ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

Benzer belgeler
ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Prof.Dr. Osman Horata

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

Prof.Dr. Osman Horata

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

Prof.Dr. Osman Horata

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

Балама энергия көзіне балама заң керек

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

Prof.Dr. Osman Horata

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

Мұғалімнің кәсіби рефлексия жасаудағы проблемалары: қалай бастап, қашан аяқтаған дұрыс?

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

Sempozyum Düzenleme Kurulu / Симпозиум Ұйымдастыру Комитеті / Symposium Organization Committee

ОН МЫЃ ОТБАСЫ ЖАЃА ЉЙГЕ К<ШЕДI

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Мәуiт Ырысбек, Нарбаев Бақдәурен, Қайсаұлы Әрiн, Өрлеу Наржол. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың МАТЕМАТИКА

республикалық апталық газет

ағымына сай жаңа заманғы технологиялар бойынша тұрғызған. Сөйтіп, ол малды асылдандыру

Қордың жылдары атқарған қызметі

MÂTURÎDİ TEOLOJİ VE ANA KAYNAKLARI *

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Рекреация» сөзі поляктың regreacia демалу, латынның regreation күш

Mustafa ARSLAN. Assoc.Prof.Dr., International Black Sea University, Faculty of Education and Humanities, Department of Turkish Philology.

ЗАТ ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГ ОРИЯЛАРЫН ОҚЫТУ

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

Transkript:

Makalenin Dergiye Ulaşma Tarihi:10.04.1016 Yayın Kabul Tarihi: 17.04.2016 AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ Бұл мақалада балалар әдебиетінің даму арналары мен,балалар әдебиетінің сын мәселелері арнайы қарастырылады. Қазақ балалар әдебиетіндегі кейбір жанрлардың дамуы, кейбір ақын- жазушылардың балалар әдебиетіндегі орны салмақталып, баға беріледі. Бала дүниетанымы мен психологиясын танытудағы қаламгер шеберлігіне талдаулар жасалады.балалар әдебиеті - әдебиеттің жеке арнасы, ол жалпы әдеби процеспен терең байлыныста болғандықтан ашылмаған қыр-сыры көп. Балалар әдебиетін зерттеумен айналысқансыншы Қ.Ергөбек көпшілік сыншылар бара бермеген балалар әдебиетінің өкілдері туралы жазған. Қазақ балалар әдебиетінде жете назар салуды қажетсінетін мәселенің бірі-жанр проблемасы. Соның бірі - балалар прозасы. Қ.Ергөбек қазақ балалар прозасының дамуы біркелкі еместігін ескерте отырып, С.Бегалиннің «Сәтжан», «Шоқан», С.Мұқановтың «Бақташының баласы», М.Әуезовтың «Көксерегі», С.Омаровтың жиырмасыншы жылдардың шындығын бала кейіпкер бейнесінде суреттеген әңгіме, повестері, сөз жоқ, балалар прозасының әр кезеңдегі, белеңді туындылары. Әрдайым жадымызда ұстайтын шығармалар деп, баға береді. Тәуелсіздік дәуіріне дейінгі балалар әдебиетінің даму процесі мен балалар жазушылары шығармашылығына тоқталып, қажет тұстарында сүбелі ойлары беріліп, қазақ балалар әдебиеті сынының даму арналары айқындалады. Мақалада Қ.Ергөбек қазақ балалар прозасының тілі туралы да арнайы сөз етеді.тіл білмеуден, әйтпесе, күнделікті тіршілікте аз қолданылатын сөздерді іздене пайдалана алмаушылықтан, сөздің мағынасына мән бермей қате қолданушылықтан, стильдік олақтықтан, өмір көрінісін образбен жеткізем деген тілектен туған қойыртпақ қолданыстардың балалар әдебиетінде орын алуына жол жоқ екендігін өткір сынайды. Кілт сөздер: жанр, балалар поэзиясы, балалар прозасы, балалар прозасының тілі KAZAK ÇOCUK EDEBİYATI ELEŞTİRİSİNİN BAZI MESELELERİ ÖZ Bu makalede, Çocuk Edebiyatının gelişme yolları ve Çocuk Edebiyatının eleştiri meseleleri incelenir. Kazak Çocuk Edebiyatındaki bazı türlerin gelişmesi, bazı yazar şairlerin Çocuk Edebiyatındaki yeri açıklanır ve değerlendirilir. Çocuk dünyagörüşü ve psikolojisini tanımaktaki yazar ustalığına inceleme yapılır. Çocuk Edebiyatı, edebiyatın ayrı bir dalıdır. O, genel edebi süreçle derin ilişkide olduğu için, incelenilmemiş yönleri çoktur. Çocuk Edebiyatı ile uğraşan eleştirici Kulbek Ergöbek, birçok eleştirmenler yapamayan Çocuk Edebiyatının temsilcileri hakkında yazdı. Kazak Çocuk Edebiyatında dikkat vermeyi önemseyen sorunlardan biri de, janr (tür) sorunudur. Onlardan biri de, çocuklar nesiri. K.Ergöbek Kazak Çocuk Nesrinin gelişmesi yola koyulmadığını uyarararak, S.Begalin in Satcan, Şokan ; S.Muhanov un Çobanın Çocuğu, M.Avezov un Kökserek ve S.Omarov un yirminci yılların gerçeğinin çocuk kahraman görüntüsünde betimleyen hikaye, öyküleri, kesinlikle Çocuk Nesrinin her dönemdeki başarılı eserleridir. Her zaman unutulmaz bir eserlerdir, diye değerlendirdi. Bağımsızlık dönemine kadar olan Çocuk Edebiyatının gelişme süreci ve çocuk yazarları eserleri üzerinde durarak, gerekli yerde derin düşünceleri verilerek, Kazak Çocuk Edebiyatının gelişme yolları açıklanır. Makalede, K.ergöbek Kazak Çocuk Nesrinin dili hakkında da ayrıca söz eder. Dil bilmezlikten, ya da günlük yaşamda az kullanılan sözleri araştırarak yararlanamadıklarından, kelime anlamına önem vermeden hata kullanmaktan, stil açısından bilgisizlikten, hayat görüntüsünü kahramanlarla iletirim diye karışık uygulamaların Çocuk Edebiyatında yer almasını yasaklayar,keskin eleştirir. Ӓ Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi, Kazak Filoloji Bölümü, aymjan.muhammedjanova@mail.ru

