САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Benzer belgeler
ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

Prof.Dr. Osman Horata

KZI BANK ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Prof.Dr. Osman Horata

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Prof.Dr. Osman Horata

Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

Prof.Dr. Osman Horata

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

республикалық апталық газет

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Тақырыбы: I дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясы (Түркия).

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Бизнес жобасы. Жылқы фермасын ашу жыл

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Мәуiт Ырысбек, Нарбаев Бақдәурен, Қайсаұлы Әрiн, Өрлеу Наржол. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың МАТЕМАТИКА

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

Балама энергия көзіне балама заң керек

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

YENİ KÜRESEL GERÇEKLER BAĞLAMINDA KAZAKİSTAN IN YENİ SOSYAL POLİTİKASI

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

Қордың жылдары атқарған қызметі

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. Кəсіби бағытталған шет тілі (пəннің атауы)

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

TES / TES / TES Moodpic 1 63,2 x 50,25mm CMYK & GREY. Register your new Bosch now:

Register your new Bosch now: TES6... tr Kullanım kılavuzu kk Пайдалану нұсқаулығы ar إرشادات االستخدام

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

AVRASYA ARAŞTIRMA ENSTİTÜSÜ FAALİYETLER

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

ағымына сай жаңа заманғы технологиялар бойынша тұрғызған. Сөйтіп, ол малды асылдандыру

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

Sempozyum Düzenleme Kurulu / Симпозиум Ұйымдастыру Комитеті / Symposium Organization Committee

04-06МАМЫР 2015ТҮРКІСТАН\ҚАЗАҚСТАН MAYIS 2015 TÜRKİSTAN/ KAZAKİSTAN MAY 2015 TURKESTAN / KAZAKHSTAN

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

ОН МЫЃ ОТБАСЫ ЖАЃА ЉЙГЕ К<ШЕДI

DIGITECH PRO 1000/1600/2200 VA ҮЗДІКСІЗ ҚОРЕКТЕНДІРУ БЛОГЫ UPS

Transkript:

«БЕКІТЕМІН» Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті У.С.Абдибеков 2017 ж. САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ УНИВЕРСИТЕТ ЕРЕЖЕСІ ТҮЛЕКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЕРЕЖЕСІ АЛҒЫ СӨЗ 1. Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен ӘЗІРЛЕНДІ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ 2. Әзірлегендер - Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Тулегенов Е. - Жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Мухиддинова С. 3. Келісілді - Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент Ажиханов Н. - Құқық бөлімінің басшысы Әбсеметов А. - Аккредитация және рейтинг орталығының басшысы Дарибаев Ж. 4. ЕНГІЗІЛДІ - 2017 ж. 5. Тексерілу мерзімі 2019 ж. Қызметтік қолданыс үшін басылым Түркістан

12 беттің 2-ші беті МАЗМҰНЫ Мазмұны 2 1. Қолдану саласы 3 2. Жалпы мәлімет 3 3. Қауымдастықтың заңды мәртебесі 4 4. Қауымдастықтың мақсаты мен міндеттері және мүше болу 4 5. Қауымдастық құрылымы мен басқару органдары 6 6. Мүлік және қаржылық-шаруашылық қызмет 8 7. Қауымдастық қызметін тоқтату тәртібі 9 8. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 9 9. Келісу, сақтау және тарату 10 Қосымшалар Танысу парағы 11 Өзгерістерді тіркеу парағы 12 2

