ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ

Benzer belgeler
Шоқан Уалиханов Зерттеулерінің Әлемдік Әдеби Байланыстағы Маңызы

Prof.Dr. Osman Horata. Değerli Okuyucular,

Кіші жүз билеушілері Ресей Империясы тағайындаған хандар

Prof.Dr. Osman Horata Ç N D E K L E R. 21 Bilgilendirme ve tanıtım toplantıları. Türkiye-Kazakistan arasında Stratejik Ortaklık Anlaşması

Prof.Dr. Osman Horata

Prof.Dr. Osman Horata

YAZ 2012 SAYI 43 AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Prof.Dr. Osman Horata

HOCA AHMET YESEVİ NİN MANEVİ MİRASI ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

XVIII ғ. басында Осман империясы мен Ресей арасындағы сауда қатынастары. Аңдатпа.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНИКААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Байғабылов Нұрлан ОРАЛБАЙҰЛЫ

Имам Әбу Мансур әл-матуриди: ғылымдағы орны İmam Ebu Mansur el-maturidi ve ilmi şahsiyeti

ҚАЗАҚСТАНДА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

«ІI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ», ІII ТОМ Мамыр, 2015

Қазақстан Республикасы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы академиги

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТƏН ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми- педагогикалық кітапхана. Айшуақ хан. Байдуанова Лязат Амангелдиевна

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ 20 ЖЫЛЫ KAZAKİSTAN-TÜRKİYE DOSTLUK VE İŞBİRLİĞİNİN 20. YILI

Қалиев А.Қ., Қортабаева Г.Қ Қазіргі түрік тіліндегі кірме сөздер. Kaliyev A.K., Kortabaeava G.K. Loan words in Turkish language

Prof.Dr. Osman Horata

Mütevelli Heyet üyeliklerine yeni atamalar

Ahmet Yesevi Üniversitesinde

Ха л ы қа ра л ы қ қат ы н а с т а р б өл і м і Тел: Факс: Эл.адрес:

ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ӘДЕБИ ТІЛДІ БАЙЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Elmira HAMITOVA АННОТАЦИЯ

GELECEĞE DOĞRU: MANEVİ UYANIŞ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИТІ СЫНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ Dr. AYIMCAN MUHAMEDJANOVA Ӓ АННОТАЦИЯ

Андабаева Дана Асқатқызы. «Қазақ, түрік және ағылшын тілдері фразологизмдеріндегі ұлттықмәдени

неріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет».

Eğitimde uluslararası kalite Otuz programımız akredite edildi

ÇALIŞTAY PROGRAMI СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ БАҒДАРЛАМАСЫ

Kazakistan ın kadim şehri Қазақстанның көне қаласы TÜRKİSTAN ТҮРКІСТАН. Prof. Dr. M. Turan AKAY Проф. док. М.Туран АКАЙ

МЫҚ ТЫ Ә ІПБИ НАҚТ Ы ҚА ДАМ «АРЫСТАН» У ҮШІН РУХ КЕРЕК. on the web JASQAZAQ. МОДЕРНИЗАЦИЯ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ! КЕТТІ, КЕТТІ...

Тақырыбы: I дүниежүзілік соғыстан кейінгі Осман империясы (Түркия).

AHMET YESEVİ ÜNİVERSİTESİ HABER BÜLTENİ YAZ 2008 SAYI: 35

КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ЭТИМОЛОГИЯСЫ

Таза су мен сапалы жолдың игілігін көрмек алайық деп ойлағанбыз, мектепте

ҚАЗАҚША-ТҤРІКШЕ СҾЗДІК ЖАСАУ БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР

ISSN Индекс Сыдықов Ерлан. ШӘКӘРІМ ғылыми-танымдық журнал РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС. Мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы

JAS QAZAQ. on the web 78,05 JASQAZAQ. САЛЫҚТЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ТӨЛЕ! АЛТЫН КЕСЕДЕГІ КӨЛ «ЖАСЫ» МҰҚАҒАЛИ БЕЙНЕСІ ӘЛІ ЕСІМДЕ ҰЛЫҚТАЛҒАН ҰЛЫ АСПАП

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ. Коллаж: Ғалия ҚАЛИЕВА

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОМИССИЯСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕС: МҮШЕ ЕЛДЕР АРАСЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ ШЕҢБЕР МЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

` ` KUN ҰРЫ БИКЕШ. Сауалы. Жауабы СӨЗ. Аптаның. Бақытжан САҒЫНТАЕВ, Қазақстан Премьер-Министрі:

MADE in KAZAKHSTAN-ды қашан киеміз?