59 Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Anahtar Kelimeler: Tür, Çocuk Şiiri, Çocuk Nesri nin Dili. Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Балалар әдебиеті ертеректе еуропалық кейбір елдердегідей арнайы салаға жүйеленіп жазылмауы мүмкін. Бірақ, сол халық, сол ұлттың мол рухани қазынасы аралас жүреді. Аралас жүріп те балғын бөбек, бүлдіршін жасты сұлулыққа құштарландыратын, отансүйгіштік, ерлік рухына ұмтылдыратын тәрбиешілік қызметін жасай береді. Қазақ балалар әдебиетінің де тағдыры да осыған ұқсас. ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың басына дейін қазақта балалар әдебиеті деген ұғым бола қойған жоқ. Оған қарап, қазақта балаларға арналған рухани қазына жасалмаған екен деп ойлауға болмайды. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясы-тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдары қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды. Оған «Жалын» - жастар, «Балауса» - балалар баспаларының ашылуы, «Жалын» баспасы жанынан Балалар мен жасөспірімдерге арналған жылма-жылдық жабық бәйгенің ықпалы зор болды. Ал, «Балдырған», «Ұлан» - ежелден балалар әдебиетінің көрігі болды. Соңғы жылдарда жалпы қазақ балалар әдебиеті еңсесі түсіп кетті. Ал, қазақ балалар әдебиеті сыны да оның дамуына ықпал етерлік халде емес. Сондықтан балалар әдебиеті сынының дамуы мен балалар әдебиетін зерттеуші Қ.Ергөбектің еңбегін қарастыру мақаламыздың өзекті мәселесі болмақ. Қазақ балалар әдебиетіндегі поэзия жанрында еңбек еткен қаламгерлер қатарында Ө.Тұрманжановтан өзге М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, М.Жаманбалинов, Қ.Баянбаев, Н.Әлімқұлов, Ж.Кәрібозин т.б ақындар шығармашылығына сыншы Қ.Ергөбек әр жылдарда сын пікір білдіріп отырды. Сондай-ақ, қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуына, өркен жайып жас талапты өзіне тартуына кезінде шығып тұрған «Балдырған» журналының ықпалы болғандығын әдебиет сыншылары түгел мойындайды. Әдебиет жанашырлары журналдың ашылуы үшін мақалалар арнап, қазақша балалар журналы қажеттігін күн тәртібіне қойған. Мысалы белгілі ғалым, сыншы Р.Бердібайдың 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Суретті кітапшалар жайында» (Berdibay, 2006: 161) деген мақаласында осы мәселені бірінші болып, көптің назарына ұсынады: «Сол журнал «Балдырған» болып ашылып, бала қажетіне жарап қоюымен бірге қазақ балалар әдебиетіне көптеген кадр әкеліп қосты. «Балдырған» журналын оқымай өскен қазақ мектебінде оқып білім алған бала жоқ деп ойлаймыз. Өзіміз соның әр санын асыға күтетініміз есімізде. Мұзафар Әлімбаев ақын осы журналды ұзақ 25 жыл басқарған. Сыншы Құлбек Ергөбек ақынның осы қызметінің өзі игілікті ұздаздықпен қабысып жатқанын дұрыс бағалайды. «Ол балалар әдебиетіне толассыз кадр тәрбиелеген «Балдырған» журналын өз қолымен ұйымдастырып, ширек ғасыр шымыр басшылық жасады. «Балдырған» балалар әдебиеті үшін оқушы мен жазушы арасындағы алтын көпір іспетті болғанын айтуымыз керек. Аталмыш журнал арқылы Мұзағаң кішкентай

Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA 60 оқушыны ғана тірі сөзге тәрбиелеп қойған жоқ, оларға шынайы көркем шығарма сыйлайтын жас таланттар тәрбиешісіне де айнала білді. Балалар әдебиетінің көптеген өкілдері әдебиетке келу жолында өздеріне ақын Мұзафар Әлімбаев шапағаты тигенін мақтанышпен баяндайды». Мұзафар Әлімбаев тек балалар әдебиетінің авторы емес. Ол - балалар әдебиетінің күрделі мәселелерін көріп, жөн сілтеп отыратын теоретик, сыншы. Ол туралы да Қ.Ергөбек сындарлы пікір айтады. «Жетекші дарынның және бір қызық мінезі - жас талаптың тұсауын кесумен шектелмей, оның шығармашылық жолын ұдайы қадағалап, беталысын бақылап, сын мақала жазып, бағдар сілтеп отыратын жақсы қасиеті бар. Балалар әдебиеті көптеген проблемаларымен бірге Қ.Ыдырысов, М.Жаманбалинов, Қ.Мырзалиев, Ж.Смақов, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Баянбав, Е.Өтетілеуов, Е.Елубаев. С.Оспанов, т.б. іні қаламгер жөніндегі мақалалары осындай тәрбиелік мәнге ие» (Ahmetov, 1996: 109). Балалар әдебиеті - әдебиеттің жеке арнасы, ол жалпы әдеби процеспен терең байлыныста болды. Әдебиеттің бұл саласының тәрбиелік, танымдық, тағылымдық, қоғамдық мәндері айрықша, өйткені жас ұрпақтың өнегелі, тәрбиелі, білікті де білімді азамат, жеке тұлға болып қалыптасуы сияқты зор қоғамдық міндеттерді атқарысуға белсене араласады. Сыншы Қ.Ергөбек көпшілік сыншылар бара бермеген балалар әдебиетінің өкілдері туралы жазған. Олардың әрқайсысының өмірінің елеулі тұстарына, шығармашылықтарының ерекшеліктеріне тоқталып, әділ баға берген. Қазақ балалар әдебиетінің «жоқ» емес, «бар» екенін дәлелдеген сыншы. Әрбіреуі «осылай ма еді?» деген ойға қалдыратындай ақындарды танытуы - азаматтығы десек болар. Оған дәлел ретінде балалар ақыны Жақан Смақов туралы ойларын жүйелесек, ақын тұлғасы биіктеп шыға келеді. «Жақан Смақов - бесік жырынан бастап сәби құлағын үйретіп, қаз-қаз бастырып, жырмен тұсауын кесіп, ертегі тыңдатып, ертегі айтқызып, баланы мектепке ертіп апарған ақын. Оның әр жанр алуан табиғатты өлеңдерінен сәбидің санатқа қосылу эволюциясы айқын аңғарылады. Адамзат болашағы баланың қалыптасу жолын, қилы-қилы мінезін оның өлеңдерінен айқын көріп, жүздесіп, сырласып отырасың». Демек Жақан Смақовта жас баланың жас мөлшеріне лайық өлеңдердің бәрі табылады. Тек соны балаларға ұсынып, қажетке жарата білу керек. Сыншы Жақан Смақов өлеңдерін төмендегіше топтап, талдап көрсетеді: 1. Бесік жыры, 2. Жан-жануар, төрт түлік мал жайлы өлеңдері, 3.Ұйқасын тап, 4. Ойын өлеңдер, 5.Ән өлеңдері, 6.Ертегі, 7.Поэма. Осы сипаттас қазақ балалар әдебиетінде атын ерекше атауға болатын ақынның бірі-мүбәрак Жаманбалинов. М.Жаманбалинов шығармашылығы туралы Қ.Ергөбек: «Балалар өлеңінің танымдық сипаты мол болуы керек. Айту оңай болғанымен, орындалуы қиын талап бұл. Сәл ірі айтсаң, өлеңді есейтіп жібереді, сәл сыбырлап айтсаң, балаға жетпей қалады. Мүбәрәк қиын күрмеуін өзінше шешіпті. Ол табиғат құбылыстарын жырлағанда, суреттей отырып, суыртпақтап ой айтады. Ол аң, құс, жан-жануарлар туралы өлең жазғанда, танымдық сипатты тәрбиелік оймен бір қосып жымдастырып жібереді. Және бір табысы - бірін-бірі байытар, бірін бірі пән ретінде аша түсер екі құбылысты өзара шендестіріп, салыстырып бейнелейді» (Ibyraiym,

