З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

Benzer belgeler
İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Prof.Dr. Osman Horata

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Prof.Dr. Osman Horata

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

Prof.Dr. Osman Horata

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

ЗАТ ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГ ОРИЯЛАРЫН ОҚЫТУ

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

Г.С. ИСАЕВА. Филология ғылымдарының кандидаты ҚАЗАҚ-ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ДЫБЫСЕЛІКТЕУІШТЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ. Аннотация

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

Балама энергия көзіне балама заң керек

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2014 Yıl / Year / Год 6 Sayı / Number / Число 20

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

KÜLTÜR EVRENİ. Стоимость подписки 40 TL (Yurt içi / для граждан Турции) 60 $ / 50 Euro (Yurt dışı / для граждан других стран)

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

Prof.Dr. Osman Horata

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

İ İ İ ü ü ğ ş İş ç ç ş ğ ğ ü İ ü ü ü ü ğ ş ş ğ ç ş ş ö ğ ö ü ş ö ö ş ğ ğ ğ ş ç ş ç ğ ç ğ ş ç ğ ç ş ş İ ç ç ş ç ş ğ ö çü ğ ş ğ ğ ğ ş ğ ş ç ç İ ç ş ş ğ

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

Пайдалану нұсқаулығы. Мазмұны LFD 11M132 ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫ

Register your new Bosch now: TES6... tr Kullanım kılavuzu kk Пайдалану нұсқаулығы ar إرشادات االستخدام

DIGITECH PRO 1000/1600/2200 VA ҮЗДІКСІЗ ҚОРЕКТЕНДІРУ БЛОГЫ UPS

Мәуiт Ырысбек, Нарбаев Бақдәурен, Қайсаұлы Әрiн, Өрлеу Наржол. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың МАТЕМАТИКА

EDH3498RDE. KK Кептіргіш барабан Қолдану туралы нұсқаулары 2 TR Çamaşır Kurutucu Kullanma Kılavuzu 23

Transkript:

98 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. 4 (49). 2009 Аналитикалық формалы сөздің құрамында бір ғана дербес сөз болады, сөйлемді құрастырушы сөз ретінде дербес сөз алынады да, оған тіркескен көмекші сөз оның лексикалық мағынасын өзгерту қызметін емес, оған грамматикалық, лексикограмматикалық мағына беру қызметін атқарады. Аналитикалық формалы сөздің құрамындағы көмекші сөз өзінің ішкі лексикалық мазмұнынан айырылып, тек дыбыстық құрамын ғана сақтап (бірсыпырасы оны да сақтамай), тілде грамматикалық қызметке ауысқан /4. 451/. Көрсетілген мысалдардан біз қытай тіліндегі толықтырғыш мүшелер қазақ тіліндегі кейбір аналитикалық формадағы етістіктермен және күрделі етістіктермен де сәйкестігінің бар екенін анықтадық. Алынған ауқымды тақырып жан-жақты зерттеу мен ізденуді қажет ететіндіктен, бұл тақырып біздің келешектегі зерттеу жұмысымыздың нысанасы болып табылады. 