HOCA AHMET YESEVİ CAMİİ ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ МЕШІТІ

АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАДАҒЫКОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОРНЫ

ҚАЗАҚ ТІЛ ПƏНІ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ƏЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

JAS QAZAQ ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады

З. Шадкам ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

КҮРДЕЛІ ҮСТЕУЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНДАҒЫ УƏЖДЕМЕ МƏСЕЛЕСІ YAPILACAK İŞLERİN MOTİVASYONUNA YÖNELİK İNCELE- MEDEKİ ZORLUKLAR

MÂTURÎDİ TEOLOJİ VE ANA KAYNAKLARI *

Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ

ТҮРІК ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ON THE TEACHING TURKISH FOR FOREIGNERS Йохан ВАНДЕВАЛЛЕ *

АДАМЗАТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН АРҒЫТАРИХТЫ ОБЬЕКТИВТІЛІК ТҰРҒЫДАН ТҮЙСІНУДІҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ

Sempozyum Düzenleme Kurulu / Симпозиум Ұйымдастыру Комитеті / Symposium Organization Committee

HAILEYBURY ASTANA БАҒАЛАУ, ТЕСТІЛЕУ, ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ САЯСАТЫ

Алтын бесік - АТАМЕКЕН

КІРМЕ СӨЗГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ДІНГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ЕМЕС

СОСТАВНЫЕ ИМЕННЫЕ ПРИЛАГАТЕЛЬНЫЕ ПРЕДЛОЖЕНИЯ В РОМАН-ЭПОПЕЕ М.АУЭЗОВА «ПУТЬ АБАЯ»

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ А Л Қ А

JAS QAZAQ. ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ Газет 2005 жылдың 7 қаңтарынан шыға бастады vk.com.jasqazaq Jasqazaq Жас қазақ

Tıp Fakültesi Hastanesi beş yaşında

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

ҚЫТАЙ ТІЛІНЕ ЖАҢА ТЕРМИНДЕР МЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕНУ ҮДЕРІСІ

KAZAK AKINI FARİZA ONGĞARSINOVA POEMALARININ TARİHÎ-SYUJETTİK NEGİZLERİ ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ- СЮЖЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Prof. Dr. Osman Horata İ Ç İ N D E K İ L E R

әрі экономикаларыңыз да қарыштап дамып келеді», деді сауда министрі. У.Росс Қазақстанмен саудаэкономикалық

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ КƏСІБИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Астанада төбесінен шаңғы тебетін әлемде жоқ үй салынады

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІ ХАҚЫНДА

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АЛЬ-ФАРАБИ KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMED AFTER AL- FARABI

Балама энергия көзіне балама заң керек

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ СИПАТЫ

Oral óńіrі. «Береке басы бірлік» Кәріз жүйесіндегі ақау жөнделуде Құрметті оқырмандар!

ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Oral óńіrі. Ассамблеяның ауылға тартуы. «Қызғалдақ-көктем» Жаңа саябақ. Оқырмандар назарына! Жол қозғалысы шектеледі 27 СӘУІР

İÇİNDEKİLER. MÖVLANA NIN DOĞUM TARİXİ Yrd. Doç. Dr. Ali TEMİZEL

ТІЛДІК БІЛІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУƏДІСТЕМЕСІ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

республикалық апталық газет

8 Наурыз! Қымбатты арулар!

«Рекреация» сөзі поляктың regreacia демалу, латынның regreation күш

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАҒАТТАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАЛ БЕСІГІ

04-06МАМЫР 2015ТҮРКІСТАН\ҚАЗАҚСТАН MAYIS 2015 TÜRKİSTAN/ KAZAKİSTAN MAY 2015 TURKESTAN / KAZAKHSTAN

Қордың жылдары атқарған қызметі

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуына тосқауыл болатын еш нәрсе жоқ

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Kış / Winter / Зима 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 15

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

ИНСТИТУТ ИНСТИТУТ жыл.

ағымына сай жаңа заманғы технологиялар бойынша тұрғызған. Сөйтіп, ол малды асылдандыру

AVRASYA Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Cilt:4 Sayı:9 Temmuz 2016 Türkiye İÇİNDEKİLER / CONTEST AVESTA NIN TEMELİ TÜRK FELSEFESİDİR

KÜLTÜR EVRENİ. UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ Bahar / Spring / Весна 2013 Yıl / Year / Год 4 Sayı / Number / Число 16

KZI BANK ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Мәуiт Ырысбек, Нарбаев Бақдәурен, Қайсаұлы Әрiн, Өрлеу Наржол. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың МАТЕМАТИКА

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТОҒЫСЫНДА

Mustafa ARSLAN. Assoc.Prof.Dr., International Black Sea University, Faculty of Education and Humanities, Department of Turkish Philology.

