АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

Benzer belgeler
Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

Prof.Dr. Osman Horata

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

Prof.Dr. Osman Horata

Prof.Dr. Osman Horata

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

KÜLTÜR EVRENİ. Стоимость подписки 40 TL (Yurt içi / для граждан Турции) 60 $ / 50 Euro (Yurt dışı / для граждан других стран)

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

Prof.Dr. Osman Horata

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

BÜTÜN SÖZLERİN ASLI BİRDİR

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

04-06МАМЫР 2015ТҮРКІСТАН\ҚАЗАҚСТАН MAYIS 2015 TÜRKİSTAN/ KAZAKİSTAN MAY 2015 TURKESTAN / KAZAKHSTAN

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Г.С. ИСАЕВА. Филология ғылымдарының кандидаты ҚАЗАҚ-ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДЫБЫСЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ. Аннотация

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

Sempozyum Düzenleme Kurulu / Симпозиум Ұйымдастыру Комитеті / Symposium Organization Committee

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

Балама энергия көзіне балама заң керек

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2014 Yıl / Year / Год 6 Sayı / Number / Число 20

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

Мәуiт Ырысбек, Нарбаев Бақдәурен, Қайсаұлы Әрiн, Өрлеу Наржол. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың МАТЕМАТИКА

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Sosyal bi liṁleriṅ eğiṫiṁ bi liṁleri üzeriṅdeki etkiṡi ve türkiẏe gerçekleri

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

AVRASYA ARAŞTIRMA ENSTİTÜSÜ FAALİYETLER

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

AVRASYA BİRLİĞİ YLE İLGİLİ KAZAKLARIN MİLLİ ÇIKARLARI

Transkript:

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ BİLİŞSEL DİLBİLİMİN ANTROPOSENTRİK PARADİGMASINDAKİ ROLÜ THE ROLE OF COGNITIVE LINGUISTICSIN ANTHROPOCENTRIC PARADIGMS Doç. Dr. Zhaina SATKENOVA * -Sayle AYAZBAEVA ** (Саткенова Жайна)-(Аязбаева Сəуле) Түйін Бұл мақалада антропоөзектік парадигмадағы когнитивтік лингвистиканың орны туралы баяндалады. Тірек сөздер: Когнитивті лингвистика, концепт, ұлттық мəдениет, тіл білімі, танымдық тіл. Özet Bu makalede yazarlar, bilişsel dilbiliminin antroposentik paradigmasındaki rolünün neler olduğundan söz etmektedirler. Anahtar Kelimeler: Kognitiv dilbilimi, bilişsel dilbilimi, konsept, milli kültür, dilbilimi. Summary This acticle considens the role of cognitive linguistics in anthropocentric paradigms. Key Words:Cognitivelinguistics,the concept ofnationalculture, linguistics, cognitivelinguistics. * El Farabi Kazak Milli Üniversitesi Filoloji Edebiyat Teorisi ve Dünya Dilleri Fakültesi. Kazak Filolojisi Bölümü Öğretim Üyesi. Almatı/KAZAKİSTAN ** El Farabi Kazak Milli Üniversitesi Filoloji Edebiyat Teorisi ve Dünya Dilleri Fakültesi. Kazak Filolojisi Bölümü Master Öğrencisi. Almatı/KAZAKİSTAN əл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, əдебиеттану жəне əлем тілдері факультетіқазақ филологиясы кафедрасы 46