61 Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA 1990: 133) - дейді. Оған бірнеше өлеңдерінен мысал табуға болады. Қақпаны бояуға бір құты ақ бояу таппай тұрған әкесін көріп, бала ойланады, дәлірегі, ақын кішкентай кейіпкерін ойландырады: «Жап-жасыл ғып қояды, Бүкіл орман, даланы: Соншама мол бояуды Көктем қайдан алады?» (Ӓskenbaev, 1970: 36). Құрғақ үгіт айтып, табиғатты сүюге зорлау емес, табиғаттың өзіне сұқтандыру, айналаны бақылауға дағдыландыру, адам мүмкіндігі мен жаратылыс мүмкіндігін салыстыру арқылы бала жанында дүниені тануға деген ұмтылысты ояту.. Дидактиканың бар заңын бағындырып, ақын баламен бірге ойланып тұрғандай. Мүбәрак ақынның екінші қыры - сатиралық өлеңдерге шеберлігі. Онда да ақын шендестіруді шебер пайлаланады. Бала күнде көріп жүрген құбылыс пен екінші құбылысты салыстырып, келеңсіздікті шенейді. Баланың ойлануына, жаман әдеттен жиренуіне әсер етеді. «Балалар, Сауысқанды қараңдар. Марат диктант жазғанда, Дәл осылай алаңдар. Сүйектен сөз өткендей, Қызарақтап тұр Марат. Сауысқан мазақ еткендей, Бір шоқиды, бір қарап» (ErgӒbek, 2003: 58) - деген өлең жолдары сөзімізге дәлел. Артық сөз жоқ. Таза сурет. Баланың өз әрекетіне есеп беруіне мәжбүр еткендей. Әдептілік әліппесінен жаңылып, мұғаліммен сәлемдеспеген баланың «ішкі» ойына назар салыңыз: «- Қорықпаймын мен,- дейді, Мұғалім ол былтырғы Биыл сабақ бермейді» (ErgӒbek, 2003: 59) Сыншы Құлбек Ергөбек Жаманбалиновтың өзі сатиралық өлең деп таныған бірнеше шығармасын «сатиралық баллада» деп бағалайды. Оған ақынның «Мақтаншақ», «Өзі кінәлі», «Қаратөбеде», «Есербек», «Қоңырау кетті үзіп», «Екі сумка» деген өлеңдерін жатқызады. М.Жаманбалиновтың өлеңмен жазылған ертегісін, ертегі-поэмасын, балаларға арналған поэмаларын сыншы жоғары бағалайды. «Қазақ балалар поэзиясында ертегі поэманың «Құмырскалар, аралар қиыспас дос, құдалар» секілді классикалық үлгісін жасаған ақын, марқұм Өтебай Тұрманжанов болса, одан кейінгі асыл нұсқа деп Мүбәрак ақынның «Күж жалмауыз бен Білек батыр» ертегісін айта аламыз. Оқиға күрделілігі, образ сомдығы, қосөрім сюжет, қилы-қилы тартысты «Күж жалмауыз бен Білек батыр» - қазақ балалар әдебиетіндегі сирек құбылысқа баларлық жауһар туынды». Жаманбалинов жазған поэмаларын - «Батыр ұстаз», «Ақын бала», «Жақсы ата» сыншы «балалар психологиясына негізделген реалистік поэмалар» деп бағалаған. Айтылған әрбір ойды дәлелдеп жатуды міндет деп есептемедік. Осы пікірлер негізінде талдаулар жасалса, ақын шығармашылығының көркемдік қырлары танылады.

Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA 62 Қазақ балалар әдебиетінде ересектер үшін де, балалар үшін де жазатын ақындар бар. Солардың қатарында Қастек Баянбаев пен Нұрсұлтан Әлімқұлов есімдері аталады. Қастек Баянбаев шығармалары туралы да сыншылардан Қ.Ергөбек мақаласына тоқталмақпыз. Ақынның өзі өлеңдегі жетістіктеріне де, кейбір өзіне тән кемшіліктеріне де тоқталады. Қастек Баянбаевтың қазақ балалар әдебиетіне алып келген жаңалығы - фантастикалық поэма. «Қазақ балалар поэзиясы үшін фантастика әлі жалынан ұстатпай келе жатқан жанр. Фантастикалық поэмаға тәуекелі барған санаулы ақынның бірі - қастек Баянбаев»,- дейді. Нұрсұлтан Әлімқұлов та балаларға арнап өлең, ертегі, поэма жазған ақын. Оның ерекшелігі - ән өлеңдерін көп жазуы. Бұл ақын туралы да Қ.Ергөбек «шуақты ойнақы юморлық өлеңдерін» атап көрсетеді. Қазақ балалар әдебиеті - әлем таныған қазақ әдебиетінің іргелі, жемісті бір саласы. Оның да өсу, қалыптасу, өркендеу жолы бар. Қазақ әдебиетінің сан-алуан мәселелерімен бірге, балалар әдебиетінің жай-күйі Б.Кенжебаев, С.Қирабаев, Ш.Ахметов, З.Серікқалиев, Б.Ысқақов секілді әдебиетші, сыншы-ғалым еңбектерінде, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Әбдірәшев сынды ақындарымыздың сын мақалалар жинағында кей қырынан әңгіме боп келеді. Оқулықтар жазылды, хрестоматиялар құрастырылды. Диссертациялар қорғалды. Әйтсе де, қазақ балалар әдебиетінің әрдайым зер сала зерттейтін проблемалары әлі де жетерлік. Балалар әдебиеті күнбе-күн дамып, өрістеп отыратын жанды процесс. Демек, қанша зерттелді дегенімізбен, оның жаңа, соны проблемалары туындап отыруызаңдылық. Қазақ балалар әдебиетінде жете назар салуды қажетсінетін мәселенің біріжанр проблемасы. Соның бірі - балалар прозасы. Бірақ сыншы: «қазақ балалар прозасының дамуын біркелкі деп айта алмасақ керек. С.Бегалиннің «Сәтжан», «Шоқан», С.Мұқановтың «Бақташының баласы», М.Әуезовтың «Көксерегі», С.Омаровтың жиырмасыншы жылдардың шындығын бала кейіпкер бейнесінде суреттеген әңгіме, повестері, сөз жоқ, балалар прозасының әр кезеңдегі, белеңді туындылары. Әрдайым жадымызда ұстайтын шығармалар» (ErgӒbek, 2003: 58) - дейді. Кеңес дәуірінде қазақ балалар әдебиеті өзбек, қырғыз, татар, башқұрт, азербайжан, түрікпен, тәжік, қарақалпақ, дағыстан және тағы басқа туысқан халықтар әдебиетінің озық шығармаларының қазақ тіліне аударылуымен де толыға түсті. Мәселен, тәжік әдебиетінің классигі саналатын Садриддин Айнидің «Мектеп» атты өмірбаяндық повесі, М.Миршакардың «Алтын қыстақ» атты атақты поэмасы, өзбек халқының атақты ақыны Куддус Мухамедидің «мектеп балалары және көктем», Эрназар Рузиматовтың «Достық» және 1960 жылы «Жазушы» баспасы бір топ өзбек жазушыларының «сахара самалы» атты балаларға арналған әңгімелер жинағын бастырып шығарды. 1973 жылы түрікпен ақыны Каюм Тангрукулиевтің балаларға арналған өлеңдер жинағы басылды. Әйгілі қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың «Менің алғашқы мұғалімім», «Ақ кеме» повестері мен «Солдат ұлы» атты әңгімесі қазақ тіліне аударылып, жариялануы қазақ балалар әдебиетінің табысы болды. Дәл осы сипатта балаларға арналған туындылардың дүниеге келуі өте маңызды болды. Әсіресе 1950-1970