Transkript:

ТҮРКІЛЕРДІҢ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ А.Т. Қырқымбекова ҚР ММ «Дін мәселелері жӛніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығы» мемлекеттік мекемесінің аға ғылыми қызметкері Кіріспе. Әлемде ислам дінін ғылыми тұрғыда зерттеу мәселесі ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ ірі мәселелердің бірі болды. Бұл түрік тарихшысы З.У. Тоғанның зерттеген тақырыптарының арасында маңызды орынға ие болған. 1968 жылы 8-12 ақпанда Пәкістанда ӛткен «Құран» конгресінде З.У. Тоған «Құран және түркілер» атты ғылыми баяндамасын жасады. Кейіннен бұл баяндаманың ғылыми маңыздылығы басым болғандықтан қайта толықтырылған нұсқа Стамбулдағы Ислам зерттеу институтының ғылыми журналында жарияламақ болады. Алайда, З.У. Тоғанның ӛзі ӛмірде бар кезінде-ақ кедергілерге ұшырап баспадан шықпай қалды. З.У. Тоғанның Шығыс және Батыс елдерінің арасындағы ғылыми байланысы туралы 1935 жылы, сонымен қатар 1950 жылдары конференцияда жасалынған ғылыми баяндамаларын түрік тарихшысы Түнжер Байкара бір арнаға жинақтап, Стамбулдан 1971 жылы жарыққа шығарды [1]. Ислам әлемімен біртұтас болған З.У. Тоған батыс ғылымына арнап діни танымдық кӛзқарасын жоғарыда атап ӛткен ғылыми баяндамасында айқын, әрі анықтап кеткен. Ғалымның жасаған ғылыми тұжырымдары тек Батыс ғылымы үшін ғана емес, шығыс ғылымы үшін маңызды. Заки Уәлидидің «Құран және түркілер» атты ғылыми ізденісіне ғылыми талдау жасау, бүгінгі таңда аса қажет. Оның ӛзіндік себептері бар десе де болады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында конфессияаралық байланысының күшею кезінде Заки Уәлиди Тоғанның ғылыми тұжырымдары діни ұғымды тарихнамалық тұрғыда толықтырып отыратындығына сеніміміз мол. Түркі халықтары Ислам дінін, яғни Талас шайқасы басталмай тұрып-ақ қабылдай бастаған. Енді бұл Талас шайқасының тарихы мен оның маңыздылығына тоқтала кетейік. Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша, «751 жылы шілде айының 31 жұлдызында Тараз қаласына іргелес жатқан Атлах бекінісі маңында бүкіл Орталық Азия тағдырына терең ықпал болған Атлах-Талас шайқасы болды. Шайқаста араб-қарлұқ-түркеш құрама қолдары қытайдың таңдаулы әскерін тас-талқан етіп жеңіп, оның батысқа жылжуына тосқауыл қойды». Міне осы шайқасқа Тараздың сол кездегі негізгі тұрғындары қаңлылармен бірге Құлан, Меркі, Аспараны тұрақ еткен, кейінірек Таразды астана еткен бауырлары қарлұқтар мен түркештер де қатысқаны анық. Себебі алғаш қарлұқ, түркеш мемлекеттері Меркіні астана еткен еді. Бір сӛзбен айтқанда, Меркі және Құлан қалаларының тағдыры Түркеш, Қарлұқ мемлекеттерімен сабақтас. Ал бұл мемлекеттердің ҮІІІ ғасырдың ортасынан соңына дейін билік құрғаны белгілі. Түркештерді биліктен тайдырып, ӛлкеге әмірлігі жүрген 1