Тіл адамдарға ғана тəн, табиғаты жағынан əлеуметтік, жалпылаушы ойлау құралы. Тіл танымның рационалды баспалдағының қалыптасу тəсілі жəне де адамның əлеуметтік тірі жан ретінде қалыптасуын қамтамасыз ететін құрал ретінде туады жəне дамиды. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі туып отыр. 1. Когнитивизм адам ақыл ойын, олармен байланысты менталды процестерді зерттеу обьектісі етіп алған ғылымдарға бағытталады. Қазіргі кезде ғылым салаларында «когнитивті төңкеріс» туралы сөз болуда. Американдық белгілі лингвист Н. Хомский: «Когнитивтік төңкеріс ақыл-ой мен мидың жағдайын, олардың адамның когнитивті болмысына, біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді» деп жазды. Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік немесе когниция деп аталады (Нұрдəулетова Б.И. 2011: 5). В. Гумбольдт айтқандай, тіл адам баласының болмысы мен танымының барлық саласына араласа алатын адамзат рухының ең басты əрекеті. Тіл зерттеушілері когнитивтік тіл білімі арқылы танымның шарттары мен құралы ретіндегі тілдің рөлін айқындауға мүмкіндік алады. Когнитивтік тіл білімі қазіргі антроөзектік талдаулар деңгейінде қалыптасқан когнитивизм негізінде пайда болып, тілдік зерттеулердің көкжиегін кеңейтеді. Когнитивизм, когниция тек адам рухына (білім, сана, ақыл, ой, түсінік, шығармашылық, ойлау, логикалық түйін, проблеманы шешу, қиялдау, арман, т.б. ) қатысты жайттарға ғана емес, сонымен бірге қабылдау, еске сақтау, зейін, танып білу сияқты процестерді қамтиды. Когнитилогияда тіл тек ақпарат берумен шектелмейді, бейнелі образдар арқылы əлемнің тілдік бейнесін сипаттауда айрықша қызмет атқарады (Қошанова Ж.Т. 2009:6). Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, оның бағыттары мен ұғымдарына алғаш көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Шетелдік лингвистиканың ішінде когнитивистиканың қатарына жататын А.Вежбицкийдің семантикалық пиримиттер концепциясын (1999), М.Минскийдің фреймдер теориясын (1979), Э.Роштың прототип теориясын (1973, 1977), Р.Лангакердің кеңістік (когнитивтік) грамматикасын (1992), Ч.Филлмордың септік грамматикасын (1999) т.б. жаңа бағыттарын атап өткен жөн (Қарымбаева С.М. 4(26), 2008:13). Дж Миллер когнитивтік ғылымды «XX ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпараттар теориясының симпозиумы» деп бағалаған. 1960 жылы Гарвард университетінде американдық профессор Дж Бруннер Дж Миллермен бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашады. Аталған орталық когнитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосты. 47

48 KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ ХХ ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық тұрғысынан қарала бастады. Сөйтіп, когнитивтік лингистика антропоцентристік парадигма аясында когнитивизм базасы пайда болды. Когниция когнитивтік лингистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлаудың тіл арқылы танылуын қарастырады. Сондықтан да когнитивизм тіл білімімен тығыз байланысты (Сəткенова Ж.Б. 2006: 4). Когнитивтік лингвистика ХХ ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып саналды. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама штаттарында «когнитивті грамматика» деп аталса, Ресейде «когнитивті семантика»-когнитивті зерттеулердің алғашқы бастауы болды (Нұрдəулетова Б.И. 2011: 5). Европа лингвистикасында когнитивтік грамматика мəтін, ақпараттарының берілуі, тыңдаушы мен айтушының арақатынасы, ақпаратты қабылдауда, қорытуда, қайта жаңғыртудағы адам санасының танымдық құрылымы, қызметі деген мəселелерді негізге алып, қалыптасты (Маслова.В.А 2004: 9). Когнитивті лингвистика ғылымының зеттелуіне мол үлес қосқан ғалымдар ретінде В.Гумбольдт, Э.Кассирер, Л.Витгенштейн, Дж. Миллер, Дж. Лакофф, Ф.де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ, Э.Сепир, Б.Уорф т.б. ғалымдарды айтуға болады. Ал орыс тіл білімінде бұл мəселемен айналысқан Л.Вайсгербер, Ю.Степанов, В.Телия, Е.Кубрякова, Ю.Апресян, Ю.Караулов, Д.Лихачев, В.Демьянков, М.Минский, Н.Жинкин, И.Гальперин, В.Маслова т.б ғалымдарды айта аламыз. Қазақ тіл білімінде таным теориясын зерттеу сонау А.Байтұрсынов, Қ.Жұбановтардың ғылыми еңбектерінен бастау алады. Солардың ізімен бұл мəселе жөнінде Ж.Манкеева, Б.Момынова, Б.Қасым, А.Ислам, Э.Оразалиева, С.Жапақов, Г.Зайсанбаева, Н.Аитова, Ж.Сəткенова, Ж.Жанпейісова, Ж.Исаева, С.Жиренов, Ш.Мажитаева, С.Кенжеғалиев, Ə.Шадыкенов т.б. еңбектерінен көруге болады. Орыс тіл біліміндегі когнитивтік ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ресейлік ғалым Ю.С.Степанов болды. Оның 1997 жылғы «Консанты словарь русской культуры» атты еңбегінде орыс мəдениетіндегі правда, закон, любовь, слова, душа, грех, наука, огонь, число, время, вода, хлеб, язык сияқты концептілер қамтылып, когнитилогиялық негізде талдау жасалады. Адам іс-əрекеттерінің негізгі ерекшеліктерін түсінуде когнитивистер тілді кілт ретінде қолданады (Сəткенова Ж.Б. 2006: 4). Е.С. Кубрякованың «Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі» еңбегінің де когнитивті лингвистиканың зерттелуіне айтарлықтай маңызы болды. Когнитивтік ғылымның маңызын когнитивтік лингвистика когнитивтік жүйедегі лингвистикалық бағыт болғандықтан, тілдің танымдық сипатын тереңдеп қарастыруға мүмкіндік жасайтындығын жəне тілдің когнитивтік