63 Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA жылдардағы қазақ балалар әдебиетін сөз еткенде, бұл дәуірде әдебиеттің жанр, тақырып, көркемдік және мазмұны жағынан өркендеу, толысу ерекшеліктері бар. Бұл кезеңдегі балалар әдебиеті кеңестік патриотизм, азамат соғысы, Ұлы Отан соғысының батырлары туралы библиографиялық повестер жазылғанын аңғарамыз. Мәселен, Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан», Қ.Жармағамбетовтің «Әнші азамат», С.Бақбергеновтің «Талғат», «Дина», «Бозторғай», «Қоянкөзге құлаған жұлдыз», С.Талжановтың «Сейфулланың Сәкені» атты повестері жарыққа шықты. Сондай-ақ осы кезде «Балдырған» журналының шығуы бастауыш мектептің 1-2 сынып оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармалардың көптеп басылуына игі әсерін тигізді. Журнал бетінен балалар әдебиеті тақырыбына жазатын жас авторлар жиі көріне бастады. Негізінен қазақ балалар әдебиеті туралы сын 1950 жылдардан кейін дамығаны белгілі. Оның себебі туралы сол жылдары әдеби сынға келген, «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінде қызмет еткен Рахманқұл Бердібай сол 1956 жылы былай деп жазған екен: «Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ балалар әдебиеті кең өркендей бастады.. Егер бұрын жазба әдебиетте балаларға арналған шығармалар саусақпен санарлықтай болса, қазір жағдай мүлде басқаша деуге болады. Атап айтқанда, қазіргі кезде балалар жазушыларының тұрақты тобы пайда болды. Бұрын балалар әдебиеті дегенде - аузымызға түсетіні Ыбырайдың әңгімелері, Абайдың кейбір өлеңдері, совет жазушыларының рабайда бір ұшырайтын шығармалары болушы еді. Соңғы жылдарда балалар әдебиеті С.Бегалиннің, Б.Соқпақбаевтың, Н.Ғабдуллиннің, С.Сарғасқаевтың, Ә.Дүйсенбиевтің, М.Жаманбалиновтың, т.б. молая түсті. Демек, ендігі жерде қазақ балалар әдебиетінің даму тенденциясы туралы пікір алысу қажеттігі туа бастады» (ErgӒbek, 2003: 60).Әдебиет пайда болғаннан соң барып, әдеби сын жазылады. Балалар әдебиетінің сыны 1950 жылдардан кейін пайда болу заңдылығын ғалым осылай түсіндіреді. 1950 жылдардағы балалар әдебиетінің сыны да ауыз толтырып айтуға келе бермейді. Оның тарихи себептерін қоғамның дамуымен қоса түсіндіру қажет. Соғыстан кейінгі қаулылар, репрессия қаламгерлерді тұсап, тақырыптың аясын тарылтып, шын көркем туынды жазу мүмкіндігі тарылғанын көп әдебиеттерде айтылып жүр. Бұл балалар әдебиетіне де, оның сынына да әсер еткені әдебиет тарихынан айқын көрінеді. 1969 жылғы пленум шешімінен кейін қазақ балалар әдебиетінде көптеген шығармалар жазылды. Балалар әдебиеті «профессионал дәрежеге көтерілді».әрбір шыққан жинаққа сынпікір, алғысөз, пікірталас, жылдық қорытынды есептердегі шолу, жазушылар сьездері аралығындағы қаламгерлердің есебі, т.б. түрінде балалар әдебиеті туралы сын жазылды. Сын жанрын - «жауынгер жанр» деп атайды. Өйткені қауіптің алдын алып, жеңіске сүйінші сұрап дабыл қағатын сыншылар. Сыншылардың еңбектері еленіп, әдебиеттің өркендеуіне, әдебиеттану ғылымының жетілуіне әсерін бағамдау - ғылым үшін қажеттілік. Балалар әдебиеті сынының дамып, өркендеген осы жылдар аралығын тексеру, тәжірибесін үйрену, мүмкін, әдеби сынның қайта жандануына ықпал етер. Бұлай дейтініміз белгілі балалар әдебиеті сыншысы, ғалым профессор Құлбек Ергөбек: «Әрине,

Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA 64 соңғы жылдарда жалпы қазақ балалар әдебиетінің еңсесі түсіп кетті. Ал, қазақ балалар әдебиеті сыны да оның дамуына ықпал етерлік халде емес» (Kazak sovet balalar jazuşilari, 1987: 24) - дейді. Сыншы Қ.Ергөбек қазақ балалар прозасын тілі туралы да арнайы сөз етеді: бірінші тіл білмеуден, әйтпесе, күнделікті тіршілікте аз қолданылатын сөздерді іздене пайдалана алмаушылықта; екінші, сөздің мағынасына мән бермей қате қолданушылықтан; үшінші, стильдік олақтықтан; төртінші, өмір көрінісін образбен жеткізем деген тілектен туған қойыртпақ қолданыстар бар болып шықты» (Kazak sovet balalar jazuşilari, 1987: 41) Қай халықтың да ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық дүниетанымы, өзіндік философиясы, фольклорлық мұралары, бір сөзбен айтқанда, өзіне тән рухани әлемі болатыны мәдениет тарихынан жақсы белгілі. Ұлттық руханият қазынасына мейлінше бай жұрттардың бірі қазақ халқы екендігі әр уақытта дәлелденіп келеді. Кейінгі дәуірлерде осынау рухани игілік көлемі сан жағынан да, эстетикалық әсері жағынан да одан әрі жетіліп, толыға түсуде. Бұл тұжырымның бір айқын көрінісі қазақтың жазба балалар әдебиеті. Бүгінгі таңда ол тарихы терең, философиялықэстетикалық тұғыры нық, ой мен мазмұнға қашанда бай болып келетін құнарлы қазақ әдебиетінің үлкен бір тармағына айналып отыр. Төл әдебиетіміздің кеңінен өркен жайған балалар әдебиеті саласы әдебиеттану ғылымының зерттеу нысаны ретінде өр қырынан қарастырылып келгенін жокқа шығаруға болмайды. Әсіресе кеңес дәуірі деп аталатын кезеңде балалар әдебиеті кеңестік идеология құралы ретінде зерттеуші қаламгерлердің, әдебиет сыншыларының назарынан қалып көрген емес. Сол кезеңдердің өзіндеақ әдебиетіміздің осы бір құнарлы бөлігіне қатысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ғылыми объективті бағалардың беріліп келгенін әділдік ретінде айтып өткен жөн. Қазақтың жазба әдебиеті, шын мәнінде, балалар прозасынан басталады десек, асыра айтқандық емес. Жазбаша прозаның алғашқы қарлығашы ретінде Ы.Алтынсариннің көркем әңгімелерін алуға болады. Бұл шығармалардың көркемдік-идеялық қуаты, танымдық-тағылымдық мазмұны туралы өз кезінде орнықты, дұрыс пікірлер айтылып, әдебиет тарихында лайықты бағасын алды. Балалар өдебиетіне қатысты түрлі ой-пікірлерді екшеу барысыңда әр түрлі кезеңдердегі теориялық тұжырымдарды сыни пайымдаулар мен байламдарды демократиялық еркіңдік жағдайыңда тәуелсіз ел мүддесі тұрғысынан жаңаша бағалау міндеті тұр. Балалар өдебиетінің осынау саяси ағымдағы алатын өзіңдік орны ерекше. Өмірлік-әлеуметтік мәселелерді көркем бейнелер арқылы шебер суреттеу балғындар дүниетанымының, көркемдік кабылдауының ертерек оянуына, белсенді, алғыр азамат болып калыптасуына баға жеткісіз рөл атқарады. Қазақ балалар әдебиеті туралы сын мақалаларды сөз еткенде әр кезде шыққан кітаптарға берілген Алғы сөздерді де айтпай кетуге болмайды. Соның бірі - Құлбек Ергөбектің «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериясымен шыққан басылымдарға жазған Алғы сөздері. Қазақ балалар пррозасына қатысты С.Бегалин мен Қ.Әбдіқадыров шығармалары біріктіріліп, 1987 жылы шыққан жинаққа алғы сөз жазыпты. Алғы сөзде бірталай маңызды ойлар бар. Бұлар - балалар әдебиетін оқытып жүрген ұстаздарға