қарлұқтар Құлан мен Меркіні негізгі қалаларына және ірі әскери бекінісіне айналдырды. Ерекше қарқынмен дамыған бұл екі қалаға сырттан кӛз тіккендер кӛбейе бастады. Қарлұқтар билік басына келместен бұрын да бұл қалалардың сол ӛңірге билік жүргізуде шешуші рӛл атқарғаны анық. Меркі сол заманда ӛңірге билік жасау үшін аса қажетті қақпа болған. 751 жылы Құлан мен Меркіге арабтар шабуыл жасағанда да сол қақпаға ие болуды армандаған еді. Тура осы кезде олардың жерлеріне басып кірген қытайларға қарсы бірлесе шайқасты. Қытайды жеңгеннен кейін билікке келген қарлұқтар арабтармен достық қарым-қатынасты сақтап қалады. Олар исламдық ӛркениеттің дамуына жол ашты» [2]. Ал Тараздың жергілікті ғалымы Б. Әбділдаұлының пікірінше бүкіл түркі ұлысының ӛміріне 751 жылғы шілде айында Талас ӛзенінің жағасындағы Атлах қаласы мекені маңында мұсылман арабтар мен қытайлар арасындағы қырғын соғыс тағдырлы бетбұрыс әкелгендігі белгілі. Сол жолы екі ұлы армия бетпе-бет келіп шайқасқанда, тағдыр таразысы теңселгенде түркі ата-бабаларымыздың арабтар жағына шығуы халқымыздың ислам дінін біржолата қабылдауына бастағанын, осы соғыста жеңілген қытайлықтар арасындағы тұтқын шеберлер арабтарға қағаз жасау технологиясын үйреткенін, әлемдік ӛркениеттің осы құралы сӛйтіп бүкіл әлемге Талас ӛзені жағасынан тарағанын ескерсек, бұл соғыстағы жеңістің маңызын толығырақ түсінеміз [3]. Түркі халықтарының мұсылмандықты қабылдауы, ұлттық тарихымыз бен ислам тарихының ең маңызды оқиғаларының бірі болып табылады. Исламды қорғау мен таратуда үстемдікке қол жеткізгеннен кейін белсенді қызмет жалғастырды. Түркілердің Ислам мемлекеттерінің құрылған кезеңі болып табылатын Х ғасыр Ислам ӛркениетінің гүлденген ғасыры болып табылады. Түркілер де аталмыш ӛркениетті дамытуға бар күшін салды. Олар сол дәуірлерде ислам мен мұсылман халқы үшін қызмет етудің нағыз күшіне ие болып тұрған уақыт еді. 1058 жылдан бастап ресми түрде Ислам дінінің қамқоршысы атағына ие болды. Бір жағынан Аббасидтер халифатының кӛтерілістерін басса, екінші жағынан Византия империясының шабуылдарын тоқтатты. Пікір айырмашылықтары мен алауыздықты жою мақсатында медреселер құрып, ғылымның дамуы мен мәдениеттің ӛркендеуі үшін қызмет атқарды. Құранды басқа тілдегі ұлттар үшін аударма жүйелері қалыптаса бастады. Бұл жӛнінде тарихшы З.У. Тоғанның ӛзіндік жасаған пайымдары мен тұжырымдарына арнайы тоқталуды жӛн кӛріп отырмыз. З.У. Тоған Құран және түркілер арасындағы мызғымас байланыстың бастау бұлағына, ұлт пен діннің ерекшеліктері тұрғысынан қараған тұжырымдарын 8 тармаққа бӛліп айқындап ӛтуді жӛн деп білеміз. З.У. Тоғанның тұжырымдары түркі халықтарының исламға деген діни сенімдерінің және оның тарихының маңыздылығына дәйекті дерек. 1. VIII-Х ғасырлар арасында түркі халқының шекарасына ислам дінінің біртіндеп таралуы етек ала бастаған еді. Исламнан бұрынғы тек тәңрілік, будда, христиан дініндегі түркі тілдес ұлттар шығыс халифтарының әскеріне толық ӛз еріктерімен қызмет етті. Себебі, пұтқа табынған қарлұқ еліне 2

