Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

Benzer belgeler
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Prof.Dr. Osman Horata

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Prof.Dr. Osman Horata

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

Prof.Dr. Osman Horata

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

AVRASYA ARAŞTIRMA ENSTİTÜSÜ FAALİYETLER

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

Prof.Dr. Osman Horata

Қордың жылдары атқарған қызметі

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2014 Yıl / Year / Год 6 Sayı / Number / Число 20

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Г.С. ИСАЕВА. Филология ғылымдарының кандидаты ҚАЗАҚ-ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДЫБЫСЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ. Аннотация

«Рекреация» сөзі поляктың regreacia демалу, латынның regreation күш

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

KZI BANK ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

республикалық апталық газет

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Кəсіби бағытталған шет тілі (пəннің атауы)

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

KÜLTÜR EVRENİ. Стоимость подписки 40 TL (Yurt içi / для граждан Турции) 60 $ / 50 Euro (Yurt dışı / для граждан других стран)

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

Балама энергия көзіне балама заң керек

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

Sempozyum Düzenleme Kurulu / Симпозиум Ұйымдастыру Комитеті / Symposium Organization Committee

YENİ KÜRESEL GERÇEKLER BAĞLAMINDA KAZAKİSTAN IN YENİ SOSYAL POLİTİKASI

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

Мәуiт Ырысбек, Нарбаев Бақдәурен, Қайсаұлы Әрiн, Өрлеу Наржол. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың МАТЕМАТИКА

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

Бизнес жобасы. Жылқы фермасын ашу жыл

Transkript:

Андабаева Дана Асқатқызы «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени концептілері» «6D021200 Түркітану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясына АҢДАТПА Ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманғы тіл білімі ғылымында тілді тек коммуникативті-когнитивтік қызмет шеңберінде ғана емес, сонымен қатар дара лингвомәдени ортақтастықтың өзіндік мәдени коды ретінде антропоцентристік парадигманы негізінде, тілдерді салғастырмалы аспект тұрғысынан талдауға деген үлкен қызығушылықтың бар екендігі белгілі. Аталмыш зерттеу жұмысы этномәдени материалдардың терең қатпарларын қамти отырып, «тіл адам мәдениет» үштік бірлік негізінде қазақ, түрік, және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық бірліктерді өз ара салғастыра зерттеуге арналған. Бұл концептер құрылымдық мағынада айырықша орынға ие мәдени компоненттердегі топтық тілдік бірліктері болып табылады және оның ең негізгі өзегі болып танылады. Концептерден бөлініп алынған компоненттер неғұрлым мәдени маркерленген болуы шарт. Зерттеу жұмысының өзектілігі. 1. Аталмыш диссертациялық зерттеу жұмысы мәдени маркерленген фразеологиялық бірліктерді талдауға арналған. Мәдениеттерді тілдік бірліктер негізінде зерттеу этностар мәдениетінің құрылымдық көкжиегін кеңейтетін заманауи лингвомәдениеттанудың бірден-бір өзекті мәселесі болып табылады. Әлем әр түрлі тілдері картасын тақырыптық сыныптар бойынша оларды ұлттық - мәдени спецификасы аясында фразеологиялық бірліктері бойынша салғастыру өте өзекті болып отыр. 2. Соңғы жылдары «адам факторы» лингвистикалық зерттеулердің талдауларына негізгі өзек болып отыр. Оның себебі, адам тілді қатынас құралы ретінде пайдаланатын белгілі бір төл (немесе бөтен) мәдениеттің иесі. Демек, ұлттық тұлға ретінде өзіндік ерешелігімен танылатын жеке адамның тілдік бірліктерді қалай бейнелейтіндігін салғастыра зерттеу өте маңызды болмақ. Әрине мұндай іздестіру жұмыстары тек қана жалпылық сипатта ғана емес, зерттеліп отырған мәдениеттегі әр түрлі тілдік орталарға да қатысты. Осыған орай фразеология ұлттық тілдік тұлғалығын мейілінше жарқыратып көрсете алады, оны лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан салғастыра зерттеу маңызды болып табылады. 3. Халықаралық қатынастардың күшеюіне байланысты халықтар арасындағы мәдени сұхбаттастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздестіру

жолында тіл мен мәдениеттің ортақ мәселелерін шешуде соны әлеуметтік лингвистикалық, лингводидактикалық зерттеулердің қажеттілігі артып отыр. Этносаралық және мәдениаралық қарым-қатынас негізінде әр халықтың тілдік, мәдени ерекшеліктерін ескеру шет тілдерін үйретудегі негізгі шарттылық болуға тиіс. Мүмкіндігіне сәйкес лингвомәдениеттану даму үстінде, оның әдістемелік негізі де жасалуда және ұсынылып отырған диссертация шет тілдерін практикалық тұрғыдан меңгеруді байытады. Диссертациялық зерттеу жұмысы Қазақтандық түркітану ғылымында қазақ-ағылшын тілдерінің фразелогиялық бірліктерін салғастырыла зерттелінгендігімен (орыс, неміс, француз тілдері материалдары негізінде талданылған жұмыстар бар) маңызды. Оны айтпағанда қазақ тілін туыстас басқа түркі тілдерімен (б ұл жағдайда оғыз тілі тобымен) салыстыра зерттеген жұмыстардың аздығына байланысты зерттеудің маңыздылығы да артып отыр. Ағылшын тілі ғаламдық тілі, жаһандану мен мәдениетаралық қарым-қатынастың тілі. ҚР Перзиденті Н. Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстан тұғырлы үш тілді еркін меңгерген жоғары білімді мемлекет ретінде әлемге танылуы керек. Бұл: мемлекеттік тіл қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі орыс тілі және жаһандық экономикадағы табысты интеграцияның тілі ағылшын тілі. Аталмыш ғылыми зерттеуде орыс тілі метатіл ретінде қолданылды. Бірнеше тілдерді зерттеу полиэтникалық Қазақстанның аумағында өте өзекті болып табылмақ. Тарихи этимологиялық, этнографиялық көзқарас тұрғысынан салыстыра зерттелген фразеологиялық бірліктер бай мәдени материал екендігі даусыз. Қазақ, түрік, ағылшын тілдері концептісінде бейнеланген мәдени маркерленген фразеологизмдер зерттеудің нысаны болып табылады. Қазақ, түрік, ағылшын лингвомәдениетіндегі фразеологизмдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері зерттеудің пәні болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Аталмыш жұмыстың мақсаты қазақ, түркі, ағылшын тілдерінің негізінде фразеологиялық бірліктерді мәдени маркелік концептерді салғастыра зерттеу, фразеологиялық бірліктердің қалыптасуындағы жалпы заңдылықтарды айқындау және олардың ұлттық-мәдени ерекшелігін тарихи дәлелдер мен тұрмыс-тіршілігіне сүйене отырып анықтау. Осы мақсаттар мынандай міндеттерді жүктейді: 1. Фразеологизмнің мәселесіне қатысты қалыптасқан көзқарастар мен тұжырымдарға талдау және қортынды жасау. Қазіргі отандық және шетелдік тілі білімінде дәйектелген фразеологиялық бірліктердің типологиясын осы тілдердің ерекшеліктеріне ескере отырып топтастыру жасау. 2. «Концепт», «концептосфера» феноменін қарастыру, зерттеліп отырған лингвомәдениеттегі концептосфераны талдау. 3. Қазақ, түрік, ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық бірліктер негізінде мәдени маркерленген концептердін вербалдық мүмкіндіктерін айқындау және салғастыру. 4. Салыстыра зерттеу негізінде фразеологиялық бірліктердің этноспецификасын анықтау; талданылып отырған тілдердегі

