ІІ (сен, сіз) ІІІ (ол, олар) -м, -ым, -ім əкем, үйім -ың, -ің əкең, қозың -сы, -сі, -ы, -і қозысы, үйі -мыз, -міз, -ымыз, -іміз қозыларымыз, үйлеріміз -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз үйлерің, үйлеріңіз -ы, -і қозылары, үйлері Бұл кестенің көмегімен оқытушы тəуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жақтары болатынын көрсете отырып, І, ІІ жақтардың үнемі адамға қатысты айтылатынын, ал ІІІ жақ адамға да, басқаға да қатысты айтылатыны түсіндіреді. Осыдан кейін тəуелдік жалғауының үш жаққа тəн арнаулы қосымшалары барлығы, жекеше, көпше түрде тəуелденетіндігін осы кесте арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып əңгімелейді. Тəуелдік жалғауы ілік септік пен тəуелді сөздердің арасын байланыстырады. Сондықтан да тəуелдік жалғауы қосылған сөз тəуелденуші сөздің ілік септік жалғауда тұруын керек ететіндігін Атам + ның мал + ы Оспан + ның киім + і Ахмет + тің бала + сы деген сияқты мысалдар арқылы түсіндіріп жəне тəуелдік жалғауы қосылғанда, сөздердің соңындағы кейбір қатаң дауыссыздар ұяңданып кететіндігін де (кітап кітабым) түсіндіре кеткен жөн. Тəуелдік жалғауын танытқаннан кейінгі күрделі мəселе түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тəуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы «ы», «і» дыбыстарының түсіп қалатындығы (бөрік+ім бөркім, халық+ым халқым, ауыл+ым аулым) берілген ұғымды бекіте түсу мақсатында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады: төмендегі сөздерді жеке кеспе қағаздарына жазып, оларды І, ІІ, ІІІ жаққа қойып, жекеше, көпше түрде тəуелдеу міндеттеледі. Студенттердің жауаптарын үнтаспаға жазып, өздеріне тыңдатып, тəуелденген сөздерінің дұрыс-терісін аңғарттырамыз. Отан ел ауыл, шана ой сөз ақыл тілек көмек газет үй бақша өз қоян мектеп доп кітап 11

Осындай ретпен септік жалғауының атқаратын қызметі мен əр септіктің беретін мағынасы қоса түсіндіріледі. Тақтаға ақ, қызыл бормен септік жалғауының аттары мен сұрақтарын жазып, əрбір септіктердің өздеріне тəн арнаулы сұрақтары, қосымшаларының бары айтылады. Бұл жұмыс былайша орындалуға тиіс: тақтаға 7 септіктің атаулары бірінен соң бірі ақ бормен рет-ретімен баған ретінде тізіліп жазылады. Сөйтіп, студенттерге түсіндірген септік жалғауының түрін, сұрағын, мағынасын, қосымшаларын жинақтап, өздеріне бала, шеге деген екі сөзді ауызша септетіп, олардың жауабын ақ, қызыл бормен əр септіктің тұсына жазып тұру керек. Осындай жұмыстың нəтижесі тақтада мына түрде көрінуі тиіс: Атау кім? не? бала шеге Ілік кімнің? ненің? баланың шегенің Барыс кімге? неге? балаға шегеге Табыс кімді? нені? баланы шегені Жатыс кімді? неде? балада шегеде Шығыс кімнен? неден? баладан шегеден Көмектес кіммен? немен? баламен шегемен Септіктер 1. Атау 2. Ілік 3. барыс 4. табыс 5. Жатыс 6. Шығыс 7. Көмектес Септіктердің жалғаулары Жоқ -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің -ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е -ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н -да, -де, -та, -те, -нда, -нде -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен -мен, -бен, -пен Осылайша жаңа сабақ материалы түсіндірілген соң, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады: 1. Кеспе қағазымен жұмыс істеу. Кеспе қағазымен жұмыс істеудің мазмұнмақсаты түрліше болып келеді. Септік жалғауын студенттерге меңгертуде екі түрлі мазмұнда құрастырылған кеспе қағазын ұсынуға болады. Атап айтсақ, бірінші түрінде бірнеше жеке сөздер жазып, оларды дұрыс септеуді талап ету. Екінші кеспе қағазында қысқа сөйлемдер жазылып, ондағы септік жалғаулы сөздерді таптырып, оларды сұрағы мен қосымшасына ажыратып, қай септікте тұрғанын таптыру мақсат етіледі. 