қарасты Талас және Сырдарияның орта ағысы тұсында орналасқан түркі тектес тайпалар, Шаш қаласы мен Іле ӛзені маңындағы мани дінін қабылдаған түркілерінің ешбірі, ислам дінінің енуіне қарсылық кӛрсеткен жоқ. Бірақ мұсылман елдерімен одақтасқан түркі тектес халықтар (Керейлер, Наймандар және Шігіл тайпалары) кәпірлерге қарсы күрес жүргізіп отырды. Оған тӛмендегі келтірілген деректер дәлел. Ахмет ибн Ибрагим аль- Истахридің атап кӛрсеткеніндей: олар «Ферғаналықтар» немесе «Жетікент түркі халықтары» деп аталынды. Халиф Биллах Жафар ибн Ахмет аль- Муктадир (908-932) оғыздардың әскер басы сүбашы мұсылман болмаса да хат арқылы байланыс жасап тұрды [4, 195 б.]. Яғма және шігіл тайпаларының билеушісі Бұғра хан Саманилермен одақ құрып, 921 жылы Хорасандағы иран кӛтерілісшілеріне тойтарыс берді. Сонымен қатар Емеви халифы Хишам ибн Абдулмалик Шам қаласына қонаққа келген Белхтық билеуші Бермекке ӛз дінін ұстануына қарсылық білдірмеді. 2. Емевид және Аббасидтерге қызмет еткен түркі армиясындағы әскерлердің ӛз діндері мен салт дәстүрін жалғастыруға, ӛздеріне киелі санайтын кітаптарын қолдануға мүмкіндіктер жасады. Оған Аббасид әулетінің халифы әл-мұтасим (833-842) тұсында пұтқа табынған қарлұқтардан тараған Афшин оқиғасы мысал бола алады. Ӛзінің әскери және жазалаушы жоспарларын жүзеге асыру үшін әл-мұтасим 835 жылы түрік Афшинді әскери басшылыққа қойды. Оның есімі Самарқанд пен Ходженттің арасындағы таулы ӛлкеде орналасқан Ошрусан атты шағын әмірлік билеушілерімен ақсүйектерінің тарихи лауазымына айналған. Бұрын Афшин будда дінінде болатын, халифтың әскери қызметіне келердің алдында ғана ислам дінін қабылдаған-ды. Ошурсанның әмірі болып, Аббастар әулетінің армиясын басқарғанда ол «Сарайдың табалдырығынан Батыс территориясының шекарасына дейінгі» барлық жерлердің бақылаушысы болып тағайындалды. Әскери жауынгерлердің жасаған кейбір әділетсіздігіне қарсы халықтың кӛтерілуінен қорыққан әл-мұтасим ӛзінің ордасын неғұрлым қауіпсіз жерге кӛшіруді ұйғарды. Ол үшін халиф Бағдадтың теріскейіне қарай кететін Тигр ӛзенінің жағалауындағы аумақты жерді таңдап алды да, сонда Самарра деп аталатын жаңа қаланың құрылысын бастады. Ӛзінің Бағдаттан қашып Самарраға барған халиф кӛп ұзамай мұндағы Сарай армиясын басқаратын әскербасшыларына мүлдем тәуелді болып қалды. Афшинге жалған жала жабылып абақтыға қамалды да 841 жылы оны қастандықпен ӛлтірді. Бұл оқиға тек Самаррада ғана емес, халифаттың барлық орталық облыстарында билікті ӛз қолдарына алған түрік әскер басыларының ызасын қоздырып, белсенділігін арттыра түсті. 842 жылы әл-мұттасимді оның халифтың күңі болған грек қызынан туған ұлы әл-васик алмастырды. Бес жылдан кейін ол кӛтеріліс жасаған армия жауынгерлерінің қолынан қаза тапты. Ендігі билік түрік әскербасшыларының қолына тиді, олар таққа әл-васиктің інісі Жапарды әл-мұтаваккила деген атпен отырғызды (847-861) [5]. Емевид және Аббасид (х.ж.132/б.з.750ж.- х.ж.656/б.з.1258ж.) армиясының әскер қатарындағы түркі жауынгер 3