фразеологиялық бірліктердің мағыналық бірегейлілігін және әмбебаптығын салғастырмалы-салыстырмалық тұрғыдан саралау. 5. Қазақ, түрік, ағылшын мәдениетіндегі бейнелі де белсенді парадигмаларды ерекше бөліп қарастыру; әлемнің ұлттық бейнесін қалыптастырудағы олардың рөлін айшықтау. Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысындағы талданылып отырған тілдік материалдар жалпы лингвистикаға, соның ішінде фразеологияға қатысты теориялық қағидаларға негізделген. Диссертациялық жұмысқа төмендегідей әдістер мен тәсілдер пайдаланылды: 1) тілдік бірліктердің мәдениеттанулық маңыздылығын талдауға мүмкіндік беретін семантикалық талдау әдісі. Аталмыш зерттеу жұмысында фразеологиялық бірліктерге мыналар жатады: тілдік жүйеде олардың пайда болуына, қалыптасуына және қолданылуына қатысты себептерді айқындауға мүмкіндік беретін семантикалық талдауға негізделген мәдени маңызды сөз тіркестері, мақалдар мен мәтелдер, бейнелі тіркестер, тілдік реалиелер, тұрақты бірліктер, клишелер, фразалар; 2) жаппай іріктеп алу тәсіл негізінде әр түрлі фразеологиялық, тақырыптық, түсіндірмелік, екі тілдік сөздіктерден алынған айқын мәдени коннотацияға ие тілдік бірліктерді таңдап алынды; 3) әрбір тілдің ұлттық-мәдени табиғатын және ерекшеліктерін айқындау мақсатындағы синхронды-салғастырмалық әдіс. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы оның таңдап алынған нысаны болып табылады. Диссертациялық жұмыста алғашқы рет салғастырмалы фразеология аспектісінде қазақ, түрік, ағылшын тілдерінің мәдени маркирленген фразеологизмдері лингвомәдени ракурсте зерттеліп отыр. Аталмыш жұмыста лингвомәдениттану тұрғысынан фразеологиялық бірліктер салғастырылып отырған тілдердің ұлттық менталитетіне сәйкестендіріліп талданылды. Данный подход к исследованию дает более глубокое понимание культуры народы и специфики отражения этноса в языке с помощью фразеологических единиц. Зерттеудегі аталмыш тәсіл фразеологиялық бірліктер негізінде халықтар мәдениетін терең тануға және этностың тіліндегі көрінісінің ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар зерттеу жұмысының жаңалығы фразеологиялық бірліктер күрделі терең құрылымды, сөзбе-сөз аударуға келмейтін, көп қатпарлы, полифункционалды тілдік бірліктер тұрғысынан қарастырылуы болып табылады. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар: 1. Фразеологиялық бірліктер халықтың нақты өмірден аңғарған, сезінген танымдық және қарым-қатынастың жемісі, солай болғандықтан да ол халықтың ұжымдық санасының концептісі болып табылады. Фразеологизмнің тілдік табиғаты дегеніміз бұл тілдердің логикалысемиотикалық, құрылымды-синтаксистік, коммуникативті-мағыналық, когнитивті-семантикалық және ұлттық-мәдени аспектідегі бірлігі мен тоғысы болып табылады.

2. «Туысқандық қарым-қатынас», «прецеденттік атау», «соматизм», «анимализм», «нумератив», «түстану» компонентті концептер ұлттық мәдениеттің ментальды репрезентациясы болып танылады. Ұлттық концепттік өріс жеке адамның, топтардың, таптардың, ұлттық және әмбебаптық жалпы адамзаттық құндылықтардың жиынтығынан құралады. Әрбір қарастырылған лингвомәдени бірлікте тілмен, моралдық өлшемдермен, сенімдермен, мінез-құлықпен және т.б. таңбаланған, тек соған қатысты мәдени мағыналар мен ерекшеліктер бар. 3. Қазақ, түрік, ағылшын тілдеріндегі «туысқандық қарым-қатынас», «прецеденттік атау», «соматизм», «анимализм», «нумератив», «түстану» компонетті фразеологиялық бірліктер интернационалды белгілермен қатар, ортақ ұғымдық базиске ие. Алайда, әр тілдің шындықты концептілендіру тәсілі олардың табиғатына сай түрлінше болып келеді. 4. Қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде толық, жартылай және эккивалентсіз фразеологиялық бірліктері тән. Мұндай тілдік фактілер лексикалық қордағы өз ара ұқсас келетін семантикалық құрылымдардың сәйкестілігінің дәлелі болмақ. Қазақ және түрік тілдерімен салыстырғанда ағылшын тілінде фразеологизмдер сан мейілінше аз. 5. Қазақ, түрік, ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің тақырыптық-бейнелік құрамы ұлттық индикаторын танытатын бірден бір өлшем бірлігі боып табылады. Онда географиялық, тұрмыстық, әлеуметтік, тарихи, мәдени ерекшеліктер бейнеленген. Қарстырылып отырған тілдергі фразеологиялық бірліктің компоненттері біркелкі емес: толық сәйкес келеді немесе жартылай сәйкес келеді немесе эквивалентсіз лакуналар болып тапбылады. Фразеологизмдер саны жағынан да, сапасы жағынан да біркелкі емес. Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Фразеологиялық бірліктерді зерттеу бойынша жұмыстың теориялық базасы мыналар: қазақ фразеолгиясы бойынша І.К. Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Р.А. Авакова, М. Р. Есимжанованың еңбектері; түрік фразеологиясы бойынша: Dоğаn Аksаn, Ömеr Аsım Аksоy, Аydın Dаğpınаr; өзбек фразеологиясы бойынша: Ш.У. Рахматуллаевтың еңбектері; әзірбайжан тілінің фразеологиясы бойынша: С.Н. Муратов, Г.А. Байрамов, Г.X._Аxунзянова; башқұрт фразеологизмі бойынша: З.Г. Уpакcиннің, түркі тілдерінің қыпшақ тобы бойынша: К._Маxмудованың, ағылшын фразеологизмні бойынша: А.P. Cоwiе, H.Burgеr, J. Sinclаir, И.А. Мельчук, А.В. Куниннің тағы басқа ғалымдардың еңбектері. Зерттеу жұмысының теориялық базасы фразеологиялық бірліктерді зерттеу болып табылады. Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың лингвомәдениеттанудың, тілдік семантиканың, этимология мен тілдер тарихының, жалпы тілі білімі мен лингвофилософияның күрделі мәселелеріне қатысты іргелі еңбектер жазған В. фон Гумбольд, Э.Cепиp, Б._Уорфа, Е.Д. Поливанов, В.В. Виноградов, Н.М. Шанcкий, Ю.Д. Апpеcян, Н.Д. Аpутюнова, Е.М._Веpещагин, В.В. Воpобьев, В.А. Маcлова, А.P. Cоwiе, А.А. Потебния, В.Н. Телия, Н.К. Дмитpиев, С.А. Аманжолов, І.К. Кеңесбаев,