1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., «Рауан», 1998 2. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары. А., 1975 3. Антонян К. В. Морфология результативных конструкций в китайском языке. М., «Муравей», 2003 4. Ярцева В.Н. Предложение и словосочетание. Вопросы грамматического строя. М., 1955 В статье рассматриваются некоторые аналитические формы глагола в казахском и китайском языках. The present article reviews some analytical forms of verbs in Kazakh and Chinese languages. З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР Жалпы кез келген сөздің мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасатыны белгілі. Ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болғанмен де, сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да себеп болатын жайттар бар. сөз мағынасы заттық логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын, әр түрлі көңілкүйін, сезімін және сөздің грамматикалық сипатын да білдіре алады. Бұдан сөз мағынасының ұғымнан кең екендігін көреміз /1/. Яғни, сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді адамның қуаныш, сүйініш, таң қалу, жақсы көру, риза болу т.б. да толып жатқан сезім мен ерікті, көңіл-күйді білдіру үшін де жұмсалады. Сөздің лексикалық мағынасын терең түсіну үшін алдымен сөздің заттықлогикалық мәнін, сөздің лексикалық мағынасының оның басқа мағыналарымен қандай қарым-қатынаста екендігін және сөздің лексикалық мағынасының басқа лексикалық мағыналардан ерекшеленетін белгісін анық білу қажет. Сөздің лексикалық мағынасы оның басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналары туралы сөз болғанда оның лексикалық мағынасына баса назар аударылады. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі сөздің көп мағыналығы деп жазады /1/. Соңғы жылдары тіл білімінде көп мағыналы сөздердің жалпы мәнін ашатын өзекті элемент ретінде өріс түсінігін қолданып жүр. Семантикалық өріс лексикалық мағыналардың белгілі бір ұқсастығына және айырмашылығына байланысты құрылады. Семантикалық өріс сөздердің семантикалық жалпылығы, полисемиялы сөздердің әртүрлі мағынасының жалпылығы. Дәстүрлі оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде көпмағыналы сөз терминінің аясында анықталатын ұғым қазіргі тіл білімінде тілдік таңбаны функционалдық, прагматикалық, коммуникативтік аспектіде қарастыруға жете көңіл бөлінумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарында семантикалық парадигма, семантикалық өріс ұғымдарымен анықталады. Көпмағыналы

Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. 4 (49). 2009 99 сөздердің семантикалық құрылымының сипаты мен табиғаты олардың парадигмасынан айқын көрінеді. Себебі, көпмағыналы сөздер бір-бірімен байланысты бола тұра бір-бірінен міндетті түрде ерекшеленеді. Көпмағыналы сөздердің әр түрлі семантикалық белгілері олардың семантикалық құрылымын құрайды. Тіл білімінде парадигма үш мағынада қолданылады. 1) кең мағынада лексикалық единицалардың бір-бірінен айырмашылығы, сонымен бірге беллгілі бір белгілеріне байланысты жалпы тобы; 2) осындай топ пен жиынтықтың моделі мен схемасы: 3) тар мағынада бір сөздің немесе конструкцияның әр түрлі тұлғалар жүйесі /2/. Сема арқылы біздің санамыздағы зат пен құбылыстардың қасиет сапаларының әрқайсысының өзіндік маңыз-мәні бейнеленеді. Түрік тіліндегі көпмағыналы этикет сөздердің семантикалық парадигмасын жасай отырып, олардың түрлі мағыналық реңктерін анықтаумен қатар сөз этикетінің фатикалық, аппелятивтік, конативтік, эмотивтік қызметтерін саралауға болады. Анкара қаласынан 1998 ж. шыққан Түрікше сөздікте efendі көне грек тілінен енген есім сөз екендігі айтылады. Қазіргі түрік тілінде актив қолданылатын бұл сөздің түрлі мағыналық реңктері мен қолданылу ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. 1. Бұл сөздің грек тілінен енгендігі негізінен білім алған адамдардың аттарынан кейін айтылатын, бағалауыштық қасиеті бар құрмет көрсету сөзі екендігі айтылады. Жалқы есімнен кейін келетін этикет. Зиялы, көргені көп адамның есіміне қосылып айтылатын құрмет білдіру сөзі /39, 673/. Мысалы, Ne Ömer efendі bahsі açabіldі, ne Nazіf gündüzki vakaya daіr bіr kelіme söyledі. (Күндізгі жағдайға қатысты не Өмер эфәнди, не Назиф бір ауыз сөз айта алмады) (R.N. Güntekin). 2. Қазіргі түрік тілінде тыңдаушыға құрмет көрсету мақсатында ең актив қолданыста bey (бей) сөзі болса, efendі (эфәнди) одан кейінгі жиі қолданылатын қаратпа сөздердің бірі. Кейде сөз әсерін күшейту үшін екеуін бірге beyefendі (бейэфәнди) деп те қолданады. Бұл сөздің екінші қолданысы bey (бей)сөзімен тіркесіп адамға деген құрметті күшейту. Мысалы, Beyefendі benіm dіplomam іşe yaramazmış, ne yapayım ben şіmdі? dedіm. (Бейэфәнди менің дипломым іске жарамайды екен, мен енді не істеймін? дедім) (R.N. Güntekin). Бұл жердегі Вeyefendі (бей эфәнди) этикетінің қазақ тіліне тура аудармасы жоқ, қолданысы мен мағынасына қарай отырып шамамен Құрметті мырза деп беруге болады. 3. Сөзі жүретін, бұйрығы жүретін адам, бір нәрсенің иесі. Мысалы, Köylü memleketin efendisidir. (Мемлекеттің иесі шаруалар) (Atatürk). 4. Күйеуі, отағасы деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Bіzіm efendі artık gecelerі eve gelmіyor (Біздің күйеу енді түнде үйге келмейді) (S. Faik). 5. Қызметкерлер мекеме, ұйым, бөлім бастығымен сөйлескенде қаратпа сөз ретінде де қолданылады. Мысалы, Efendіm, bu trenler yіrmі kіlometre bіle gіdemez (Эфәнди, бұл поездар жиырма шақырым да жүре алмайды) (S. Faik). 6. Зиялы, тәртіпті, тәрбиелі, құрметті ұғымдарын беру үшін қолданылатын сын есім. Мысалы, Arkadaşınız efendі adamdır (Досыңыз сыпайы, тәрбиелі адам екен). 7. Балалары әкелерімен, келіндері мен күйеу балалары қайын аталарымен немесе кез келген адам бөтен ер адаммен сөйлескенде сый-құрмет көрсетіп тұрғанын білдіру үшін қолданылатын этикет сөздің бір түрі. Яғни, құрмет тұтатын ер адам деген мағынада қолданылады. Мысалы, Еfendі! Allahın emrіyle kızını bana ver. (Эфәнди! Алланың әмірімен қызыңызды маған беріңіз) (S. Faik). Түрік тілінде efendі [эфәнди] жеке тұрып қаратпа ретінде әйел адамға қатысты қолданылмайды. Егер әйел адамға қарата қолданылса, міндетті түрде hanım [һаным] сөзі қосылып, hanımefendі [һанымефәнди] түрінде айтылады. Лауазымды, зиялы адамдардың жігіт боп қалған баласын атау үшін küçük efendі [күчүк ефәнди] тіркесі қолданылады. Қазақ тіліне аударғанда жас қожайын немесе кіші қожайын деген мағына береді.