ұландары үшін «Менің шығыста түрік есімін берген бір әскерім бар» деген сӛз маңызға ие болды. С.ғ.с. Пайғамбарымыздың ӛзі «Алла жолындағы әскери орда» деп атағаннан кейін халық арасында түркі әскері туралы жақсы түсінік қалыптасты. Қауым билеушісі, жаһангер Ебу Ханифе, Хорасан және Мауренахрлық түркі әскерлері мен иран территориясындағы әскери ордасының әдет-ғұрып, салт дәстүрлеріне түсіністікпен қарады. Кейбір жауынгер түркі ақсүйектері арасында қолданатын тағам түрлерін, мысалы жылқы етін, сусындарын (қымыз, балдан жасалған сусындар) адал деп қабылдап, жарлық шығарды. Ебу Ханифе және оның жолдастары Имам Мұхаммед пен Юсуф түркі жауынгерлерінің арап тілін білмегендіктен ғибадат кезінде Құранды парсы тілінде оқуға; ал кейбіреулері арап тілін білсе де, ғибадатта парсы тілінде дұға оқуға рұхсат етті. Имам Ӛмер уль-несефи бұл үш имамның әрекетін кӛрегендік пен даналық деп бағалады. Осыған орай, алғаш рет кейбір кішігірім сүрелерді түркі тіліне аударды. 3. Құранды аударуда Табери Тефсирді негізге ала отырып, Саманид (Самани әулеті билік басында (х.ж.204-б.з.820ж.; х.ж.390-б.з.1000ж.) отырды) билеушісі Абуль Қасым Мансұр ибн Нұхтың (961-977) нұсқауымен бірқатар ғалымдар парсы тіліне, содан кейін түркі тіліне аударды. Тәржімалаған ғалымдар арасында түбі Исфиджаптық (қазіргі Сайрам) ғұламалар да болған. Мани дініндегі Батыс түркілерінің әдеби тілі, орта ғасырдың «Алтын тамыры» деп аталған тілінде аудармалар жасалды. Бұл аударманың аяқталмаған кӛне нұсқасы Манчестердегі Джон Райландс кітапханасында сақталып тұр. Аударманың оғыз диалектіндегі тағы бір нұсқасы Британ мұражайында (түпнұсқа 9515) тұр. Бұл екі нұсқа парсы тілінен түркі тіліне аударылған. Ғалымдардың пайымдауынша, екі нұсқа да шамамен ХІ ғасырда жазылған деген дәйектерге сүйенеді. Арнау сӛздерді жазған уақытына қарағанда, шығыс түркі диалектіндегі Қарахандықтар мен Селжұқтардың ХІІ ғасырдағы атақты уәзірі Тагар-бек Қашқаридың қол жазбасы болғандығын айқындайды. Әрине бұл жерде тілдік ерекшеліктеріне қарамастан нақты аударылған. Ари ӛркениетінен Түркі ӛркениетінің ерекшелігін осыдан анық кӛреміз. Түркі ӛркениеті әлемдік сегіз ӛркениеттің қатарына ілінбей қалғандығы белгілі. Бірақ бұл бұрмаланған кӛзқарасты толығымен сыпырып тастау уақыты келген сияқты. Сондықтан тарих ақтаңдақтарына зер сала отырып, ғылыми тұрғыда әлемдік деңгейдегі ӛркениеттердің қатарынан түркі ӛркениетін кӛру үшін тарихымызда бүгіліп жатқан деректерді аша білу біздің парызымыз. Түркі тіліндегі құранның басқа да нұсқаларын атап ӛтуге болады. Олар: 1338 жылы Илхандықтар үшін Сыразда жазылған. (Түркі-Ислам еңбектері мұражайы 73) одан кейінгі екінші нұсқа 1362 жылы Алтын ордада Моңғол империясының батыс территориясында ӛмір сүрген түркі халықтарының әдеби тілінде жазылған. (Хакимоглу Али Раша кітапханасында 957) Ал, үшінші нұсқаның уақыты белгісіз; бірақ қағаз бен жазу ерекшеліктеріне қарағанда Орта Азияда жобамен Шағатай ұлысында жазылған. (РАН Восточ. институт) Бұл нұсқалар бізге Х ғасырдағы Аргу аудармасы, Моңғол 4

империясына тараған Құран аудармасына негіз болған. Аймақтық диалектілердің ықпалында жазылғандықтан барлық нұсқаларда Х ғасырға тән кӛне түркі сӛздері мен терминдері кездеседі. Сонымен қатар Петербургтағы (Ленинград) нұсқасында да кӛне түркі сӛздері сақталынған. Құран түркі халқының әдебиет саласының (әдеби сынып) дамуына жәрдем етті. Бұл әдеби сынып аймақтық диалектілердің басымдығына қарамастан Шағатай ұлысының астанасы Самарқандтан Гератқа дейінгі аймақтарда ортақ әрі жалпы біріктірілген түркі тілі сипатына ие. Гератта бұл тіл классикалық иран әдебиетінің түсіндірме түрлеріне ықпал етті. Сол себептен ӛзбектер дәуірінде Орта Азиядағы түркі тілдеріне Құранды қайтадан аударуға тура келді (Бұл нұсқа Конуадағы Юсуф Аға кітапханасында). Енді Орта Азияда жаңадан Құран нұсқалары пайда бола бастады. Қазіргі таңда Қазақстанда исламның пайда болуы мен даму тарихы мәселесін қарастырғанда, ислам дінінің діңгегінің бекуі Алтын Орданың мұсылманшылықты қабылдау кезеңінен бастау алады. Бұл кезең Берке ханның тұсында (1255-1266 жж.) басталды. 1283 жылдары Тодеменгу хан, оның соңынан Ӛзбек хан исламды қабылдайды [6, 39 б.]. 4. Құранның парсы және түркі тілінде жасалынған аудармалары Ислам дінінің Орта Азияда кеңінен таралуына ықпал етті. «Алланың әскері» деп аталынған түркі армиясы ислам дінін толыққанды қабылдады. Пайғамбар мен оның сахабалары ұлттық қаһарман ретінде қабылданып, хазіреті Мұхаммед, Али, Халид ибн Уалид дала халқының ауыз әдебиетінен табылады, әсіресе ХІХ ғасырдағы қазақ ауыз әдебиетін ӛз әдет-ғұрыптары мен салтдәстүрі бойынша киіз үйде ӛмір сүргендер түркі халқы деп саналды. Пұтқа табынуда кӛкке қол жеткізу аңызы кейіннен с.ғ.с. Пайғамбардың миғражында баяндалғанындай сюжеттер қалыптасты. Пайғамбар туралы исламдық әдебиет, ислам ӛкілдерінің уағыздары, халифтардың тарихына байланысты шығармалар, Газан хан (1336-1346) және Әмір Темір (1370-1405) кезеңінде Пайғамбар суреттелді. Илхандық және Тимуридтік сурет салу салты кейіннен Османдықтар діни әдебиетте де исламдық негізде енгізілді. 5. Аббасид және Саманидтердің әскери ордасындағы түркілердің кӛнеден келе жатқан әскери әдістерін және саяси құрылымдарын қолдануға мүмкіндік берді. Бірақ түркілер Таяу шығыстық теократтық билік түсінігін ешқашан қабылдамады. Олар сунни-ханефилік ағымына теріс болған барлық талаптардың енуіне жол бермеді. Саманид әскер басылары Түлүн Үгенің әрекеті Саманид Наср ибн Ахметтің батинилікке икемделуіне қарсы шықты. Ӛзбек Шайбани хан, Сафеви шах Исмайлға «сен әлемнен ӛзіңді жиырып алған бір дәруішсің» деп жазды. ХVІІ ғасырда Шығыс Түркістанда Шағатай Абдулла хан «Хазіреті Мұхаммед және Ебу Ханифе, бұл екеуі ғана емес хандар да мұсылман түркі халқы үшін ұлы тұлға санатында еді» деп атап ӛткен. Қожаларды (негізінде ӛздерін Пайғамбардан тараған ұрпақ деп санайды) мемлекетті басқару жүйесіне араластырмауға әрекет жасады. Салжұқтар «салтанаты» «хилафет» даңқын олардан сыпырып алды. 5