12 беттің 3-ші беті 1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 1.1 Осы ереже Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түлектерінің қауымдастығы (әрі қарай - Қауымдастық) қоғамдық бірлестігінің құрамын жасақтау және оның өкілеттілігін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін белгілейді. 1.2 Бұл ережені университет Түлектер қауымдастығы мен мүшелері пайдалануы тиіс. 2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ 2.1 «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (әрі қарай - Қауымдастық) коммерциялық емес және аймақтық қоғамдық ұйым болып табылады. Қызмет аймағы Қазақстан Республикасы. 2.2 Қауымдастық өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге (әрі қарай - Ереже) сәйкес жүзеге асырады. Қауымдастық Қазақстан Республикасы азаматтарының және шет елдің азаматтары қатарынан - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерінің (әрі қарай Ахмет Ясауи университеті) және Қазақстан Республикасының басқа да азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін жалпы мақсаттарының жетістіктері негізінде өз еріктерімен біріктіретін ұйым болып табылады. 2.3 Қауымдастық атауы: Мемлекеттік (қазақ) тілдегі толық атауы «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі; Орыс тіліндегі толық атауы Общественное объединение «Ассоциация выпускников Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави»; Түрік тіліндегі толық атауы «Hoca Ahmed Yesevi Uluslararası türk-kazak üniversitesi mezunlar derneği». 2.4 Қауымдастықтың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, 161200, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29. Университет қалашығы. 2.5 Қауымдастық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығын алады, оны өз атынан алуына да болады және жеке мүліктік және мүліктік емес құқықты жүзеге асыра алады, міндеттемелерді атқарады, сотта арызданушы және жауапкер болады, меншік құқығында жекеленген мүліктерді иелене алады. 2.6 Қауымдастық толық құқыққа қабілеттілікті иелене отырып, өзінің Жарғылық қызметінің мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес кез келген мәселелерді шешуге, Қазақстан Республикасының заңнамаларына қарама-қайшы келмейтін кез келген әрекеттерді жасауға, ұсынылған барлық заңды құқықтарды қолдануға қатысуға құқылы. 2.7 Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша барлық өзіне тиесілі мүліктерге жауап береді және өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мүшелер Қауымдастықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 2.8 Қауымдастықтың өз еркіменен одақтарға, қоғамдық бірлестік қауымдастықтарына кіруге, халықаралық келісім-шарттар мен байланыстарды орнатуға, тиісті келісімдер мен келісім-шарттар түзуге құқысы бар. 2.9 Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың қауымдастық қызметіне заңсыз араласуларына жол берілмейді. 3

12 беттің 4-ші беті 3. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ 3.1 Қауымдастық мүшелері өз қызметін негізгі қызметіне қоса қоғамдық бастама ретінде атқарады. 4. ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МҮШЕ БОЛУ 4.1 Қауымдастық Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерін біріктіру, олардың кәсіби сапасын және іс-тәжірибелік дағдыларын тұрақты жетілдіру үшін жағдай жасауға ықпал ету, олардың кәсіби мүдделерінің құқықтарын қорғауда материалдық, моральдық және құқықтық қолдау көрсету, ХҚТУ-де даярланған мамандарды тиімді орналастыруға ықпал ету, әлеуметтік, экономикалық, саяси және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруына ықпал жасау мақсатында құрылады. 4.1.1 Қауымдастықтың міндеттері: 1) барлық буындағы түлектер арасындағы тұрақты байланыстарды орнатуға және қолдауға көмектесу; 2) заманауи білім алушының мәдени өсуіне мүмкіндік жасай отырып, олардың рухани және басқа да материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру; 3) Ахмет Ясауи университеті түлектерін белсенді қоғамдық қызметке рухани бағдарлау және тарту мақсатыменен олардың неғұрлым дарынды бөлігінің жеке қабілеттерін айқындау; 4) Ахмет Ясауи университеті түлектері мәртебесінің абырой-беделін арттыруға көмектесу; 5) түлектердің кәсіби мүдделерін жүзеге асыруға ықпал жасау, олардың жұмысқа орналасуына көмектесу; 6) семинарлар, конференциялар, дәрістер, курстар және насихаттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу. 4.1.2 Қызметтің лицензиялық түрлері тек заңнамаларда бекітілген тәртіптегі лицензияларды алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Қауымдастық өзінің құзіреттілігі шеңберінде барлық мүдделі кәсіпорындармен, қоғамдық және ғылыми ұйымдармен, заң орындарымен және атқарушы билікпен, шетелдік және халықаралық ұйымдармен, басқа да заңды және жеке тұлғалармен бірге қызмет ете алады. 4.1.3 Қауымдастық кәсіпкерлік және сыртқы экономикалық қызметтермен тек өзінің ережесіне мақсаттарына сәйкес тиісті жетістіктерінде ғана айналысуға құқылы. 4.1.4 Қауымдастық өз қызметінің бағыттарын, мәдени, эстетикалық, экономикалық, техникалық және әлеуметтік даму стратегияларын өзі анықтайды. 4.1.5 Қауымдастық өзінің алдына қойған мақсаттарының жетістіктері үшін әрекет етуші заңнамаларға сәйкес мынадай құқықтарға ие: - өзінің қызметі туралы ақпараттарды еркін таратуға; - мемлекеттік ұйымдардың, мекемелердің, ведомстволардың, қоғамдық бірлестіктердің, банкілердің, коммерциялық ұйымдардың, шетелдің мемлекеттік және басқа да мекемелері мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген азаматтардың қаражаттарын ерікті бастауларда тартуға; - әрекет етуші заңнамалардағы тәртіппенен бұқаралық ақпарат құралдарын құруға және баспалық қызметті жүргізуге; - қоғамдық бірлестіктер туралы Заңдарда қарастырылған өкілеттіктерді толық көлемінде іске асыруға; - қоғам өміріндегі әр түрлі мәселелер бойынша бастамамен шығуға, мемлекеттік билік органдарында ұсыныстар қосуға; - сайлау науқандарына қатысуға; 4