100 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. 4 (49). 2009 Мысалы, Ben şaşkınlıkla bіr yere çarpmadan odadan çıkmaya çalışırken köşede oturan küçük efendі araya gіrdі [Бән шашкынлыкла бир иере чарпмадан одадан чыкмая чалышыркән көшеде отуран күчүк эфәнди... арая гирди] (Мен еш жерге соқпай бөлмеге шыға берген кезде бұрышта отырған кіші қожайын сөзге араласты) (S. Faik). 8. Кейбір отбасында бала әкесін немесе атасын ерекше сыйлайтындығын efendі baba [эфәнди баба], efendі dede [эфәнди деде] тіркесін қолдану арқылы да білдіреді. 9. Біреу өзін шақырғанда, өзіне қарата сөйлегенде Не? Ау? А? формаларының орнына жұмсалатын мәдениетті түрде жауап беру сөзі ретінде қолданылады. Түрік тілінде көбінесе өзінен жасы үлкен, сыйлы адам немсе қожайын шақырған кезде, атын атаған кезде Не? дегеннің орнына құрметпен: Efendіm! (Эфәндим!) дейді. Мысалы, Іskender paşa yіne ayak seslerі іşіttі: (Ескендір паша, тағы аяқ даусын естіді) Fazıl! (Фазыл!) Efendіm! (Эфәндим!) Bіr gelen mі var? (Біреу келді ме?) (S. Faik). 10. Біреудің айтқан сөзін естімей қалған кезде Не? Не дейсіз? Қалай дейсіз? Тағы қайталаңызшы? мағынасын беру үшін де қолданылады. Мысалы, Faruk Bey, dedіm. Ben kahveye gіdіyorum. Bіr şey іstіyormusunuz? [Фарук бей, дедім. Бен каһвейе гидиорум. Бир шей истиормусунуз?] (Фарук мырза дедім. Мен шайханаға бара жатырмын. Бір нәрсе қажет пе?) (S. Faik). Efendіm? dedі (Ефәндим! / (Не?) деді). 11. Түсінбедім деген мағына беру үшін қолданылады. Мысалы, Recep, senіn de ağzından laf kerpetenle alınıyor. (Режеп сенің де аузыңнан сөз қысқышпен алынады). Efendіm? (Эфәндим! / Түсінбедім!) (S. Faik). 12. Белгілі бір адамның зиялы қауымнан екендігін білдіру үшін де қолданылады. Мысалы, Efendіden bіr adam. (Ол бір зиялы адам). Бұл сөздің архисемасы мәдениеттілік (оқығандық, зиялылық.) Түрік тілі қаратпа жүйесі дамыған ерекшеленетін тілдердің бірі. Олар танысбейтаныстыққа, түрлі әлеуметтік жік пен түрлі ресми, бейресми жағдайға байланысты құбылып отырады. Келтірілген мысалдар соның бір ғана көрінісі әр халықтың сөз этикеті ол елде қалыптасқан салт-дәстүрмен тығыз байланысты. Тіпті олардың кейбірі өзге ұлт өкілдері үшін ақылға қонымсыз, өрескел, тіпті күлкілі көрінуі де мүмкін. Оған әр халықтың этикет жүйесіне талдау жасау арқылы ғана көз жеткізуге болады. Түрік тіліндегі efendі [эфәнди] сөзінің қолданылу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, негізінен аппелятивтік қызмет атқаратын қаратпа сөздің түрлі формалар мен қолданыстарда түрленіп, басқа сөздермен тіркесіп тек аппелятивтік емес сөз этикетінің фатикалық, конативтік, эмотивтік қызметтерін де атқара алатындығына көз жеткіздік. Bay [бай] түрік тілінде ер адамға қарата жиі айтылатын сөздердің бірі. Бұл сөз көбінесе адам атына тіркесе жұмсалады. Түрікше сөздікте бұл сөздің көпмағыналы сөз екендігі атап көрсетіліп, үш түрлі мағынасы берілгенімен, қолданыс аясы одан да кең. Түрік тілінде вay [бай] және веy [бей] бір сөздің екі түрлі фонетикалық варианты болғанымен қолданысы мен мағынасының өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, вay [бай] көбінесе жалқы есімнің алдынан тіркессе, веy [бей] жалқы есімнен кейін келеді, екіншіден, көпшілікке қарата айтылған кезде тек ер адамдар ғана жиналған ортада веy [бей] көпше түрде қолданылғанымен ол форма ешқашан вayan [баян] формасымен қатар қолданылмайды. Ресми орындарда Baylar ve bayanlar [байлар ве баянлар] деп айтылғанымен, Beyler ve bayanlar [бейлер ве баянлар] деп қолданылмайды. 1. Bay [бай] көне түркі тілінде ақшасы, малы көп адам. 2. Bеy [бей] сөзінің орнына қолданылатын сый-құрмет сөзі. Мысалы, Bay koçak [Бай Кочак]

Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. 4 (49). 2009 101 3. Ер адам есімінің орнына жұмсалады. Мысалы, Kapının önünde sizi bir bey bekliyor (Есіктің алдында сізді ер адам күтіп тұр) 4. Ерлердікі дегенді білдіру үшін қолданылатын таңба. Мысалы, әжетханаларды ерлердікі мен әйелдердікі екендігін айыру үшін Bay [бай], Bayan [баян] деп жазылады. 5. Ресми орындар мен салтанатты жиындарда көпшілікке қарата айтылатын қаратпа сөздің бір түрі. Мысалы, Baylar ve bayanlar! Bu geceye hoş geldiniz (Мырзалар мен ханымдар! Бүгінгі кешке хош келдіңіздер) 6. Танымайтын ер адамның назарын аударту, қарату үшін мәдениетті түрде қолданылатын қаратпа сөздің бір түрі. Мысалы, Bayım, çantanızı unuttunuz (Байым, сөмкеңізді ұмыттыңыз). Бұл қолданыс кезінде байым сөзі созылыңқы түрде, бөтен адамға ілтипат білдіріле, кішіпейілділікпен, сыпайылықпен айтылады. Бұл көпмағыналы сөздегі ортақ сема ер адам. Bеy [бей] түрік тілінде ер адамға қарата жиі айтылатын сөздердің бірі. Бұл сөз көбінесе адам атына тіркесе жұмсалады. Түрікше сөздікте бұл сөздің көпмағыналы сөз екендігі атап көрсетіліп, оның жеті түрлі мағынасы мен соған орай қолданысы көрсетіледі. Түрікше сөздікте берілген анықтама, түсініктер мен көркем әдебиет пен ауызекі сөйлеу тілінен алынған мәліметтер бұл сөздің семантикалық парадигмасын жасауға негіз бола алады. 1. Есім сөз. Қазіргі түрік ітілінде ер адамдардың атына тіркесіп, оған деген құрметті білдіретін сөз. Мысалы, Ali Bey [Али бей], Ahmet Bey [Ахмет бей]. 2. Ер адамдардың атының орнына қолданылады. Мысалы, Sizi bir bey aradı (Сізді бір ер адам іздеді). 3. Күйеу, жұбай мағынасында қолданылады. Мысалы, Beyiniz ne iş yapıyor? (Сіздің күйеуіңіз не жұмыс жасайды?). 4. Бұрын түрік тілінде ақшасы, малмүлкі көп адамды сипаттайтын сын есім сөз ретінде қолданылған. Мысалы, Babası köy beylerindendi (Әкесі ауылдың байларынан еді). 5. Ойын картасындағы король белгісімен берілген түрінің түріктер қолданатын атауы. Мысалы, Elinde yalnız bey kalmıştı (Қолында жалғыз бей қалыпты). 6. Бір тайпаны, топты қоғамды немесе кішкентай бір үкіметті басқаратын адам мағынасын беретін тарихи термин. Мысалы, Karaman Beyi (Караман бейі), Menteşe Beyi (Ментеше бейі), т.б. Бұл мысалдарда берілген Караман және Ментеше Осман империясына дейінгі тайпа аттары. 7. Әскери шен атауы. Мысалы, Alay Beyi (Алай бейі), Uç Beyi (Уч бейі). Бұл мысалдардағы алай қазақша аударғанда әскери топ, отряд деген мағына берсе, уч Осман империясы кезінде шекара мағынасында қолданылған, яғни, топ бейі, шекара бейі. Бұл көпмағыналы сөздің де ортақ семасы ер адам Араб тілінен енген астапралла сөзі қазақ тілінде негізінен жайсыз, оқыс, күтпеген оқиға болған кезде таң қалу мағынасында қолданылса, түрік тілінде бұл сөздің қолданыс аясы өте кең. Қазақ тіліндегідей қатты таң қалып, шошыған жағдайда қолданылуымен қатар, басқа да жағдайларда қолданылады. Қазақ тілінде астапралла деп а дыбысы арқылы, жуан айтылса, түрік тілінде естафролла деп е дыбысы арқылы және қазақ тіліндегі айтылуымен салыстырғанда жіңішкелеу айтылады. Түрік тілі сөздігінде астапралла сөзіне төмендегідей анықтама беріледі: Estağfurullah: ünl.ar. teşekkür edilen ya da övülen bir kimsenin teşekkür ederim, rica ederim anlamında söylediği bir incelik ve alçak gönüllülük sözü (Естафуруллаһ: рахмет айтылып, мақталып жатқан адамның рахмет айтуы, сыпайылық танытуы мағынасында айтылатын сыпайылықты, қарапайымдылықты білдіретін сөз) /3/. Жалпы Estağfurullah [естағфуруллаһ] мұсылман дінін ұстайтын халықтың кез келгенінде жиі қолданылатын сөз. Түпкі мағынасы оқыста жасалған жайсыз бір оқиғаны аллатағаланың кешіруін өтіну. Бұл кешірімнің бір ерекшелігі ол оқыс оқиғаны жасаған, я болмаса соған кінәлі болған адам ғана