2. Тақтамен жұмыс істеу. Тақтамен жұмыс істеу күнделікті оқытылып жүрген сабақтардың əдетіне əбден қалыптасқан əдіс-тəсілдің бастысы. Тақтаға екі студентті қатар шығарып, тақтаны екіге бөліп, екеуіне екі сөзді сұрағымен қоса 7 септікте септеу талап етіледі. 3. Үнтаспамен жұмыс. Сабақ үстінде қолайлы деп тапқан жерлерде техникалық құрал-жабдықтарды пайдаланудың мəні үлкен. Сабақ материалын саналы түсіндіруде, сабақты қызықты өткізуде, уақыт мерзімін ұтуда үнтаспаны пайдаланудың да пайдасы мол. Кеспе қағазы арқылы ойландыру үшін берілген 12

тапсырмалардың жауаптарын үнтаспаға жазып алып, студенттердің өздеріне қайта тыңдатып, дұрыс-терісін байқатып, жіберген қателерін түзеттіру керек. Бұл арқылы студенттерді ойланып, ұқыпты жауап беруге дағдыланады, аңғарымпаздыққа баулиды. Зат есімнің морфологиялық көрсеткіштерінің келесі бір түрі жіктік жалғауы. Мұнан бұрынғы өтілген жалғаулар сияқты жіктік жалғау да сөз бен сөзді байланыстырады. Жіктік жалғауы септік жалғаулары сияқты кез-келген сөз арасын байланыстыра бермейді, тəуелдік жалғауы тəрізді арнаулы бір тіркесті ғана байланыстырады. Атап айтсақ, бастауыш пен баяндауышты өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Тəуелдік жалғауы өзі жалғанып тұрған сөзін ілік жалғаулы сөзге тəуелді етіп тұрса, жіктік жалғаулы сөз өзі жалғанып тұрған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? екендігін білдіретіні, сонымен қоса, іс-əрекеттің, қимылдың қай жақта істелгенін, істелетінін білдіретіні салыстыру əдісі арқылы түсіндіріледі. Тақтаға мұғалім деген сөзді жазып, оған тəуелдік жалғауын қосып, оқытушы/мұғалім сөзінің студентке тəуелді екені айтылады. Осыдан кейін мұғалім сөзін тақтаның орта тұсына жазып қойып, оған ең алдымен -мін қосымшасын жалғап, мұғаліммін сөзінің кіммін? Деген сұраққа жауап болып тұрған мағынасын аңғартамыз. Мұнан соң мін қосымшасынан мен сөзінің ұғымы туып тұрғанын түсіндіріп, мен сөзін мұғаліммін сөзінің алдынан жазып қойып, мұғаліммін деген сөздің астынан мұғалім сөзін қайта жазып, оған -сің қосымшасын қосып жазып, қандай өзгеріс болғанын студенттердің өздеріне айтқызып, -сің қосымшасынан сен деген ұғымның туып тұрғанына көздерін жеткізіп, сен сөзін мен сөзінің астына мұғалімсің дегеннен бұрын жазып қоямыз. Жіктік жалғауының қалған жалғауларын да түсіндіріп І, ІІ, ІІІ жақтарға бөлінетінін білдіреміз. Сөйтіп бұл мысал арқылы жіктік жалғауы жалғанған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? нешінші? екендігін аңғартатын категория екенін танытсақ, келді, оқыды деген етістіктерді үш жаққа қойып: І жақ мен келдім, оқыдым, жаздым ІІ жақ сен келдің, оқыдың, жаздың сыпайы сіз келдіңіз, оқыдыңыз, жаздыңыз ІІІ жақ ол келді, оқыды, жазды деген тұлғаларда түрлендіріп айтуға болатынын көрсетіп, жіктік жалғаулары қимылдық ұғымды білдіретін сөздерег жалғанғанда, қимылдың, іс-əрекеттің қай жақта болатынын, не болмағандығын білдіретінін айтады. Сөйтіп, жіктік жалғауы сырттай қарағанда тəуелдік жалғауына ұқсас болғанымен, бір-біріне ұқсамайтын мынадай айырмашылықтарына тоқталу керек: 1. Тəуелдік жалғауы мағына жағынан меншіктілікті, тəуелділікті білдірсе, жіктік жалғауы заттың кім? не? қандай? нешінші? екендігін білдіреді. 