Қарахандық билеушілер Самарханд және Бұхараның рухани жалынды әрекеттеріне қарсы әр уақытта күрес жүргізіп отырды. Шыңғыс және Темірдің мемлекетті басқару туралы кӛне әдістерін жазған кітаптарын қайта ӛңдеп исламдық негізде «Құдатғу білік» атты еңбегін Ж. Баласағұн Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартты. Хан ғұламаның бұл еңбегі үшін Ұлы хас-хажип деген лауазым берген. Олар ӛздерінің тілін, әдебиетін, тарихын, тағы басқа ғылым салаларын зерттеуде түркі халқына ортақ болған «Құдатғу білікке» жүгінеді. Сонымен қатар тілімінің дамуына Құран аудармалары әсер еткендігі, Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде кӛрінеді. Атақты орыс ғалымы А.Н. Кононов М. Қашқаридың бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түрік тілінің мәртебесін кӛтеріп, оның араб тілінен кем түспейтіндігін дәлелдеу болды дейді. Ал екінші бір түрік тілінің маманы Н.А. Баскаков Махмуд Қашқари бұл атақты еңбегін жазуда түрік тілдерін ӛзара салыстырған зерттеушілердің кӛшбасшысы болды. Деген пікірді айтады [7, 219 б.]. Илхандықтармен қыпшақ даласына билігін құрған Жошы әулеті арасындағы күрес ХІV ғасырға дейін жалғасын тапты. Илхандық Газан ханға арнап, Бұхаралық ғалым Фыкых кітабын жазады. Онда экономика және саяси әлеуметтік жағдайға байланысты шығарылған бұйрықтар жазылған фыкых кітаптарын пайдаланды. Бұл шығарманың бір нұсқасы Лахорда, екінші бір нұсқасы Стамбулда сақталынған. Түркияда ХІV ғасырдың бірінші жартысында тек қана Шыңғыс хан жарлығын ӛңдеп, Османдық нұсқа яғни Кануни сұлтанның нұсқауымен «Осман жарғысы» жасалынды. Сонымен қатар шариғат заңдары мемлекеттік заңмен сәйкестендірілді. Мемлекет заңдары мен шариғат заңдары арасындағы қайшылықтардың себебінен күрес жылдар бойы жалғасты. Нәтижесінде Кемалистік реформаға дейін «Межелле» түрінде біріктірілген еді. 6. Бұл әрине мұсылман халқы, түркілердің жасаған жолымен жүрді деуге келмейді. Түркілердің бұған дейінгі күресінің нәтижесінде олар кӛне мемлекеттік басқару түсінігінен бас тартуына талап қойылмады. Араб алфавитімен қатар ұйғыр алфавитін қолдануға, жаназаға, сарайға және жалпы жиындарға әйелдердің баруына тиым салмады. Шариғат бойынша жеваз салығын тӛлемегендерді қинамады. Сурет ӛнерінен бас тартпады. Олар тақта отырып ішуді, әскер басылармен мейрамдар ӛткізуді саудамен айналысуды т.б. жалғастырды. Шыңғыстың шарықтауы және ұрпақтарының ислам дініндегі ханефи-суннилік ағымда жүруі, Батинилер мен Алевилердің теократтық жолға түскен бүкіл үміттерінің солуына себепші болды. Батыста Анатолия және Қырымнан шығыста Ханбалыққа дейінгі территорияда тек бір ханефи-суннилік мұсылмандық толығымен таралды. 7. Ислам тұтастығының күшеюіне түркілердің қажылық парызын орындауы ӛте пайдалы болды. ІХ-Х ғасырдың ӛзінде Түркілердің қажылық сапарының маңызды бір мәселеге айналуы жӛнінде қазіргі Дублиндегі Честер Биути кітапханасында (Chester Beatty) Ибрахим ибн Мұхаммед уль 6