12 беттің 5-ші беті - қоғамдық бірлестіктің мүшесі ретінде шығуға, қоғамдық бірлестіктердің қатысушысы болуға, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп, одақтар мен қауымдастықтар құруға; - тікелей халықаралық келісім-шарттар мен байланыстарды қолдауға; - өзінің құрылымдық бөлімшелерін Қазақстан Республикасында ұйымдарын, бөлімшелерін немесе филиалдарын құруға; - баспалық қызметті, оның ішінде, редакциялық-баспа қызметін жүзеге асыруға, бюллетеньдер, конференция материалдарын және басқа да қажетті әдебиеттерді баспадан шығаруға; - әрекет етуші заңнамалармен тыйым салынбаған және Қауымдастықтың мақсаттары жетістіктеріне бағытталған кез келген басқа қызметті іске асыруға; - Қазақстан Республикасының заңнамаларын, көпшілік мақұлдаған өзінің қызмет саласына қатысты халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын, сондай-ақ оның құрылтайшылық құжаттарында қарастырылған нормаларды сақтауға; - өзінің қызметіндегі жариялылықты қамтамасыз етуге; - қоғамдық бірлестіктерді тіркейтін органдардың сауалнамасы бойынша басқарушы органдардың және Қауымдастықтың лауазымды тұлғалары шешімдерін ұсынуға, сондай-ақ, салық органдарына ұсынылатын мәліметтер көлеміндегі өз қызметі туралы жылдық және тоқсандық есептерді беруге; - Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтай отырып, мақсаттар жетістіктеріне байланысты Қауымдастық қызметімен танысуда тіркелген Қауымдастық органдары өкілдеріне көмек көрсетуге. 4.2 Қауымдастыққа мүшелік ерікті болып табылады. 4.2.1 Қауымдастық мүшесі Ахмет Ясауи университеті түлегі болып табылатын, Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттеріне ынтамақтық танытатын, мойындайтын және Қауымдастық қызметіне көмектесетін Қазақстан Республикасының азаматтары, шет елдің азаматтары және азаматтығы жоқ тұлға бола алады. 4.2.2 Қауымдастық мүшесінің құқықтары: - Қауымдастықтың қолдауын, қорғауын және көмегін пайдалануға; - Қауымдастықтың жетекші және бақылаушы органдары сайлауларына қатысуға және оған сайлануға; - Қауымдастық өткізген іс-шараларға қатысуға; - Қауымдастық қызметіне қатысты ұсыныстар енгізуге, оларды талқылауға және іске асыруға қатысуға; - Мемлекеттік және басқа да органдарда, сондай-ақ оның сайлау органдарының тапсырмалары бойынша басқа ұйымдардың және азаматтардың қарым-қатынасында Қауымдастықтың мүдделерін көрсетуге; - Қауымдастық қызметі туралы ақпараттар алуға; - өз өтініші негізінде Қауымдастық мүшелігінен еркін шығуға. 4.2.3 Қауымдастық мүшесі міндеттері: - Қауымдастық Ережесін сақтауға; - Қауымдастық қызметіне қатысуға; - Қауымдастықтың жетекші органдарының шешімдерін орындауға; - өзінің қызметін Қауымдастық жұмыстарының тиімділігін арттыруға бейімдеуге; - Қауымдастық Ережесін, жолдастық өзара қарым-қатынастардың этикасын бұзатын әрекеттерді, сондай-ақ Қауымдастық пен оның мүшелеріне моралдық немесе материалдық шығындар әкелетін әрекеттерді жасамауға, бірлестік басшылыққа алатын мақсаттар мен міндеттерге қарсы келетін қызметтерден қалыс қалуға. 5