102 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. 4 (49). 2009 емес, сол оқиғаны байқаусызда көріп қалған, ол оқиғаға куә болған немесе сол оқиға туралы естіген кез келген адам Estağfurullah [естағфуруллаһ] деп бір рет немесе бірнеше рет айту арқылы алладан ол оқиғаны кешіруін сұрайды. Араб тіліндегі Estağfur [естағфур] етістігінің түбірі gafara [ғафара] (айыпты, кінәні, кемшілікті) кешу, өткізу мағынасын береді. 1. Білмей жасап қойған өз қылығы болса, сол үшін құдайдан кешірім сұрау. Бұл қолданыстың ерекшелігі бір алланың бар екеніне сенетін мұсылман адам таңертең тұрғанда, кешке жатқанда, деспе санап отырғанда, алланы есіне алған кез келген басқа да уақытта білмей жасап қойған қылықтарым болса кеше гөр деген оймен осы сөзді бірнеше рет қайталайды. Мысалы, estağfurullah [естағфуруллаһ]. 2. Басқа бір адамның біліп я білмей жасаған жаман қылығын көріп я естіген жағдайда сол қылық үшін құдайдан кешірім сұрау. Мысалы, estağfurullah elazim [естағфуруллаһ ел-азим] ел-азим араб тілінен аударғанда ұлы мағынасын беретіндіктен, қазақ тіліне ұлы құдай кешірсін деп аударылады. 3. Көзінше мақтаған кезде тыңдаушының, яғни, мақталып тұрған адамның сыпайылық таныту үшін айтатын сөзі ретінде қолданылады. Мысалы, Еsтağfurullah, ne demek beni mahcup ediyorsunuz. (Естағфуруллаһ, ол не дегеніңіз, мені ұялтып тұрсыз). 4. Сөз жағдаятына қарай кейде өтінемін, кейде қойыңызшы деген мағына беру үшін қолданылады. Мысалы, estağfurullah (естағфуруллаһ). 5. Ешқашан деген мағынада қолданылады. Мысалы, Yalan söylemek, estağfurullah! (Өтірік айту, естағфүрүллаһ!) 6. Біреудің өзіне істеген жақсылығын айтқан кезде тыңдаушы, яғни жақсылық жасаған адам оқасы жоқ, ештеңе етпейді деген мағынаны беру үшін қолданады. Мысалы, estağfurullah, vazifemiz.(естағфүрүллаһ, міндетіміз ғой). 7. Бір қылықтың мүлдем болмайтынын, қабылданбайтындығын айту үшін, аулақ деген мағынада қолданылады. Мысалы, Bu çocuğu dövdüm mü diyorsun? Estağfurullah (Мына баланы мен ұрды деп тұрсың ба? Естағфуруллаһ!) Дінге, шариғатқа сыймайтын бір күпір сөз айтылған кезде кез келген мұсылманның ауызға алып, міндетті түрде қолдануға тиісті сөзі. Бұл көпмағыналы сөздегі ортақ сема құдай кешірсін. Bayan (баян) сөзі негізінен әйел деген ұғымды беру үшін қолданылады, екінші мағынасы әйелге құрмет көрсету үшін қолданылатын ханым сөзінің синонимі ретінде жұмсалады, үшіншіден, әйел есіміне тіркесе де қолданылады. Buyurmak [Буйурмак] етістігі түрік тілінде сыпайылық білдіру мақсатында жиі қолданылады. 1. Автобуста біреуге орын берген кезде Buyrunuz (буйурунуз) дейді. Бұл жағдайда Buyrunuz [Буйурунуз] этикеті отырыңыз мағынасын береді. 2. Үйге келіп тұрған адамға Buyrunuz [Буйурунуз] деп сыпайылық таныту, жоғары шығыңыз мағынасын береді. 3. Шаштаразға келген адамға қарата айтылған Buyrunuz [Буйурунуз] этикеті сізге қандай қызмет көрсету керек, не бұйырасыз мағынасында қолданылады. 4. Телефон арқылы сөйлескенде Алло деген кезде байланысып тұрған адам Buyrunuz [Буйурунуз] деп те айтады, бұл жағдайда Айта беріңіз, тыңдап тұрмын деген мағына береді. 5. Кез келген мекемеге келіп кірген адамға мекеме қызметшісі Buyrunuz [Буйурунуз] десе, Қандай жұмыспен келдіңіз, мәселеңізді айта беріңіз деген мағына береді. Мысалы, Ne buyurdunuz? (Не айтайын деп едіңіз?). Buyrun [Буйурун] немесе Buyrunuz [Буйурунуз] формасындағы бұл этикет тілдік бірлік үйде, қонақта, көшеде, көлікте, мекемеде т.б. жерлерде жиі қолданылады. Түрік тіліндегі Sabah şerifler hayrolsun! (Қайырлы таң!) этикеті амандасу үшін де, сыпайылық таныту үшін де, жақсылық тілеу үшін де қолданылады. Мысалы, Hacı kalfanın sesi:

Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. 4 (49). 2009 103 Sabah şerifler hayrolsun hocanım. Bonjor, һacı kalfa, dedim ( Қажы калфаның даусы: Таң қайырлы болсын һоджаным. Бонжор, һажы калфа, дедім) (R.N. Güntekin). Түріктердің тілдік этикетінде gülegüle [гүле-гүле] тіркесі әр түрлі жағдайда жиі қолданылады. Қазақ тіліне күле-күле деп аударылады. Функционалдықсемантикалық өрісі кең этикет тілдік бірліктердің бірі. Түрік тілі сөздіктерінен, көркем әдебиет пен ауызекі сөйлеу тілінен алынған тілдік фактілерге талдау жасай отырып бұл тіркестің төмендегідей семантикалық парадигмасын көрсетуге болады. 1. Қоштасу мағынасын береді. Біреуді шығарып салу үшін дауыстап айтылатын сөз. Мысалы, güle-güle (гүлегүле). 2. Біреудің немесе біреулердің қайғы-мұңсыз өмір сүруін тілеу мақсатында айтылады. Мысалы, Güle-güle kalın, güle-güle yaşayın (Гүле-гүле қалыңыз, гүле-гүле түрыңыз). 3. Жаңа алған үйде көңілді, бақытты тұрыңыз деген мағынада қолданылады. отыру, қуанышпен өсіру мағыналарын беру үшін қолданылатын этикет сөз. Мысалы, Güle güle oturun (Гүле-гүле отырыңыз). 4. Мысалы, моншаға түсіп шыққан адамға Güle-güle kirleniniz (Гүле-гүле кірлеңіз) дейді. Дәлме-дәл аудармасы Қайтадан қуанышпен (бақытпен) кірлеңіз. Ал жалпы айтылу мақсаты Моншаға тағы келіңіз! 5. Балаңызды бақытты, көңілді жүріп өсіріңіз мағынасында қолданылады. Мысалы, Güle-güle büyütünüz (Гүле-гүле өсіріңіз). 6. Үйге жиһаз, тұрмыстық зат т.б. сатып алған кезде тілек сөз ретінде айтылады. Мысалы, Güle-güle kullanınız (Гүле-гүле қолданыңыз). Бұл тілдік бірлік тек этикет ретінде ғана емес, кекетіп-мұқату, ренжу реңктерін беру үшін де, кетсе одан ары дегенді білдіру үшін де қолданылады. Мысалы, Nereye isterse gitsin, güle-güle Yüzünü hiç görmesem yine ehemmiyet vermem. (Қалаған жағына кетсін гүле-гүле. Жүзін еш көрмесем де қиналмаймын) (Y.K. Karaosmanoğlu). Көпмағыналы этикет тілдік бірліктердің лексика-семантикалық құрылымының парадигмалық көрінісін жасау арқылы олардың семантикалық белгісінің шеңбері көрсете отырып әр парадигманың ішкі құрылымы семантикалық белгілері бойынша өзара салыстыру арқылы анықталды. Семантикалық құрылымды анықтау түрік тіліндегі түсіндірме сөздіктерде қарастырылған этикет тілдік бірліктердің сөздік дефиницияларына және түрік тіліндегі көркем әдебиеттен, ауызекі сөйлеу тілінен алынған мысалдарға талдау жасау жолы-мен түсіндірілді. Түрік көпмағыналы этикет сөздердің семантикалық парадигмасын жасай отырып, олардың түрлі мағыналық реңктерін ғана емес фатикалық, аппелятивтік, конативтік, эмотивтік қызметтерін де саралауға болады деп айталамыз. 1. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: Санат, 1997. 2. Серғалиев М. Парадигма// Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. 3. Ergin M. Üniversiteler için Türk dili. İstanbul: Bayrak, 2000. 4. Uç T., Alkan K., Büker A.C., Dikmen A., Koçak S.Türkçe sözlük. Ankara: Dil Derneği, 1998. 5. Eren H., Gözaydın N., Parlatır İ., Tekin T., Zülfikar H. Тürkçe sözlük. Ankara: TDK, 1988. Мақалада түрік тіліндегі көпмағыналы этикет тілдік бірліктердің формалары және қолданысы мысалдармен айтылады. In the article it is considered the forms and usage of multisemantic etiquette Linguistical units with their examples.