2. Тəуелдік жалғаулы сөз үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыса, жіктік жалғауы үнемі атау септігіндегі есімдіктермен қарым-қатынасқа түседі. 3. Тəуелдік жалғауы кез-келген есім сөздерге жалғана береді, ал жіктік жалғауы тек қана адамға, мамандыққа байланысты ұғымды білдіретін сөздерге ғана жалғанады. Сонымен қоса, қимылды білдіретін етістік сөздерге талғамсыз жалғана береді, мұндай қасиет тəуелдік жалғауыныда жоқ. Жіктік жалғауының есім сөздер мен етістік сөздерге жалғану ретін жəне олардың қосымшаларын төменде берілетін кесте арқылы түсіндіріледі. 13

Жақ жекеше көпше Мысалдар мен І біз Біздер -мын, -мін -бын, -бін -пын, -пін -мыз, -міз -быз, -біз -пыз, -піз сен, сіз ІІ сендер Сіздер -сың, -сің -сыз, -сіз ІІІ ол Олар жоқ Жоқ -сыңдар, -сіңдер -сыздар, -сіздер баламын, баламыз үлкенмін, үлкенбіз қазақпын, қазақпыз баласың, баласыңдар үлкенсің, үлкенсіңдер қазақсыз, қазақсыздар бала, балалар үлкен, үлкендер қазақ, қазақтар Қорыта келгенде, адам баласының барлық таным процестері тіл заңдылығын білуден, оқудан, ой сауатын ашудан басталады. Сондықтан зат есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың маңызы ерекше зор. Университетте студент зат есімнің грамматикалық категорияларымен танысады, сөздердің түрленуі мен сөйлемдегі өзгерісін, олардың ғылыми жүйесімен əр алуан фактілерін зерттеп біледі. Соның нəтижесінде студенттер өздерінің тілден алған білімдерін молайтады, жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс оқуға үйреніп, ұғу қабілеттілігін жетілдіреді, грамматикалық, орфографиялық ережелерді үйренеді, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің тиімді дағдысын қалыптастырады. Студенттер зат есімнің грамматикалық категорияларын оқу арқылы қазақ халқының ана тіліндегі сөз байлығын меңгереді, сөздерді түрлендіріп, олардан алуан түрлі ұғым беретін мағыналарды туғызады, сөйлемдер құрап логикалық ойын дамытады, соның нəтижесінде грамматикалық категориялар мен оның қызметін талдап білетін болады. Жоғарыда айтылғандардан зат есімнің грамматикалық категорияларын жақсы білгізу студенттердің ақыл-ойын дамытып, дұрыс сөйлей білуге жəне сауатты жазуға үйрену жағынан маңызы ерекше зор екендігін байқаймыз. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 1. Əуелбаев Ш. Грамматикалық кестелер. Алматы. 1980 ж. 2. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003 ж. 3. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, «Қайнар» 1993ж. 4. Исаев С.М., Назарғалиев К., Дəулетбекова Ж. Қазақ тілі. 6-сынып, (оқулық) Алматы, «Атамұра» 2002 ж. 5. Исабаев Ə. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы, «Қазақ университеті» 1993ж. 6. Исаев С.Қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, «Рауан» 1992 ж. 7. Қараев М.Ə. Қазақ тілі. Алматы, «Ана тілі» 1993 ж. 8. Құлмағанбетова Б. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Мектеп» 1988ж. 9. Қазақстан мектебі. 3, 4, 2004 ж. 10. Қазақ тілі мен əдебиеті. 4, 2006 ж. 11. Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының мəселелері. Алматы, 1996 ж. 12. Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Ана тілі» 1991 ж. 14