12 беттің 6-ші беті 4.2.4 Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау Қауымдастық Басқармасымен Басқарма мүшелерінің қарапайым басым дауыс беруімен жүзеге асырылады. Азаматтар Қауымдастық мүшелігіне жеке өтініші негізінде қабылданады. 4.2.5 Атқарушы орган Қауымдастық мүшелерін есепке алып, тіркеуді жүргізеді. Қауымдастық мүшелерінің тізіміне енгізу және тізімінен шығару үшін Басқарманың тиісті шешімдері, сондай-ақ Қауымдастық мүшелерінің Қауымдастықтан шығару туралы өтініші негіздеме болып табылады. 4.2.6 Қауымдастық мүшелеріне Қауымдастық мүшесі куәлігі берілуі мүмкін. Куәлік формасын Басқарма бекітеді. 4.2.7 Қауымдастық мүшелері өзінің Қауымдастыққа мүшелігін Қауымдастық Басқармасына өтініш беру жолыменен тоқтатады. 4.2.8 Қауымдастық мүшелері Қауымдастық мақсаттары мен міндеттеріне қарамақайшы қызметі үшін, сондай-ақ Қауымдастыққа сенімсіздік таныту әрекеті үшін, оған моральдық шығын әкелгені үшін шығарылуы мүмкін. 4.2.9 Қауымдастық мүшелігінен шығару Басқарма мүшелерінің жалпы дауыс санының басым бөлігі негізінде жүргізіледі. 4.2.10 Қауымдастық мүшелері өтініш берген сәттен бастап одан шығарылған болып есептеледі. 5. ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ 5.1 Қауымдастықтың ұйымдық негізін Қазақстан Республикасында филиалдардың территориалдық белгілері бойынша құрылғандар жасайды. 5.2 Филиалдар Жалпы жиналыстың шешімдерімен құрылады. 5.3 Филиалдар заңды тұлға құқықтарын иеленбейді. Филиалдар Қауымдастықтың мүліктерінен басқа жеке мүліктерді иемденбейді. Филиалдар Басшылары Қауымдастық Басқармасымен тағайындалады. 5.4 Филиалдар өзінің қызметтерін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес осы Ереже шеңберінде жүзеге асырады. 5.5 Қауымдастықтың басқару органдары мыналар болып табылады: - Жоғары басқарушы орган Жалпы жиналыс; - Атқарушы орган Басқарма; - Бақылау органы Тексеру комиссиясы. 5.5.1 Жалпы жиналыс 5.5.1.1 Қауымдастықтың жоғары басқарушы органы Жалпы жиналыс (әрі қарай - Жиналыс) болып табылады. Жиналыс жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жиналысты өткізу мерзімі мен өтетін орыны туралы, Қауымдастық Басқармасының алдын-ала күн тәртібі туралы Жиналыс басталғанға дейін бір ай (30 күн) бұрын хабарланады. Жиналысқа өкілділік тәртібі және делегаттарды сайлау Қауымдастық Басқармасымен бекітіледі. Қауымдастықтың кезектен тыс Жиналысы Кеңестің бастамасымен қажеттілік жағдайында Қауымдастық мүшелерінің жалпы санының кемінде 1/3 бөлігінің талаптары бойынша шақырылады. Жиналыс егер оның жұмысына Қауымдастық мүшелерінің кемінде 1/3 бөлігі қатысқанда ғана заңды болып есептеледі, ал шешімдері егер оған қатысқан делегаттардың жартысынан көбісі дауыс бергенде ғана қабылданған болып саналады. Дауыс беру формасын (ашық және құпия) Қауымдастық Басқармасы бекітеді. Жиналысқа қатысу байланыстың электронды құралдары бойынша рұқсат етіледі. 5.5.1.2 Жалпы Жиналыстың ерекше құзіреттілігіне мынадай мәселелер кіреді: -Қауымдастық Жарғысының қабылдануы, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу; 6