Ж.А. Манкеева, P.А._Авакова, Г.М. Алимжанова қатарлы ғалымдардың ғылыми тұжырымдары мен түйіндері пайдаланылды. Зерттеудің негізгі дереккөздері. Зерттеудің дереккөзі ретінде төменгеідей сөздіктер пайдаланылды: қазақ тілі бойынша А._Кайдар «Тысяча метких и образных выражений» (2003); X. К.Кожахметова, Р.Е._Жайсакова, Ш.О. Кожахметова «Казахско-русский фразеологический словарь» (1988); І.К. Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977). Түрік тілі бойынша M. Еrtuğrul Sаrаçbаşı «Örnеkli vеаçıklаmаlı Türkçе Dеyimlеr Sözlüğü» (2002); Ömеr Аsım Аksоy «Аtаsözlеri vе Dеyimlеr Sözlüğü» (1998); Ö. Аydın Süеr «Rusçа-Türkçе dеyimlеr sözlüğü» (1999); Аksаn Dоğаn «Türkçеnin Sözvаrlığı» (1996); Аydın Dаğpınаr «Türkçе-İngilizcе / İngilizcе TürkçеАtаsözlеri vе Dеyimlеr» (1982). Ағылшын тілі бойынша Т.В._Пархамович «Англо-русский, русско-английский словарь фразеологизмов» (2011); А.М._Винокуров «Англо-русский словарь идиом. 5500 наиболее употребительных английских и американских устойчивых словосочетаний с примерами» (2009); Rоbеrt J. Dixsоn «Еssеntiаl Idiоms in Еnglish. Phrаsаl Vеrbs аnd Cоllоcаtiоns» (2003). Зерттеу материалы: Зертеу материалдарына 950 фразеологиялық бірлік пайдаланылды: қазақ тілінде 400, түрік тілінде 300, ағылшын тілінде 250. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеуден алынған нәтижелерді қазақ, түрік, ағылшын тілдеріндегі лингводидактикалық негіздегі ұлттық-бағыттық оқулықтарға, оқу құралдарына, сөздіктер мен анықтамалықтарға, сондай-ақ аударманың теориясы мен практикасына, лексиография мен мәдениеттану пәндері бойынша арнаулы курстарда, фразеологиялық сөздіктерді құрастыруға, лингвомәдениеттенау мен салыстырмалы типологияға пайдалануға болады. Диссертация жұмысының апробациядан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми нәтижелері мен қорытындылары бойынша отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық ғылыми-теориялық және тәжірибелік конференцияларда 9 ғылыми мақала жарияланды. Оның ішінде: 1) скопус (Scopus) мәліметтер базасында 1 мақала; 2) халықаралық конференцияларда 5 мақала; 3) ҚР Білім және Ғылым саласындағы қадағалау комитеті бекіткен тізімге енетін журналдарда 3 мақала жарияланды. Диссертация жұмысының құрылымы. Диссертация анықтамадан, шартты қысқартулардан, кіріспеден және бір-бірін логикалық тұрғыдан толықтыратын үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.