Естахридің «Сувар уль-екаалум» атты еңбегінде атап ӛткен. Онда «шындығында олардың (түркі) ислам діні пайда болған жерден қашық орналасқан; бірақ қажылық сапарын жасауда басқа ұлттарға қарағанда, бірінші орында. Олар сондай халық, басқа халық олардан бұрын шӛл даланы басып ӛте алмайды, сонымен олар сияқты шӛлден бұрын шыға алмайды. Олар дала ӛміріне берік әрі тӛзімділігіне қарамастан мемлекеттік құрылымы тұрақты, тәртіпте ұстанымды, басшыларына бағынатын халық ретінде басқа халыққа қарағанда жоғары деңгейде. Сондықтан халифтардың назарын ӛздеріне аударды. Олар әскерлеріне Мауреннахрлық түркі жауынгерлерінен жасақ құрды. Сондықтан түркі қаһармандары әлемдік мәселелерді жоғары бағалағандықтан басқа қауымдардан жоғары сатыда тұрды». ХVII ғасырда Үндістанда Шаһ-Жиханның тұсында, Түркістанда Надир Мұхаммедтің тұсында Орта Азиялықтардың ең ірі қызығушылығы Дайбул (Карачи) жолымен Меккеге зияратқа бару болды. Осы екі билеушінің Жалаңтӛс Бахадур арасындағы жазысқан хаттары дәйекті дерек. Қажылық сапар болашақта мұсылмандар арасындағы байланысты дамытуға үлкен үлес қосатыны белгілі. З.У. Тоған ХХ ғасырдың бас кезінде Ислам дінінің маңыздылығын кӛрегендікпен атап ӛткен. 8. Құран Түркілердің әскери және мемлекеттік басқару жүйесін ӛзгертпестен тәжірибелерін қолданып, үстемдігін Азияның кең даласы мен таулы аймақтарына ұзақ уақыт жүргізуіне берік ықпалын тигізіп, құранның күні бүгінге дейін түркі халқы арасына сіңді. Ислам діні Сасанид, Византия және Каспий территорияларына тез тарады. Құран түркі халқының философиялық ой жүйесін және әдеби тілінің дамып қалыптасуына ӛз үлесін қосты. Түркі халқының мәдениетіне ислам діні толығымен енді. Түркі халқының кейбір кӛне әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрінің орнын басты, сонымен қатар керек емес кейбір сарқыншақтарды ұмыттырды. Түркілер Құранды ӛзінің ұлттық нақыштағы киелі кітап ретінде толығымен қабылдады. Қорытынды. Ислам діні Түркі халықтарының тӛл-тума салтдәстүрлерімен біте қайнасқан ӛркениетті ұлы халықтардың біріне айналуына үлкен үлес қосты. Әдебиеттер: 1. Togan A. Zeki Velidi. Kuran ve Turkler, Kayi Yayinlari: 3, Ahmet Sait Matbaasi, Istanbul 1971. S-65 2. Назарбаев Н. Тарихы мол Меркі ӛңірі еліміздің киелі ӛлкесі. Меркі түркілердің ежелгі мекені. Астана: 26 желтоқсан, 2010 ж. 3. Әбділдаұлы Б. «Ақ жол» газеті. Тараз: 19 қыркүйек, 2002. 6 б. 4. Али-Заде А. Хроники Мусульманских Государства. М.: Издатель Эжаев, 2007. 195 с. 5. Бегалин Қ. Ғұламдар-қылыш пен Құдай одағы, Nomad Kazakhstan, журналы, 2010ж. Афшин кӛтерілісі. 7

6. Қазақстан конфессияаралық келісім орталығы, Кітап-альбом. Астана: 2007. 96 б. 7. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. Алматы: «Кітап» баспасы, 2010. 336 б. 8