12 беттің 7-ші беті -Қауымдастық Басқармасын және оның Төрағасын, Тексеру комиссиясын сайлау, олардың есептерін тыңдау және бекіту; -Төраға ұсынысы бойынша Қауымдастық Басқармасы мүшелігінен мерзімінен бұрын айыру, оның өкілеттілігін тоқтату; - Қауымдастық қызметінің алдағы есепті кезеңдегі негізгі бағыттарын анықтау; - Қауымдастықты қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдау, тарату комиссиясын тағайындау; - Қауымдастықтың филиалдарын құру және тарату; - Қауымдастық қызметінің Қауымдастық Басқармасы анықтаған басқа да маңызды мәселелерін шешу. 5.5.2 Қауымдастық басқармасы 5.5.2.1 Жалпы жиналыстар арасындағы кезеңде атқарушы органдар Қауымдастық Басқармасы (әрі қарай - Басқарма) болып табылады. 5.5.2.2 Басқарманы Жиналыс сайлайды және оған есеп беріп тұрады. Басқарманы Қауымдастық мүшелерінің кемінде 11 саны бар адам құрайды, олар үш жыл мерзімге қайта сайлану құқығымен сайланады. Басқарма сайлауы кезеңінде Басқармаға мүшелікке үміткерлер Қауымдастық мүшелерінен кемінде 10 жазбаша қолдаухат жинауы тиіс. Басқарма мүшелігіне үміткерлер тізімі Басқарма Жиналысы Төрағасымен дауысқа енгізіледі. Жиналыс дауыс беру формасын (ашық және құпия) бекітеді. Басқарма Төрағамен алдын-ала келісімімен өзінің кез келген мүшелерінің өтініші бойынша жиналады. Басқарма егер оның жұмысына Басқарманың кемінде 1/2 мүшесінің қатысуымен болса, онда ол заңды болып есептеледі. Дауыстардың тепе-теңдігі кезінде Басқарма Төрағасының немесе төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Сырттай дауыс беруге де болады. Басқарма шешіміне Төраға қол қояды және ол барлық мүшелері үшін міндетті болып саналады. Қауымдастық Басқармасы мүшелері дербес және коллегиялық жауапкершілікті алып жүреді. Қауымдастық Басқармасы мүшесі өзінің өкілеттілігін мынадай жағдайларда жоғалтады: - Қауымдастық Басқармасымен белгіленген шешімдердегі өзінің қызметтік міндеттерін орындамағанда; - Қауымдастық Басқармасы шешімдерін орындамағанда; - Қауымдастық Басқарасының мәжілістеріне үш реттен көп дәлелді себепсіз қатыспағанда; - Қауымдастық Кеңесінің абыройы мен беделіне нұқсан келтіргенде; - өзінің өкілеттілігінде қалыптасқан міндеттерді атқаруы мүмкін болмағанда. 5.5.2.3 Басқарманың ерекше құзіреттілігіне мыналар кіреді: - өз құрамынан Төраға орынбасары санын анықтау және сайлау; - Қауымдастық жұмыстарының тоқсандық және жылдық жоспарларын қарау және бекіту; - Қауымдастық эмблемасының үлгілерін бекіту; - Қауымдастық қызметінің Жиналыстың және Тексеру комиссиясының құзіреттілігіне кірмейтін басқа да мәселелерін қарау және шешу. 5.5.2.4 Төраға үш жыл мерзімге сайланады және бір мерзімнен артық емес уақытқа қайта сайлануы мүмкін. Төраға Басқарма мәжілісін жүргізеді. Төрағаның Басқарма мәжілісіне қатысуына мүмкіндігі болмай қалған жағдайда өзінің орынбасаралары ішінен 7