бейнесін тілдегі кез келген тілдік бірліктердің астарынан көруге болатындығын В.А.Маслова атап көрсетеді (Маслова.В.А 2004:14). Когницияда тіл қалай көрініс табатыны туралы проф. Б. Қасым былай дейді: «Когнитивистика шеңберінде ескі мəселеле жаңа бағытқа қарай өңделіп, қарастырыла бастайды. Мəселен, реалийлердің (заттардың құбылыстарды, оқиғалардың) табиғаты санада түрліше көрініс табуына себепші болады: біреулері көрнекі нақты образдар арқылы берілсе, келесілері қарапайым ұғымдармен, үшіншілері символдар кейпінде келеді» əлем жайында белгілі бір түсініктердің қалыптасуы психикалық бейнелеудің үш деңгейі өзара қарым-қатынас жасауы нəтижесінде пайда болады. Олар: сезімдік қабылдау деңгейі, түсініктердің қалыптасу деңгейі, сөйлеу-ойлау процестерінің деңгейі (Қасым Б. 2008: 5). Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұстанымдары мен заңдылықтары оның ұғымдық бірліктерінің өзара қарым-қатынас жасауы арқылы əрі бірбіріне əсер етуі негізінде айқындалатындықтан, тіл мен танымның сабақтасқан бірлігі, ең алдымен, адамның психофизиологиялық қабілетіне жəне одан туындайтын əрекетіне қатысты сұрыпталады. Танымның күрделі табиғаты əр ұғымның өзіндік ерекшелігін үлкен жүйенің бір бөлшегі ретінде зерделеуге мүмкіндік берумен қатар, олардың адам мен қоршаған ортаны жан-жақты қабылдаудағы қызметі мен орнын түсініп пайымдауға септігін тигізері сөзсіз. Басты танымдық ұғымдардың қатарында когнитивистер логикалық таным мен когницияның ара-жігін ажырату қажеттігін ескертті, сөйтіп, екеуінің өзіндік белгілері мен байланысқа түсер мүмкіндіктерін ғылыми негізде жіктеп зерделеген дұрыс деген қорытындыға келеді. Когниция бұл танымның өзгеше сипаты. Аталмыш ұғым адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мəлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты əрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады. Ғалымдар логикалық танымға қарағанда, когниция əлемді танудың алуан түрлі амал-тəсілдерін, олардың заңды сабақтастығын басшылыққа алады деген тоқтамға келеді. Когнитивті лингвистика бойына бірнеше бағыттағы ұстанымдарды сабақтастыра отырып, антропоцентристік зерттеулердің маңызды соқпағын саралауға мүмкіндік береді. Ол дəстүрлі құрылымдық-семантикалық тіл біліміне қарсы қойылатын ғылыми бағыт ретінде емес, лингвистикалық танымның екінші қырын, тағы бір сипатын айқындайтын сала деп танылатындықтан, оның ерекшелігі үш түрлі негізде талданып келеді: «Біріншіден, тілге берілетін анықтамаға сүйене, екіншіден, өзге ілімдер жүйесінде алар орны мен ғылыми тұжырымдардың көмегімен, үшіншіден, қарастырылатын мəселелер көкжиегімен əрі олардың шешілу өзгешелігімен». Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары: ойлау, білім, концептуализациялау, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік база, 49