65 Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA әдістемелік нұсқау, қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте пайдалы. Біріншіден, екі жэазушының өмірбаянынан едәуір мәліметтер келтірілген. Екіншіден, жазушылардың шығарманы жазу тарихынан тарихи деректер келтірілген. Балалар әдебиетінің қалыптасу, даму тарихын терең зерттеп. іргелі еңбектер жазған белгілі академик Ә.Марғұлан, академик-жазушьі М.Әуезов. зерттеуші-ғалымдар М.Ғабдуллин, Б.Шалабаев, Ш.Ахметов болса, балалар әдебиетінің жай-күйі Б.Кенжебаев, С.Қирабаев, З.Серікқалиев, Қ.Ергөбек, Б.Ысқақов, Б.Ыбырайым секілді әдебиетші, сыншы-ғалым еңбектерінде әңгіме болып келді. «Сыншы, публицист жазушы Қ.Ергөбек жұмысының тағы бір саласын айтпай өтуге болмайды. Сыншы Құлбек Ергөбек қазақ балалар әдебиетін көптен бері зерттеп келеді. Бұл ретте оның «Мейірім шуағы», «Өтебай Тұрманжанов» тәрізді монографиясын, «Қазақ совет балалар жазушысы» деп аталған анықтамалығын, т.б. басылымдарын атап көрсетуге болады» (Berdibay, 2007: 276) - деген академик Р.Бердібайдың пікірі мақаламздың негізгі өзектілігін айқындап тұр. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі жайлы, жалпы әдебиеттану ғылымының кәсіптік деңгейі мен дамуына байланысты пікір айтқан қаламгерлердің алдыңғы сапында қазақ әдебиетінің көрнекті классиктері- А,Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов және тағы басқалар тұр. Олардан кейін Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, Ш.Ахметов, Ә.Тәжібаев, С.Қирабаев, М.Әлімбаев, М.Ғабдуллин, Ә.Табыддиев, Қ.Ергөбек, З.Серікқалиев және т.б. бүгінге дейін көптеген сыншы ғалымдар, ақын-жазушылар балалар әдебиеті жайында әр түрлі деңгейде пікір айтып келді. Ал балалар әдебиетін тікелей зерттеген әдебиетші ғалымдар да санаулы. Олардың қатарында Ш.Ахметовтің зерттеулері мен оқулықтары, С.Өскенбаевтың «Қазақ балалар прозасының даму тенденциясы» (1970 ж.), К.Нұғыбаеваның «Жетпісіншісексенінші жыддардағы балалар әдебиетінің кейбір мәселелері» (1984 ж.), Б.Ыбырайымовтың "Қазіргі қазақ балалар повесінің көркемдік ерекшеліктері" (1990ж.), К.Матыжановтың «Балалар фольклоры» (1990 ж.), Ә.Өтегенованың «Қазіргі балалар әңгімесінің көркемдік ерекшеліктері» (1992ж.) атты тақырыптар бойынша қорғалған каңдидаттық диссертациялары мен Б.Ыбырайымның «Қазіргі қазақ балалар прозасы жоне рухани-эстетикалық даму мәселелері» (1998ж.) атты докгорлык дисссртациясы, Б.Қапасованың "Қазақ өдебиетіңдегі балалар лирикасы» (2000ж), А.Ақтанованың «Қазіргі қазақ балалар драматургиясы» (2003 ж), Б.Ақыштың «Балалар прозасындағы жеткіншектер бейнесінің жасалуы (рухани әлем және адамгершілік мұрат)» сияқты каңдидаттық диссертацияларын атап өтуге болады. Қазақ балалар әдеби сынының дамуы немесе жекелеген сыншы еңбектерін қарастырған зерттеу еңбегі жоққа тән. Әсіресе, балалар әдебиетіне арнап сын мақалалар жазып жүрген сыншылардың еңбектерін зерттеген ғылыми еңбектер жоқ. Сондықтан қорыта келгенде айтарымыз, қазақ балалар әдебиеті сыны әлі де зерттеуді қажет етеді. Біздің мақаламызда сөз етілген сыншы Қ.Ергөбектің балалар әдебиетіне қатысты айтқан пікірлері әдебиеттану ғылымы үшін маңызды.

Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA 66 ӒDEBIETTER AHMETOV Sh., (1976), Qazaq sovet balalar adebiyeti, Almati: Mektep. BERDIBAY R., (2006), Adebiyet sinining kokjiyegi, Turkistan: Turan. BERDIBAY R., (2007), Ar jildar oylari, Turkistan: Turan. ERGOBEK Q., (2003), Aristar men ag istar,1-kitap, Almati: Orkeniyet. IBIRAYIM B., (1990), Qazirgi qazaq balalar povesining korkemdik yerekshelikteri, Almati. Kazak sovet balalar jazushilari, (1987), Enbek Jinaktarı, Almati: Mektep. OSKENBAEV S., (1970), Qazaq balalar prozasining damu tendensiyasi, f.g.k gilimi darejesin alu ushin dayindalg an diss. Avtoref. Almati.