12 беттің 8-ші беті төрағалық етушіні анықтайды. Төраға міндеттерін атқару мүмкіндігі болмаған жағдайда өзінің өкілеттілігімен бірге мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. 5.5.2.5 Басқарма Төрағасы өкілеттілігі мерзімі аяқталғаннан соң дауыс беру құқығымен Кеңесте тұрақты мүшелікке қалдырылады. 5.5.3 Атқарушы секретариат 5.5.3.1 Атқарушы секретариат Қауымдастық Басқармасының есеп беруші органы болып табылады, оны Атқарушы директор басқарады. Атқарушы директор оның мүшелерінің келісімі бойынша Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалады. Атқарушы директор Басқарма құрамына кіруі мүмкін. 5.5.3.2 Атқарушы директордың ерекше құзіреттілігіне мыналар кіреді: - Қауымдастықтың ағымдағы қызметіне басшылық жасау және Төраға мен Басқарма қызметінің ақпараттық-аналитикалық және ұйымдық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру; Жиналыс пен Басқарма алдында есеп беру; - Қауымдастық атынан мәмілелер жасау, келісімдер түзу - билік органдарымен және қоғамдық ұйымдармен тікелей байланыстарды жүзеге асыру; - Қауымдастық мүдделерін Қазақстан Республикасындағы және оның сыртындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарға таныту; - Жиналыс және Басқарма шешімдерін атқаруды ұйымдастыру; - Қауымдастық мүшелеріне Қауымдастық Жиналысын шақыру туралы хабар беру; -Жиналыс пен Басқарма қарауына енгізілетін сұрақтарды, сондай-ақ тиісті сәйкес құжаттардың жобаларын дайындау; - Қауымдастық жұмыстарының ағымдағы жоспарларының іс-шаралар графигін құрастыру және бекіту; 5.5.3.3 Атқарушы директор Қауымдастық қызметінің жалпы ұйымдастырушылық мәселелеріне жауапкершілікті алып жүреді. 5.5.4 Тексеру комиссиясы (Тексеруші) 5.5.4.1 Қауымдастықтың Тексеру комиссиясы (Тексеруші) Жалпы жиналыста екі жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясының сандық құрамын Жалпы жиналыс анықтайды. Тексеру комиссиясы (Тексеруші): - Басқарманың, атқару аппаратының, сондай-ақ бөлімшелердің қаржылықшаруашылық қызметіне тексеру жүргізеді; - Қауымдастықтың қызметіне тексеруді жылына кемінде бір рет ұйымдастырады. 5.5.4.2 Тексеру комиссиясы (Тексеруші) мүшелері Басқарма мәжілістеріне кеңесу дауысы құқығымен қатыса алады. 5.5.4.3 Тексеру комиссиясы (Тексеруші) мүшелері Басқарманың және Қауымдастықтың атқарушы органдары құрамына кіре алмайды. 6. МҮЛІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 6.1 Қауымдастық Қауымдастықтың Жарғылық қызметін материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін өзінің жеке ғимаратын, құрылысын, тұрғын үй қорларын, жер учаскелерін, көлікті, құрал-жабдықтарды, дүние-мүлікті (инвентарь), ақшалай 8