когнитивтік модель, категоризация, вербализация, менталдылық, мəдени констенттар, концепт, дүние бейнесі, концептосфера, ұлттық мəдени кеңістік, когниция, дүниенің тілдік бейнесі, тілдік сана, таным т.б. Когнитивтік лингвистиканың негізгі құралдары: есте сақтау бірліктеріфреймдер, концептілер, гештальт, жəне т.б. Когнитивтік лингистика дүние бейнесін модельдеуге, тілдік сананы модельдеуге бағытталады. «Танымдық тіл білімінің құралдары ретінде жадының оперативтік бірліктері фреймдер немесе стереотипті жағдайлар, сценарийлер; концепттер немесе сөз арқылы қамтылатын барлық мағыналар жиынтығы; гештальттар, яғни əлемнің нақты ұғымдар пайда болғанға дейінгі бейнелері жəне т.б. танылып келеді, себебі аталмыш лингвистикалық зерттеулер əлемнің суретті бейнесін жасауға, тілдік сананың қалыптасу өзгешелігін саралауға бағытталады. Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі жоқтан емес, тіл білімінде бұрыннан қолданылып келе жатқан жəне өзге ғылымдар жүйесінен алынған ұғымдардан құралатындығын» атай отырып, В.А. Маслова оқу құралында оның ұғымдық бірліктері қатарында ақыл-ой, білім, концепт, концептуалды жүйе, когниция, əлемнің тілдік көрінісі немесе бейнесі, когнитивтік база, ментальды көзқарастар, танымдық модель немесе үлгі, категоризация, вебалдану, мəдениет константтары, концепттік ая, ұлттық мəдени кеңістік жəне т.б. сөздер мен сөз тіркестерін қарастырады (Маслова.В.А 2004:13-14). Кез келген нəрсе біздің санамызда сол туралы соған сəйкес ұғымның арқасында ғана қабылданады. Меңгерген ұғымдар жүйесі арқылы ғана біздің ойымыздағы нəрселердің барлығы біркелкі тұтас болып реттеледі, ұйымдастырылады. Аталған ұғымдардың əрқайсысы танымдық бөлшектер ретінде санатында зерделенеді. Олар азамзат рухының жоғары көрсеткіштерін құрайтын білім, сана, ақыл-ой, шығармашылық, символ, логикалық түйін, қиял, арман сынды құбылыстарды ғана емес, сонымен қатар күнделіті əрекеттер тізбегін де, атап айтсақ, қабылдау мен есте сақтауды, тану мен көңіл бөлуді қамтиды. Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы концепт болып табылады. 1. Нұрдəулетова Б.И. Когнитивтік лингвистика. Оқулық. Алматы: Қазақстан Республикасы Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, 2011. 312 б. 2. Қошанова Ж.Т. Қазақ тіліндегі «Байлық кедейлік» концептісі: танымдық сипаты мен қызметі. Дис/автореф. Алматы, 2009. 3. Қарымбаева С.М. Когнитивті лингвистиканың зерттелуі // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. - Филология сериясы, 4(26), 2008. 4. Сəткенова Ж.Б. Когнитивті лингвистика ғылымының зерттелуі // əл- Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. - Филология сериясы. 4, 2006. 5. Қасым Б. Когнитивті лингвистиканың теориялық негіздері // Қазақ тілі мен əдебиеті жəне инновация мəселелері. Алматы, 2008. 59 б. 6. Маслова.В.А. Введение когнитивную лингвистику. М.: Флинта, 2004. 50