12 беттің 9-ші беті қаражаттарды, акцияларды, басқа да құнды қағаздарды және әртүрлі мүліктерді иеленуі мүмкін. 6.2 Қауымдастық өзінің міндеттемелері бойынша әрекет етуші Заңнамаларға сәйкес жазалауға берілуі мүмкін барлық өзіне тиесілі мүліктеріне жауап береді. Қауымдастық мүшелері Қауымдастық міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 6.3 Қауымдастық мүліктерін қалыптастырудың көздері мыналар болып табылады: - банк несиелері; - Қауымдастықпен құрылған коммерциялық ұйымдардың аударымдары; - Қауымдастық өткізген, оның ішінде мәдени-көпшілік, танымдық, спорттық және т.б. іс-шаралардың түсімдері; - шаруашылық қызметтерден түскен кірістер; - сыртқы экономикалық қызметтерден түскен кірістер; - әрекет етуші заңнамалар тыйым салмаған басқа да көздерден келген түсімдер. 6.4 Қауымдастық табыстарды табу мақсаттарын көздемейді. Қауымдастықтың кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер Қауымдастықтың Жарғылық міндеттерінің жетістіктеріне бағытталады және Қауымдастық мүшелері арасында қайта бөліске салуға жатпайды. 6.5 Қауымдастық мүшелерінің Қауымдастыққа тиесілі мүліктердің үлесіне меншіктік құқығы жоқ. 7. ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ТӘРТІБІ 7.1 Қауымдастық қызметі оны қайта ұйымдастыру (қосылуы, бірігуі және т.б.) немесе тарату жолымен тоқтатылады. Қауымдастықты қайта ұйымдастыру дауыс берудің біліктілігі жоғары (75%) Жалпы жиналысының шешімдері бойынша жүзеге асырылады. Қауымдастықты тарату осы Ережеге сәйкес, сондай-ақ соттың шешімі бойынша Жалпы жиналыстың шешімдерімен іске асырылады. 7.2 Қауымдастықты тарату үшін Жалпы жиналыс тарату балансын құрайтын тарату комиссиясын тағайындайды. Қауымдастықтың қызметі тоқтатылғаннан кейінгі қалған мүліктері мен қаражаттары және бюджеттік есептері Қауымдастық қызметкерлерінің, банкінің және басқа да несиегерлердің осы Ережеде қарастырылған мақсаттарына жұмсалады және олар Қауымдастық мүшелері арасында таратылуға жатпайды. 7.3 Қауымдастықты тарату кезінде жеке құрам жөніндегі құжаттары бекітілген тәртіпте мемлекеттік сақтауға беріледі. 7.4. Қауымдастықты тарату туралы шешім оны мемлекеттік заңды тұлға тізілімінен (реестр) шығару үшін Қауымдастықты тіркеген органға жіберіледі. 8. ЕРЕЖЕГЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ 8.1 Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қауымдастық Жиналысының шешімдерімен әділет органдарының бекітілген заңды тәртіптерінде олардың тіркелуі жолымен енгізіледі. Осы ережені басқару және өзгерістер енгізу ҚП ХҚТУ-4.2.3-2009 сәйкес жүзеге асырылады. Өзгерістерді (толықтыруларды) тіркеу туралы өтінішке қоса Жиналыс хаттамасы, өзгерістер (толықтырулар) мәтіні және Заңнамаларда қарастырылған басқа да қажетті құжаттар ұсынылады. Тіркейтін орган өзгерістердің (толықтырулардың) тіркелгенін тиісті мәтіннің түпнұсқасына мөртаңба басып, куәландырады және өзгерістерді тіркеу парағы арқылы рәсімделеді (қосымша 2). 9

12 беттің 10-ші беті 9. КЕЛІСУ, САҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 9.1 Осы университет Ережесін талқылау және келісу Сенат отырысында жүзеге асырылады және хаттамамен рәсімделеді. 9.2 Осы университет Ережесінің жұмыс данасын сақтау, тарату немесе қолданушыларға жіберу жауапкершілігі Жұмысқа орналастыру орталығына жүктеледі. 9.3 Осы университет Ережесінің бақылау данасын сақтау жауапкершілігі Аккредитация және рейтинг орталығына жүктеледі. КЕЛІСІЛДІ: Оқу-әдістемелік ісі бойынша вице-президент Аккредитация және рейтинг орталығының басшысы Құқық бөлімінің басшысы Н.Т.Ажиханов Ж.Е.Дарибаев А.А.Әбсеметов 10

12 беттің 11-ші беті ҚОСЫМША 1 Танысу парағы Ф-СМБ-004 Аты-жөні Қызметі Мерзімі Қолы 11

12 беттің 12-ші беті ҚОСЫМША 2 Ф-СМБ-002 Өзгерістерді тіркеу парағы Р/с Құжат Өзгеріс енгізу туралы шешім бұйрық Өзгертілген Парақ нөмірі Ауыстырылғ ан Жаңа Есептен шығарылған Қағаз саны Өзгерістерді енгізу мерзімі Өзгерістерді жүзеге асыратын тұлға Аты-жөні Қолы 12